Талдықорған: +15°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АНАЛИТИКА

Болашаққа балашақтың қандай әсері бар?

25.04.2026
АНАЛИТИКА, КҮНДЕРЕК
Болашаққа балашақтың қандай әсері бар?

Gemini

WhatsAppTelegramFacebook

«Ата-ана» дейтін жауапкершілік жүгін арқамызға артқалы баламыздың не көріп, не киіп, не жеп жүргенінің бәріне мән беретін болдық. Бұрынғыдай заман тар емес, кең. Сөре толы ойыншық, дүкендегі қызылды-жасылды тәттілер, экрандағы дүние ұл-қызымыздың дұрыс дамуына, өсіп-жетілуіне кедергі емес, керісінше пайда әкелуі керек. Оның барлығына алдымен біз жауаптымыз.

Қазіргі заманда бала тәрбиесі тек отбасы немесе мектеп қабырғасымен шектелмейді. Жаһандану дәуірінде әрбір сәбидің ең жақын досына, тіпті тәрбиешісіне айналған құдіретті күш бар. Ол – теледидар мен ғаламтордағы анимация әлемі. Енді мына қызыққа қараңыз. Оқушы мектеп табалдырығын аттағанға дейін бес мың сағатқа жуық уақытын көгілдір экран алдында өткізеді екен. Осыншама уақыт ішінде баланың көзімен көріп, көңіліне түйген дүниесі оның болашақ азаматтық болмысын, ұлттық сана-сезімін қалыптастырады. Сондықтан бүлдіршін тамашалайтын туындылар жай ғана ермек емес, мемлекеттік идеологияның ең маңызды құралына айналып отыр.

Алғашқы баламызда біраз қателік жібергеніміз рас. Ата-апасы сыйға тартқан планшетке күндіз де, түнде де тыным болмады. Алып қойсақ, үйді басына көтеріп, айғайға басады. Бастысы құлағымыз тыныш болсын деп біраз уақыт еркіндік бердік. Араға уақыт сала ұлымыздың мінез-құлқында өзгеріс пайда болып, тіпті, денсаулығына да әсер еткен екен. Екі көзінің қарашығы екі түрлі болған соң, дәрігер телефон көрсетуден мүлдем бас тартуға шақырды. Бірден тию, әрине, қиынның қиыны.

Бір бөлмелі пәтер болған соң телевизор алмай жүргенбіз. Алдымен соны әкеп, артынан планшетке ата-ана бақылауын қосып, кейіннен мүлдем тығып тастадық. Оның жады ойынға толып қалған. Санаға салмақ салатын, ол аздай улайтын атыс-шабыстың бәрін жойдық. Уақыт тәртібін орнатып, көретін нәрсесіне шектеу қойдық. Кейін дәрігер қабылдауына барғанда көзі қалпына келгенін естіп, жерден жеті қоян тапқандай қуандық.

Кінә өзімізде де бар. Қолымыз қалт етсе болды, қалта телефонға телміріп, қажетті, қажетсіз нәрселерді парақтаймыз. Инстаграм мен тикток желілері ойын-сауыққа жақын болса, фейсбук салмақты дүниелерге толы. Менің шолып шығатыным сол желі. Жақында ел ауызында екі әріппен аталып кеткен «Фб»-дан қоғам белсендісі Дина Елгезектің жазбасына оқып, ел ертеңіне алаңдататын ой түйдім. Олай болса сол жазбаны сіздер де оқып көріңіздер:

