Талдықорған: +21°C
$ 490.21
€ 566.93
₽ 6.81
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ ЗАҢ МЕН ТӘРТІП

Әділ сайлау өтті

09.06.2026
ЗАҢ МЕН ТӘРТІП
Әділ сайлау өтті
WhatsAppTelegramFacebook

Заң мен тәртіп талаптарын бұлжытпай сақтауды мақсат етіп отырған қоғамда азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғауға баса мән беріледі. Бұл орайда нақ осы мәселемен айналысатын нотариустардың жұмысы айрықша маңызға ие. Олай дейтініміз, меншік құқығын нақтылау қажет болғанда немесе сотта әлдебір дау туындай қалған жағдайда нотариат куәландырған құжаттар мүдделі тарапқа өз құқықтарын дәлелдеуді өлшеусіз жеңілдетеді. Басқа сөзбен айтқанда, нотариус ресми түрде растаған құжаттардың мазмұны толықтай дерлік даусыз ақиқат саналады. Бұл өз кезегінде нотариустерден де терең білім мен жоғары біліктілікті қажет етеді. 

Осы жайттарды басшылыққа алған Жетісу облыстық нотариаттық палатасы аталған бағыттағы жұмыстарды талап деңгейінде ұйымдастырып, жүргізуге күш салып келеді. Бұл жұмыстардың жай-жапсары Талдықорғандағы Достық үйінде өткен есеп беру мен сайлау жиынында жан-жақты баяндалды.

Палатаның өз алдына отау құрып, бөлініп шыққанына 4 жылдың жүзі болды. Осы уақыт ішінде атқарылған жұмыстар жайын облыстық нотариаттық палатасының төрағасы Арман Бекішбаев баяндады.

– Бөлініп шыққан кезімізде алдымызда жемісті жұмыс істейтін кәсіби ұйым құрып, нотариалдық қауымның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, бір мезгілде мемлекеттік органдармен, соттар мен құқыққорғау құрылымдарымен және өңір тұрғындарымен тиімді қарым-қатынас орнату сияқты маңызды міндеттер тұрды, – деп бастады сөзін Арман Сейітжапарұлы. – Осы уақыт аралығында палата басқармасының 27 мәжілісі мен облыс нотариустерінің 17 жалпы жиналысы өтіп, онда нотариаттық қызметтің өзекті мәселелері мен Нотариат туралы заңнаманы жетілдіру, көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және нотариалдық қауымдастықты дамыту мәселелері қаралды.

Баяндамашының айтуынша, өткен кезеңде палата төрағасы мен жауапты нотариустердің, палата қызметкерлерінің қатысуымен Талдықорған қаласының, облыс аудандары нотариустерімен көшпелі жұмыс кездесулері өткізілген. Палатаның ұйымдастыруымен, облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалы, Талдықорған қалалық жер қатынастары бөлімі қызметкерлерінің және облыс нотариустерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, аталған шара барысында да қызмет көрсету кезінде тілдік кемсітушілікке жол бермеу, мемлекеттік тілде сапалы қызмет көрсету, азаматтар құқықтарын бұзудың алдын алу жөніндегі шараларды жетілдіру жайттары қаралған. Нотариат беделін нығайту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары, теледидар мен әлеуметтік жобалар арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілген.

Есеп беру кезеңінде облыс нотариустері 321738 нотариалдық іс-әрекет жасап, мемлекет бюджетіне 207 миллион теңге салық төлеген. Нотариалдық іс-әрекеттерді атқару кезінде ондаған мың азаматқа жеңілдік жасалып, төлемнен босатылған.

Өткен есеп беру кезеңінде есепшоттағы қаражат тиімді пайдаланылып, 22 миллион теңге үнемделген. Аталған қаражат алдағы уақытта күмәнді жобаларға емес, жалпы нотариалдық қауымдастықтың мүдделеріне жұмсалмақ.

Арман Сейітжапарұлы есеп беру барысында нотариустердің кәсіби деңгейін көтеріп, бір мезгілде тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында атқарылған жұмыстарды да атай кетті. Нақтырақ айтатын болсақ, нотариустер қауымы Әділет министрлігі мен прокуратура органдары ұйымдастыратын «Халықтық заңгер» республикалық акциясына белсене қатысып, тұрғындарға тегін заңгерлік көмек көрсеткен. Бұл орайдағы жұмыстар палатаның өз бастамасымен өткізілетін «Ашық есік күндерінде» де жүйелі жалғасын тапқан.

