Талдықорған: -3°C
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

«БАСЫНА СУ ҚҰЙЫП, ҚАЙТЫП КЕЛЕТІН»: ЛУДОМАНИЯНЫҢ ЕМІ БАР МА?

27.04.2020
ҰЛТ ҰЯТЫ
"БАСЫНА СУ ҚҰЙЫП, ҚАЙТЫП КЕЛЕТІН": ЛУДОМАНИЯНЫҢ ЕМІ БАР МА?
WhatsAppTelegramFacebook

Лудомания, гемблинг, игромания, құмар ойын әуестігі, құмар ойыншы – мұның барлығы әлем бойынша жайылып келе жатқан дерт атауы. Осындай аса қатерлі дертті естуіңіз бар ма? Тәніңіз ауырып, жаныңыз жапа шекпесе де санаңызды улап, айрандай ұйып отырған отбасыны тас-талқан етуге құдіреті жетеді. Мейлі, отбасылы болмаса да, «бойдақпын» деп алшаң басқанның да тұмсығын тасқа тигізген.

Игромания – ол құмар ойынға деген тәуелдік. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл ойындардың психикалық ауытқуға әкеп соқтыратынын мәлімдеп, адам денсаулығына аса қауіпті сырқат қатарына жатқызып, дабыл қаққан-ды. Ол ресми түрде психикалық ауытқу ретінде танылып, алкоголизм, наркомания, токсикомания сынды дертпен пара-пар. Десе де, спорттық бәсекеге бәс тігіп, рулетка, карта ойнап, лотерея билеттерін сатып алатын әрбір адам лудоман болып саналмайды. Бірақ кез келген сәтте тоқтамаса соңы дертке ұласуы мүмкін.

Соған қарамастан тәуліктеп букмекерлік кеңселерді торуылдаған жастарға тосқауыл боларлық күштің жоқтығы қынжылтады. Тіпті, технологияның дамуымен казиноға бару немесе ойын автоматтарын іздеуге деген сұраныс жоқ. Өйткені, қазір телефон арқылы да лудомания атты тұзақтан шыға алмай жүр. Желіден керегіңді іздеп, тіпті, кино көрейін десең де, «Интернет арқылы бәс», «Интернет казино» деген жарнама алдыңнан атып шығады. Көрмейін десең фильмің қосылмайды.

Телефон немесе интернетке кіретін трафик болмаса да, түнімен істейтін букмекерлік орталықтар бар. Қазіргі төтенше жағдай уақытында жұмыстары тыйылып, тоқтап қалды демесеңіз, Талдықорған қаласының бір өзінде спортқа бәс тігуге арналған 14 мекемені таба аласыз. Бұл бәлекеттен алыс адамдарға лудомания болмашы дүниедей көрінуі мүмкін. Десе де, құмар ойындарға құмарлықтан шаңырақ та шайқалып жатыр. Саны күннен күнге көбеймесе, азаяр емес.

Бүгінде ұстаз ретінде оқушыларға білім нәрін сусындатып жүрген Жаннұр есімді кейіпкеріміздің бұрынғы жолдасы игромандар қатарын толықтырған екен.

— Таныстығымыздың алғашқы күнінде мен оның құмар ойынға жақындығы, тәуелдігі барынан бейхабар болдым. Ол өзінің лудоман, игроман екенін жасырды. Бірінші танысқанымызда Жұма намазына кіріп-шығайын дегені әлі есімде. Ата-анасымен таныстырғанда да шариғат жолымен жүретін, намазын қаза қылмайтын жандар екені көрініп тұрды. Ата-анама осындай құда-құдағи мен күйеубала болса екен деп армандайтынмын. Сол арманның жетегінде кетіп, қалай алданғанымды да білмей қалдым, – деген кейіпкеріміз ерлі-зайыпты ретіндегі алғашқы апталарында жолдасының өтірігі сыртқа шыға бастағанын жеткізді. Уақыт өте келе Жаннұр Құдай қосқан қосағының үйге кеш қайтатынын, орнында тұрған ақша мен алтындардың шетінен жоғала бастағанын байқайды.

– Тіпті, ата-анасына Жаннұрдың оқуына, дипломына, сессиясына керек деп ақша сұрататын болды. Маған айтпай ата-анасынан қаражат алып жүргенін біліп, менің оқуыма қажет еместігін ақырын айтуға тырыстым. Балалы болған соң бәрі өзгерер деген пікірде жүрдім. Осы ойыма сендім. Құдайға шүкір, ұлымыз аман-есен дүниеге келді. Ана болғаныма бақыттан басым айналып жүрдім. Бірақ… Лудоман жолдасым әлі өзгермеді, өзгеретін түрі де жоқ сияқты. Ол жалынып-жалбарынғаныма да, жылаған балаға да қарамай, үйдегі бар ақшаны, алтындарды алып кетіп, басына су құйып қайтып келетін. Бір күні ұялы телефонымды да тартып алып, карта ойынына бәске қойып, ұтылып келді. Қайда болғанын сұраймын деп басым бәлеге қалып, көк ала қойдай таяқ жедім, – деп әңгімесін жалғаған Жаннұр 2 жылдан аса уақыт төзіп келгенін айтты. Өйткені, олардың Алла алдында ақ некесі қиылған, ол қанша жерден игроман болса да, оның Құдай қосқан қосағы еді.