«Ресейлік «Маша и медведь» мультфильмі қазақ тіліне аударылып, теледидардан қазақ балалары мәз болып тамашалап жатыр. Ал өркениетті мемлекеттердің көбінде ресейлік «Маша и Медведь» мультфильмін балаларға көрсетуге тыйым салынған. Финляндия және Балтық елдерінің педагог мамандары түштәқай қыз Машаның аюдай атасын билеп-төстеуін баланың агрессивті мінез-құлқының қалыптасуына ықпал етеді деген қорытындыға келген. АҚШ-та «бағынбаушылықты насихаттайтын мультфильм» деп ата-аналар дау шығарды. «Баланың психикасына әсер етеді» деп Иран мультфильмды балғындарға көрсетуден бас тартты. Британдық «The Times» газетінде «Маша и медведь – тайное оружие Кремля» деген мақала шығып, Энтони Глиз деген Букингем университетінің профессоры мултфильмде ресейлік пропаганда мен «жұмсақ күштің» элементтері бар деп мәлімдегені естеріңізде шығар. Осындай дүдәмәл репутациясы бар мультфильмды қазақ тіліне аударып, қазақ балалар контентіне ұсынуға нендей қажеттілік болды? Сонсоң, былтыр «Менің атым Қожа» фильмі қайта экранизациялаған кезде көк галстук тағынған қазақтың тәуелсіз елінің Қожасы қайта шығарылған шығар деп үміттенген едім. Фильмды жуырда көріп шықтым. Сөйтсем, сол баяғы қызыл галстук тағынған советтік пионер Қожаның образы қайта сомдалыпты. Сол оқиға, сол образ, сол советтік идеология, драматургиясы да сол қалпы. Пәлендей өзгеріс жоқ.  Шынымды айтсам, маған жаңа Қожадан гөрі сол баяғы Қожа сүйкімдірек көрінді. Ешқандай өзгерісі жоқ фильмды қайта түсіртуге не түрткі болды?»

«Менің атым Қожа», «Көксерек», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» сынды туындыларды көріп, өскен ұрпақтың қатарынанбыз. Ал бүгінгілер ше? Маша мен Аю, Никита мен Влад тамашалап, ол аздай «Free Fire» сынды ойынға құмартады. «YouTube»-ты ақтарсаң қазақша контен аз, орыс, ағылшын тілінде қаптап тұр. Сондықтан шығар көп ата-ата «баламыздың тілі шықпай жатыр», шықса да «алдымен орысша сөйлейді, ағылшынша санайды» деп логопед есігін торуылдап жүргені. Біздің бала да «Маша и Медведь» мультфильмін сүйіп көреді. Қазақшасы шыққана қуанғанымыз рас, бірақ мына жазбадан соң кәдімгідей ой үстінде қалдым. «Баламның «Балапан» қызық емес» деген сөзіне қарамай, сол арнаны қосып қоямын. Қазақша аударма кино мен мультфильмді онлайн көрсететін платформа KazPlay-дың жазылымын сатып алдық. Қазір, шүкір, қазақша санап, біз айта бермейтін кейбір сөздерді өз ана тілімізде жеткізеді.

Осы орайда өзі де немере тәрбиелеп, ұлттық рухты бойларына сіңірту жолында тер төгіп жүрген аға әріптестен пікір алдық. Қазақстанның құрметті журналисі Жұмахмет Жайлаубаев:

– 1964 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, бүкілодақтық  телеарнада кешкі уақытта балалардың бесік жырындай болып «Спокойной ночи, малыши!»  деген хабар жүрді. Басты кейіпкері (хрюша) шошқаның торапайы мен (степаша) көшедегі көп сабалақ иттің күшігі болды. Міне, осындай ит пен шошқа бесігін тербеткен ұрпақ арақты атасының асындай ішіп, шошқадай қорсылдап, иттей ырылдасып кетті. Бізге жат дүние санамызға осылай әсер етті. Ал бүгін бүлдіршіндерге не көрсетіп, бесігін кімге тербеткізіп жүрміз. Айтсаң аңыздай, естісең ертегідей болған ұлттық тәрбиемізді мультфильмдер арқылы сәбилердің санасына сіңіріп жүрміз бе? Өз басым ондай ерекшеліктерін байқамадым. Көп жағдайда шет ел өнімдерін қазақ тіліне аударып ,сол елдің идеологиясын насихаттап жатырмыз. Олар өз елдерінде сан мәрте қайталап көрсетсе де өз өнімдерін тегін бермейтіні белгілі. Аудару үшін де қыруар қаржы жұмсалады.  Түк жоқ деп түңілуге де болмас. Бар, бірақ аз. Көш жүре түзеледі деп дәметуге болады, алайда түзелемін дегеніңді бүлдіршіндер де, басқа ел де күтіп отырмайды. Сондықтанда мультфильм деген балаларды алдарқататын дүние емес тәрбие құралы деп қарау керек, – деп ой қосты.

