Талдықорған: +19°C
$ 470.46
€ 543.10
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«ШЕТЕЛГЕ ШЫҚПАҢЫЗ»: ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫҢЫЗ ЖАРКЕНТ-АРАСАНДА ӨТСІН

06.05.2020
КҮНДЕРЕК
"ШЕТЕЛГЕ ШЫҚПАҢЫЗ": ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫҢЫЗ ЖАРКЕНТ-АРАСАНДА ӨТСІН
WhatsAppTelegramFacebook

Жазғы демалыс уақыты жақындаған сайын әркім мүмкіндігіне қарай тау кезіп, мұхит асып, жағалаудағы сары құмда аунап қайтуды әдетке айналдырған. Бірақ қазіргі әлемді елең еткізіп, адамзат баласын дүр сілкінтіп, көпшілік орындарға бару былай тұрсын, көшеге шығудың өзі күшке айналды. Коронавирустың күннен-күнге таралуы ешкімді бейжай қалдырмай, адамдар үрей құшағында өмір сүріп жатқаны анық. Қаншама ескерту, сақтандыру шаралары қарастырылғанымен апат, ауру айтып келмейді.

Осындай қиын-қыстау кезеңде адамгершілік сезіммен бір-біріне көмектесудің орнына, жұмыртқадан жүн қырқып, пайда көзін ойлап жатқандарды көргенде қынжыласың. Жалған ақпараттарға сеніп, туыстарына хабарлама жіберіп жатқандар қаншама?! Қалай десек те сабырға келіп, бір Жаратушы Аллаға сыйынып, қоғамдық ақпарат көздерінің ескертулерін негізге алған дұрыс.

Негізгі айтпағыма оралайын. Марқұм зайыбым Кенжебала Алпысова екеуміз жыл сайын Жаркент-Арасанда демалуды әдетке айналдырып едік. Қазіргі кезде аяулы жар, балаларымның асыл анасы ерекше жан Кенжебаламен базарлы-бақытты күндеріміздің куәсі болған Жаркент-Арасанға барғанда сол бір қайталанбайтын базарлы шақ көз алдыма келеді.
Әр жылда демалуға барған сайын ол жерден жан жылуын, дертіңе дауа, ем-дом түрлерінің заманауи жабдықтармен толықтырылып, әр жақтан келген демалушылардың көңілінен шығып жатқанына риза болмасқа амалың жоқ.

Жаркент өңірі төл тарихымыздың тал бесігі десем артық айтқандық болмас. Оған көз жеткізу үшін арнайы ат басын бұрып, аралап көргенге не жетсін?!

Арасанның басшылары мәдени іс-шаралар мен табиғат аясы, тарихи орындарға баруды дұрыс жолға қоя білген. Демалушылар арасындағы талантты өнер қайраткерлерінің қатысуымен өтетін рухани кездесулер көптің қолдауына ие болғаны жаныңды жадыратады.

Осы орайда кейінгі жылдары халық арасына кең тараған «Қара жорға» биін нақышына келтіріп билеп жүрген сексеннің сеңгірінен асқан қандасымыз бидің шығу тарихын айтып беріп, көпшіліктің қызығушылығын танытты. Кешті жүргізушілірдің қойған сұрағына «Өзімді әлі де 20-30-дағы жігіттей сезінем, тоқалым да бар» деуі кеш қонақтарын бір серпілтіп тастады.

Әулиеағаш Мәдениет үйінің директоры Әділханның қоңыр даусы тыңдаушыларын тамсантты. Осындағы тағы бір ерекше үрдіс бас ғимараттың кіреберісіндегі ортаға қойылған кітап сөресі, Ондағы «Бес ғасыр жырлайды», қазақ ертегілері мен «Батырлар жыры» және қолға түсе бермейтін туындылардың тұруы өзіңізді бір ерекше мақтаныш сезімге бөлейді екен.

Бәрін айт та бірін айт, қараша айынан наурыз айының 31-жұлдызына дейінгі аралықта келушілер үшін демалу бағасының құны 15 пайыздық жеңілдікпен қарастырылуы көпбалалы аналар үшін үлкен жеңілдік болды деп ойлаймын.

Еліміздің әр түкпірінен келетін демалушыларды айтпағанда Ресей, Бурятия, Германияға көшіп кеткен қазақстандықтардың жылда келіп, демалып кетуі Арасанның жайлылығы мен баға жетпес емдік қасиетінің жаныңызға шуақ беретін нәтижесі дер едім.