Терең ой үстіндегі үнсіздікті үстел бетіне тамған Жаннұрдың көз жасы бұзды. «Бір уақытта бұл дертпен күресу мүмкін еместігін түсіндім. Сол кезде көну не болмаса одан кету деген екі таңдау тұрды алдымда. Шырылдаған балама қарадым да, мұның ары қарай жалғаса беруге болмайтынын түсіндім. Бар киімімді жинап, үйден кетіп қалдым. Ертеңінде сотқа барып, заңды түрде ажырасуға өтініш өткіздім. Жарты жыл дегенде ажырастық. Бүгінді ұлымның тәтті қылығы жаныма түскен жарамның емі», – деп әңгімесін аяқтады кейіпкеріміз.

Құмар ойыншы өзіне, айналасындағыларға ғана емес, мүлде бейтаныс жандарға да кесірін тигізеді. Көңіл-күйінің тез құбылмалылығы мен өзін-өзі ұстай алмауынан кез келгенге қол көтеріп, дөрекі сөйлеп, жеңілісінің өшін алуы мүмкін. Кейде ішімдікпен басып жатады.

«Игромания» диагнозын адамға қою үшін бірнеше белгілері сәйкес келуі керек екен. Бұл туралы психолог Алтын Науқанова баяндады. Оның айтуынша, қанағаттанбаушылық, жалғыздық, жұмыс істемей байып кету және психикалық дертке жақындығы бар адамдар «лудоман» қатарын толтыруы бек мүмкін.

– Адам құмар ойынға тәуелді болмас бұрын бірнеше кезеңнен өтеді. Бастапқы кезең – жеңіс фазасы. Бұл кезде бірнеше рет асығы алшысынан түсіп, оңай олжалы болу деген ой-санасын жаулап алады. Жеңіс фазасында бәс құны аз болғанымен ойынға жұмсайтын ақша мен уақыт жылдам өсе бастайды. Бұл жеңіліс фазасына әкеліп соғады. Онда қомақты қаржы «конға» қойылып, лудоман қарызға, несиеге ақша алады. Ақыр соңында белшесінен қарызға батып, жұмысынан да айырылады. Мұның барлығы көңілсіздік фазасына келіп тіреліп, туған-туыстармен қарым-қатынасы нашарлап, отбасынан айырылады. Ойынға құмарлығы тоқтамаса, қылмыстық жолмен қаражат табу схемасы ойластырыла бастайды. Дер уақытында ем-дом шараларын бастамаса, дерт соңғы кезеңге жетеді. Яғни, шарасыздық фазасында науқас алкоголизм, наркомания дертін қосып қана қоймай, қамаққа алынып, өзіне-өзі қол жұмсайтындай халге жетеді, – деген психологтың айтуынша, лудоманияны емдеудің негізгі тәсілі – психотерапиялық методика.

Науқастың емделіп шығамын деген ұмтылысы мен келісімі аса маңызды. Емдеу кезеңі қиын әрі көп уақытты талап етеді. Бойынан бірінші фазаның белгілерін байқаған адамға көмек пен қолдау қажет. Өйткені, білікті психолог пен психотерапевтке жолығып, топтық психотерапияға сеанстарына барған уақытта ғана нәтижеге қол жеткізеді екен.

Ата-бабамыз «Ойынға ойсыз құмар» деп дөп басып айтқан. Тарихқа үңілсек, құмар ойнау деген ұғым қазақ танымында болған емес. Тіпті, дінімізде де бәс тігуді құп көрмейді. Қазақ тілсіз жау деп өрт пен суды атаса, бүгінгі қоғам бейнесіне қарап, өз тұжырымымызда үшінші жау ретінде «Лудомания» дертін де қосуға болады. Бұл дерттің өрттен несі кем? Үнсіз келіп адами құндылықты өрттей жалмап, талай жастың ғұмырын жалындай шарпиды. Сондықтан, бәс тігіп бас қатырмауға тырысайық, оқырман!

Еңлік ҚАБДЕШ

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституцияның жобасын талқылауда

Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституцияның жобасын талқылауда

04.02.2026
«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады

«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады

04.02.2026
Аида Балаева: Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын.

Аида Балаева: Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын.

04.02.2026
Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

04.02.2026
Жаңа Ата Заң жобасы несімен ерекше?

Жаңа Ата Заң жобасы несімен ерекше?

04.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.