Шетелдік өнімдердің бала психологиясына әсері өте зор. Бүгінгінде балалардың басым көпшілігі «Өрмекші адам», «Ниндзя-тасбақа» немесе басқа да құбыжық бейнесіндегі кейіпкерлерге еліктеп өсіп келеді. Күн ұзаққа мән-мағынасы кем, атыс-шабысқа толы немесе шетелдік менталитетті дәріптейтін бейнероликтерді көру арқылы жас ұрпақ өз ұлтының құндылықтарынан алшақтай бастайды. Сонымен қатар, қатыгездікке толы туындыларда кейіпкерлер ешқандай жазаланбайды, ал сәби санасында «солай жасауға болады екен» деген қате түсінік қалыптасады. Мұндай мультфильмдер баланың психологиясына кері әсерін тигізеді

Журналист Аида Әбіл: «Америкалық зерттеушілердің мәліметіне сүйенсек, әр бала шамамен өз уақытының 30 пайызын экран алдында өткізеді. Бала мектепке барғанша 5 мың сағат, мектеп бітіргенге дейін 19 мың сағат теледидар алдында отыратыны дәлелденген», – деді.

Телеарна мен ғаламтор желісі арқылы таралатын жат елдік туындылар ешбір қарусыз-ақ сананы жаулап алатын орасан зор күшке ие.

«Адам баласының санасы сәби кезінен қалыптасады. Егер оны сәби кезінен, балабақшалардан бастап ең алдымен өз ұлтын, өз тілін, өз мәдениетін, ата-дәстүрін киелеуге үйретпесек, кейін оның санасы қасаң тартып, өмір бойы өз ұлтына бүйрегі бұрмай, икемге келместен кетуі де мүмкін», – деген жазушы, сыншы Мырзан Кенжебай жат елдік идеологияның қаупі туралы: «Олар бірден сәбилеріміздің санасын орыс тіліндегі мультфильмдер арқылы-ақ жаулап алуға кірісіп, онысын Қазақстанда үлкен табыспен орындап та шықты», – деді.

Осындай қатердің алдын алудың жалғыз жолы – сапалы, ұлттық рухтағы қазақша мультфильмдер өндірісін дамыту. Қазақ анимациясы креативті индустрияның ажырамас бөлігі ретінде дәстүрлі мәдениет элементтері мен заманауи визуалды технологияларды ұштастыра отырып, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ерекше орын алады. Сонымен қатар, анимациялық туындылардың мемлекеттік тілді үйретудегі таптырмас құрал.

Ғалымдар Оңласын Бөрібеков пен Серік Нұрмұратов анимация өнері жай ғана ермек емес екенін алға тартты. Олардың пайымдауынша: «Анимация өнері қазіргі визуалды мәдениетте кең ауқымда көрініс тауып қана қоймай, ұлттық-мәдени бірегейлікті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады».

Елімізде отандық анимация саласы біртіндеп жаңғырып келеді. Қазақ мультипликациясының атасы Әмен Хайдар негізін қалаған «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» туындысынан басталған даңқты жол бүгінде жаңаша сипатқа ие болды.

Заманауи студиялар ұлттық айдентиканы халықаралық стандарттарға сай етіп ұсынуда үлкен еңбек сіңіріп жатыр. Мәселен, тек қыздардан құралған «Tasqyn Studio» ұжымы қазақ тілі мен мәдениетін дәріптеуді басты мақсат етіп қойған. Студия басшылары Мадина Сүтбаева, Әйгерім Әбдіраманова және Еркежан Бекжігітова анимацияның өте қымбат әрі күрделі сала екенін айтты. Олардың пікірінше, анимацияның басты ерекшелігі – автордың өмірлік тәжірибесі мен мәдениетін баяндау тәсілінде. Студия мамандары қазақ балаларының сапалы, ана тіліндегі мультфильмдерді таңдау мүмкіндігі болуы үшін кәсіби аудармашылармен, редакторлармен тығыз жұмыс істейді.

Ұлттық контенттің қаншалықты қажет екенін түсіну қиын емес. Бала экраннан көргенін өмірде қайталайды. Егер ол экраннан әділдікті, батырлықты, үлкенге құрметті, кішіге ізетті көрсе, дәл сондай болуға талпынады. Анимация – жәй ғана суреттердің қозғалысы емес, ол – экономиканың қозғалтқышы, технологияның катализаторы әрі шетелдік жұмсақ күшпен бәсекелесе алатын мықты қару. Дамыған мемлекеттер өздерінің тарихы мен болмысын дәл осы анимация арқылы әлемге паш етіп отыр.

