Алматы облысында Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарының екі тұрғыны коронавирустан жазылып шықты. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігі мәлімдеді.
1993 және 1999 жылы туған пациенттер Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасынан шығарылды. COVID-19 инфекциясының бар-жоқтығын анықтау үшін қайталай жасалған талдау екеуінің де ем алғаннан кейін толық айыққанын анықтаған.
Атап өтсек, 2 мамырдағы жағдай бойынша Алматы облысында коронавирустан айыққандар саны — 12.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