Қазіргі кезде еліміз бойынша туризмді қолға алып, Бурабай, Алакөл сияқты көрікті жерімізді дамыту төңірегіндегі атқарылып жатқан ауқымды істер көңіл көншітерлік. Ал енді осы Жаркент-Арасанда жанға жайлы емдеу түрлері барлығы дерліктей қамтылған. Өз ісінің білгір, білікті маманы бас дәрігер Карл ағаның сырқатыңды дөп басып, емін айтуының өзі орны бөлек. Әсем мен Ақерке тіркеу орнындағы қарсы алуынан қазақ аруларына тән нәзік жандардың бойындағы ибалық пен қайырымдылықты байқайсыз. Жорғалап жүріп кеңес беретін Сақатай апамыз бен баяғының әжелеріндей салмақты Жанардың мейірімі жаныңды жадыратады. Бақтыгүл бастаған емшілердің сылап-сипауы денеңді сергітеді. Дене шынықтыру залындағы Салиха мен Серіктің спортсүйер қауым үшін орналастырылған жаттығу құралдарының барлық түрі дерліктей орын-орнымен қойылған.

Әлемдік деңгейдегі жарыстарға қатынасып жүрген спортшыларымыз үшін таптырмайтын орын дер едім. Өйткені, таудағы таза ауа қан түйіршіндегі гемоглобиннің қызыл түйіршіктерін көптеп түзілуіне әсер етеді. Тау арасында серуендеп, жанға жайлы шипаңызды алған соң, әрине, асқа деген тәбетіңіз аш қасқырдай болары сөзсіз. Оған бес уақыт берілетін ас мәзірі көкейіңізден шығары анық.

Ас – адамның арқауы. Қазіргі кезде жарыса жазып жатқан коронавирустан сақтанудың бірден-бір жолы тазалық пен дұрыс тамақтану екенін ескерсек, мұндағы ас мәзіріндегі ұлттық тағам түрлерінің қамтылуы соның бірден-бір дәлелі. Әсіресе қасиетті жұма күндері ет асылып, жеті шелпекке Құран оқытылуының орны ерекше. Қазақта: «Берекені көктен іздеме, ынтымағы жарасқан көптен ізде», – дейді.

Осы орайда жаз айы басталысымен шетел асып демалуды әдетке айналдырған ағайындарға дүмпуі қатты, дүниені дүр сілкіндіріп тұрған коронавирус сияқты індеттен сақтанудың бірден-бір жолы еліңдегі, туған жеріңдегі демалыс орындарынан асқан шипасы мол жерұйық-жұмақ жоқ дер едім. Соның бірден-бірі Жаркент-Арасан шипажайы екеніне өз басым сенімдімін.

Әр жыл сайын осында келіп ем алғанда көргендерімді көпшілікке жеткізудегі мақсатым – біреу біліп, біреу біле бермейтін Арасанның емдік қасиетін өздері келіп, көзімен көріп, білсе екен деген ойым еді. Менің қаламыма ілінбей қалған жақсылықтарды осында келіп демалушылардың да құптайтыны анық. Олай болса, дертке дауа, жанға шипа іздеген жазғы демалысыңыз Жаркент-Арасан шипажайында өтсін.

Еділхан ЕСКЕЛДИНОВ,

Кербұлақ аудандық кәсіподақ филиалының төрағасы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

4 гектар аумақ, 2 мың шаршы метр үй: Алагөзовтер вилласы жұртты таңғалдырды

4 гектар аумақ, 2 мың шаршы метр үй: Алагөзовтер вилласы жұртты таңғалдырды

06.04.2026
Зейнетақы мөлшері артады: 2026 жылы төлемдер қалай өзгереді?

IT мен қаржы саласы көш бастап тұр: Қай мамандықтар ең жоғары ақы алады?

06.04.2026
Қазақстан мектептерінде тамақтану қаншалықты қымбаттады

Қазақстан мектептерінде тамақтану қаншалықты қымбаттады

06.04.2026
Олжас Бектенов маңызды құжатқа қол қойды

Олжас Бектенов маңызды құжатқа қол қойды

06.04.2026
Еліміздің оңтүстігінде 100-ден астам канал автоматтандырылады

Еліміздің оңтүстігінде 100-ден астам канал автоматтандырылады

06.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.