Талдықорған: +18°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

СУАРМАЛЫ АЛҚАП АУМАҒЫ ҰЛҒАЯДЫ

30.04.2020
ЭКОНОМИКА
СУАРМАЛЫ АЛҚАП АУМАҒЫ ҰЛҒАЯДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ өз Жолдауында 2030 жылға қарай суармалы жерлердің көлемін 1,5 млн. гектардан 3 млн. гектарға дейін біртіндеп ұлғайту қажеттілігін айтқан болатын. Суарылатын жерлердің ирригациялық инфрақұрылымын жаңғырту мәселесі де Үкіметтің басты назарында. Осыған байланысты қазір елде жүйелі жұмыстар жүргізіле бастады. 

Ирригациялық инфрақұрылымды дамыту мен жаңғырту жобаларын іске асыру келесі жылдың соңына дейін Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында қосымша 500 мыңдай гектар суармалы жерді пайдалануға мүмкіндік бермек. Бұған шамамен 274 млрд. теңге көзделген. Сонымен бірге 88 мыңдай жұмыс орны құрылып, соның ішінде 11 мың жұмыс орны құрылыс кезінде пайда болады. Сондай-ақ, бұл құрылыс бұйымдарын өндіру, технологиялық жабдықтар мен техниканы жеткізу бойынша аралас салалардың жұмысын жандандыруға қосымша мүмкіндік береді.    
Жалпы, Қазақстанда 2020–2021 жылдары 6 785 шақырым арна, 4 су қоймасы, 4 су торабы, 239 тік дренаж ұңғымасы және 23 мың өзге де су шаруашылығы құрылыстары қайта жаңартылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда барлығы 1,5 млн. гектар суармалы жер бар. Олардың басым бөлігі оңтүстік облыстарға тиесілі. Өткен жылы сол жерлерді суару үшін 12,3 млрд. текшеметр су жұмсалды. Бұл еліміз бойынша тұтынатын судың 67 пайызын құрайды. 
Сумен қамтамасыз етуді жақсарту және қалпына келтіру үшін Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Ақтөбе облыстары бойынша көлемі 492 мың гектар суармалы жерлерде тиісті жобалар іске асырылуда. Қазіргі таңда су қоймалары толтырылып жатыр. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында 205 шақырым арна тазаланды. Сондай-ақ, 335 гидротехникалық нысан жөнделіп, 39 шақырым арна бетонмен қапталды. 
Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазақстан суы тапшы елдердің қатарында. Пайдалануға болады деген су көлемінің азаю қаупі бар. Суармалы жерлердің көлемін ұлғайту тек су үнемдейтін технологияларды енгізу есебінен ғана мүмкін болмақ. Осы ретте тамшылатып, жаңбырлатып суару және жерді жоспарлаудың жаңа технологиялары сияқты суарудың түрлері су тұтынуды дәстүрлі суарумен салыстырғанда 33 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Суармалы жерлердің 79,2 пайызы жерүсті суарумен, 6,8 пайызы жаппай су басумен, 3,3 пайызы тамшылатып, 10,7 пайызы жаңбырлатып суарумен қамтылған. Тамшылатып, жаңбырлатып суару сияқты суарудың қазіргі заманғы әдістері тек суармалы жерлердің 14 пайызына ғана қолданылады. Сондықтан, суару кезінде ылғал үнемдейтін технологияларды қолдану үлесін арттыру өзекті мәселе болып саналады. 
Айта кетейік, соңғы елу жылда әлемде суармалы жерлердің көлемі 2,2 есеге артты. Осы жерлерде әр гектардан алынатын өнім 40 пайызға өскен. Азиялық аймақта бұл көрсеткіш елеулі көтерілді, бұған әсіресе, Қытай мен Үндістанның қосқан үлесі басым. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, 2050 жылға қарай әлемде суармалы жерлердің көлемі 6 пайызға өспек, бұл ретте суармалы жерлерде 1 гектар жердің өнімділігі 38 пайызға артады. 
Су шаруашылығы саласы, яғни, суару желілерін қайта құру жолымен суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар Жетісу жерінде де ауқымды. Мәселен, аймақта 2016 жылдан бастап суармалы желілерді қайта құру арқылы алаңы 137,8 мың гектар суармалы жерлерді қалпына келтіру бағдарламасы іске асырылуда.  Осы мақсатта облыстық бюджет есебінен 3,1 млрд. теңгеге суару желілерін қайта жаңартудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша жұмыстар басталған. Тоғыз ауданның жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Былтырдан бастап Ислам даму банкінің қаражаты есебінен Ақсу, Алакөл, Ескелді, Көксу аудандарының суару желілерін қайта жаңғырту жобалары іске асырылуда. Аталған төрт аудан бойынша барлығы 35,4 мың гектар суармалы жер қалпына келтірілетін болады. 
Коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы нысандарын күрделі жөндеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Жыл сайын су шаруашылығы нысандарын күрделі жөндеуге 1,5-2,0 млрд. теңге қаражат бөлінуде. Ағымдағы жылы 11 су шаруашылығы нысаны күрделі жөндеуден өтеді. 2028 жылға дейін суармалы жерлерді дамыту жоспарына сәйкес аймақта жаңа 81,8 мың гектар суармалы жерлерді іске қосу бойынша Ақсу, Алакөл, Балқаш, Кербұлақ, Сарқан, Кеген, Райымбек, Ұйғыр, Іле аудандары мен Қапшағайда бес жаңа су қоймасының, ирригациялық жүйелердің құрылысы, сорғы стансылары мен ұңғымалардың құрылысы және қайта жаңарту көзделуде. 
Ұйғыр ауданындағы Сұңқар және Тигермен су қоймаларын салуға техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуге облыстық бюджеттен 41,7 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бүгінде аталған ТЭН әзірлену сатысында. Бұл жұмыс жыл соңына дейін жалғасады. Ескелді ауданындағы Балықты өзенінде су қоймасы құрылысының ТЭН-ін әзірлеуге 32,5 млн. теңге бөлінді. Аталған негіздеме әзірленіп, мемлекеттік сараптама қарауында. Сарқан ауданы Басқан өзеніндегі Покатиловка су қоймасын салу мақсатында «Энергомост» ЖШС инвесторымен 128,0 млн. теңгеге ТЭН әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. 
Ақсу ауданындағы Бүйен өзеніндегі су қоймасының құрылысына  ТЭН әзірлеу үшін бастапқы деректерді жинау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні 5,9 млрд. теңгеге Ақсу ауданындағы Қызылағаш су қоймасын қалпына келтіру бойынша жұмыстар аяқталды. Суармалы алқап алаңын 6900 гектарға дейін ұлғайту үшін құны 8,5 млрд. теңге болатын суару желілерін салу бойынша ЖСҚ әзірленді. 
Ағымдағы жылы Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде республикалық бюджеттен 3,662 млрд. теңге бөлініп, Көксу бөгеті, Қаратал бөгеті, Панфилов ауданының Өсек су торабы мен Талдықорған қаласының суару желілері қайта жаңартылатын болады.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

 

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» жартылай финалда

«Жетісу» жартылай финалда

26.04.2026
Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

26.04.2026
Сән мен болмыс

Сән мен болмыс

26.04.2026
Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

26.04.2026
Болашаққа бала шақтың қандай әсері бар?

Болашаққа бала шақтың қандай әсері бар?

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.