Біз де өз ертегілеріміздегі Таусоғар, Көлтауысар, Желаяқ сияқты алыптарды, Алпамыс пен Қобыландыдай батырларды қазіргі заман баласының сүйікті кейіпкеріне айналдыруымыз шарт. Өз перзентіңіздің санасы уланбасын, қазақи ділінен ажырамасын десеңіз, оның не көріп отырғанына қатаң бақылау жасаңыз. Ресейлік «Маша мен Аю», мағынасыз айқай-шуға толы «Влад пен Никита» немесе басқа да шетелдік туындылардың орнын басатын, сапасы жағынан еш кем түспейтін тамаша отандық өнімдеріміз баршылық. Ендігі кезекте балаңызға міндетті түрде ұсынуға тиіс танымдық әрі қызықты қазақша мультфильмдер топтамасына назар аударыңыз:

«Күншіктер» және «Бес Тәй-Тәй» – кішкентай көрермендерге арналған, қазақ тілінің байлығы мен ұлттық құндылықтарды бала ұғымына сай жеткізетін заманауи мультсериалдар. Тілі жатық, суреттері көз тартады. «Дәрігер Дана» – кішкентай ғана ақылды қыздың өз ойыншықтарын «емдеус» арқылы балаларға тазалықты, дұрыс тамақтануды және денсаулық күтімін үйрететін ғажап туынды.

Блогерлердің мағынасыз іс-әрекетінің орнына, сәбиіңіз күнделікті өмірге қажетті пайдалы дағдыларды үйренеді. «Тоқты мен Серке» – ауыл өмірін, әже мен атаға деген қамқорлықты, үй жануарларының қызықты оқиғаларын баяндайтын, балаға жылылық сыйлайтын сериал. «Айдар» және «Жібек» – шетелдік суперқаһармандардың орнын толықтай баса алатын жобалар. Айдар – сиқырлы тұмар арқылы жерасты патшалығының зұлым күштерімен күресетін қазақ баласы болса, Жібек – ғарыштан келген тастың күшімен әлемді зұлымдықтан құтқаратын батыл қыз. «Мұзбалақ» пен «Күлтегін» – тарихи сананы оятып, елін қорғаған батырлардың ерлігін насихаттайтын толықметражды фильмдер. «Қобыланды» және «Алпамыс» – эпостық жырлардың желісімен жасалған, қазіргі балалардың талғамына сай бейімделген, батырлыққа, әділдікке үндейтін мультсериалдар. «Алдар Көсенің көңілді оқиғалары» – ақыл-ой мен тапқырлықтың арқасында жамандықты жеңуге болатынын дәлелдейтін классикалық үлгідегі тартымды сериал.

Балаңыздың көретін әрбір кадры оның болашағына салынған баға жетпес инвестиция. Теледидар мен смартфонды тек уақыт өткізу құралына емес, ұлттық тәрбиешіге айналды. Отандық контентке қолдау көрсету арқылы ғана біз ұрпағымыздың бойына қазақи болмысты, тектілікті сіңіре аламыз. Экрандағы қазақша сөз сәбидің жүрегіне жетіп, ертеңгі күні елін сүйген нағыз патриоттың өсіп жетілуіне қызмет ететініне сеніңіз.

Қазақша дүние жоқ емес, басқалармен салыстырғанда аз шығар. Болашақ үшін балаларымыз жалықпай көретін, көріп қана қоймай тәлім-тәрбие сіңіретін туындылардың көбеюін тілейміз. Өзім де қызығып тамашалаған мультфильмдерді осында тізе кетейін. Керек деп тапқан адам түртіп алар. Жоғарыдағы тізімге енбей қалғандар болса осы. «Толағай», «Маймақ», «Шоқан. Қашқария сапары», «Қазақ елі», «Темір мен айдаһар», «Аққұс», «Мейірімді», дубляж жасалған «Ойжұмбақ» мультфильмдері қызық болып шыққан. Дей тұрғанмен біз сөз еткен Маша мен аю сияқты көп сериалды баланы жалықтармай, баурап алатын туындылар дәл қазір ауадай қажет-ақ.

Мәулен Әнербай

Қатысты жаңалықтар

Болашаққа балашақтың қандай әсері бар?

Болашаққа балашақтың қандай әсері бар?

25.04.2026
РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

25.04.2026
Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026
Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.