Облыс нотариустері түрлі әлеуметтік жобалар мен қайырымдылық шараларының да бел ортасынан табылады. Нақты айтатын болсақ, есеп беріліп отырған кезеңде жалпы сомасы 1,5 млн. теңгеден асатын қаражат қайырымдылық шараларына жұмсалған.

Қоғамға аса қажет мамандық иелері қоғамдық жұмыстармен қатар түрлі спорттық шараларға да белсене қатысады. Облыс нотариустерінің ерен еңбектері мен кәсіби жетістіктері Әділет министрлігі мен әділет департаменті, республикалық нотариаттық палата, облыс, қала әкімдіктері мен мәслихаттары басшыларының медальдері, Алғыс хаттары мен Мақтау грамоталарымен атап өтілген.

Облыстық нотариаттық палата төрағасының есебінен кейін бақылау-тексеру мен тәртіптік, эксперттік комиссиялары жетекшілерінің есептері тыңдалып, бекітілді. Бұдан кейінгі жерде болашақ жұмыс барысын айқындайтын басты мәселе – облыстық нотариаттық палата төрағасын сайлау мәселесіне кезек берілді.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заң талаптары коммерциялық емес ұйымдардың, соның ішінде нотариаттық палатаның басшыларын сайлау жайын қарастырмайды. «Нотариат туралы» Заңға келетін болсақ, онда Төрағаның жалпы жиналыста жасырын дауыспен төрт жыл мерзімге сайланатыны, лауазымды бір адамның қатарынан екі мерзімнен астам уақыт атқара алмайтыны айқындалған. Сайлау барысында бұл талаптар қатаң сақталып, нотариустер қауымы екі үміткердің сайлауалды бағдарламаларына құлақ түрді. Нақты айтатын болсақ, үміткер Асқарбек Досымбекұлы Бекбосынов пен облыстық палата төрағасының қызметін осы уақытқа дейін атқарып келген Арман Сейітжапарұлы Бекішбаевтың алдағы жоспарлары тыңдалды. Қатысушылар тарапынан нақты сұрақтар қойылып, үміткерлердің нотариустер үшін өзекті есептелетін бірқатар мәселелерді шешу жөніндегі пікірлері айқындалды.

Сайлауда демократиялық талаптар қатаң сақталды. Бюллетеньдердің әрқайсына екі үміткердің қолдары қойылып, дауыс берушілерге тізім бойынша табысталды. Олар арнайы орында өз қалаулыларын белгілеген соң көпшіліктің көз алдарында тұрған, мөр басылған жәшікке салып, таңдауларын жасады. Дауыс беру аяқталған соң есеп комиссиясының мүшелері іске кірісіп, әр үміткерге берілген дауысты мұқият санап шықты. Бұл санақ та көпшіліктің көз алдарында жасалды.

Сайлау қорытындысы бойынша басым дауысқа ие болған Арман Бекішбаев жеңімпаз деп танылып, екінші 4 жылдық мерзімге төрағалық қызметіне кірісті. Дауыс берудің барынша әділ, демократия талаптарына сай өткеніне күмәні қалмаған үміткер Асқарбек Бекбосынов басым дауысқа ие болған әріптесінің қолын алып, жеңісімен құттықтады. Осылайша заңның әрбір нүктесін бұлжытпай сақтауға міндеттенген нотариустер қауымы өздерінің бұл принципке қай кезде де адал екендіктерін іс жүзінде тағы бір рет дәлелдеді.

Нүсіпбай ӘБДІРАХЫМ
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

Қатысты жаңалықтар

Бішкек сапары: Қырғызстандағы поэзия фестивалі

Бішкек сапары: Қырғызстандағы поэзия фестивалі

09.06.2026
Талдықорғанда сарбаздың қазасына кінәлі офицер сотталды

Талдықорғанда сарбаздың қазасына кінәлі офицер сотталды

09.06.2026
Талдықорғанда туған қызына қатыгездік көрсеткен әке түрмеге қамалды

Талдықорғанда туған қызына қатыгездік көрсеткен әке түрмеге қамалды

09.06.2026
Әділ сайлау өтті

Әділ сайлау өтті

09.06.2026
Энергетика министрлігі мен Shell Қазақстан жер қойнауын зерделеу бойынша пилоттық ІТ-жобаны іске қосады

Энергетика министрлігі мен Shell Қазақстан жер қойнауын зерделеу бойынша пилоттық ІТ-жобаны іске қосады

09.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.