Талдықорған: +14°C
$ 478.77
€ 548.62
₽ 5.87
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

«ҮШ ГҮЛ — ҮШ ҚАБІР»: БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА БҰЛ ЖАЙТТЫ ҚАЛАЙ ТҮСІНДІРЕМІЗ?

21.04.2020
ҰЛТ ҰЯТЫ
"ҮШ ГҮЛ - ҮШ ҚАБІР": БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА БҰЛ ЖАЙТТЫ ҚАЛАЙ ТҮСІНДІРЕМІЗ?
WhatsAppTelegramFacebook

«Гүл өссе – жердің көркі, қыз өссе – елдің көркі», – деген тәмсілді құлағымызға сіңіріп өскеніміз жасырын емес. Бір үйдің, бір әулеттің емес, тұтас бір елдің, керек десеңіз жұмыр жердің көркіне теңелген нәзік жандардың бүгінгі халі көңіл алаңдата бастады. Бір кездері ерін ардақтап, аруын алақанына салып аялаған ата ұрпағымыз деп кеуде кере алмайтын пұшайман күйге түстік.

Жо-жоқ, кешіріңіз, қазір де алақанда жүргендер жеткілікті. Тек аялы емес, ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайтын, қадір-қасиеттен жұрдай бос кеуделер көбейгендей. Мұндай мұңды көрініске жеткізген шаңырақтың тіреуі – ерлер ме? Әлде отбасының ұйытқысы – әйелдердің де кінәсі бар ма? Жанымызда болып жатқан жүрек ауыртар жағдайлар, ортамыздан шыққан сұмдық оқиғалар осы сұраққа еріксіз жауап іздетті.

Айрандай ұйып, мәре-сәре болып отырған отбасын көру қандай бақыт! Арқасүйер азаматына сызыла еркелеп отырған жарын, бұзық та болса жүгіріп жүрген бүлдіршіндерді елестетіңізші.

Керемет иә? Біреуге бұйырған, біреуге бұйырмаған бақыт бұл. Не де болса, көтерілген шаңырақтың ойранын шығармай, биіктету келешек жастардың қолында дейміз. Жас та болса, барын салып, тыраштанып еңбек етіп жүрген жанды көрсең, өзің де марқайып қаласың. Ал тапқанын жарына ұстатпай, жарын бағына ұқсатпай жүрген ерлерді көргенде не дейсіз?

Өкінерлігі де сол, қоғамда сол типтегі жандар қарасы көптеп барады. Әйелін ұрып-соғу, көшенің ортасында тепкіге жығу сынды жауыздық әрекеттерді көре тұра, жазалай алмаймыз. Неге? Себебі, әйел — оныкі. Ал сіз оған ешкім емессіз. Қорқыныштысы, мұндай әрекеттер қоғамға таңсық емес, мән де бермейді қазір. Мұндайда заң ғана үстемдік құрары анық. Бұған дейін Қылмыстық кодексте тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін 45-тен 60 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған еді. Кейін Әкімшілік кодекс бойынша әйелін ұрған ер адам 15 тәулікке дейін қамалуы мүмкін екендігі айтылды. Ұрып-соғу мен денсаулыққа зақым келтіргені үшін тағайындалатын айыппұл көлемі тағы бар. Бірақ алаң көңіл әлі басылған жоқ. Заң жұмсақ па, замана ағымы солай ма, әлде сіз бен біз бейқамбыз ба, адамдардың ар-намысы аяққа тапталып жатыр, отбасылық ойранның соңы да көрінер емес.

Ал әйелін, өмірлік жарын ғана емес, өзегін жарып шыққан қос перзентін өртке ораған күні кешегі Орал аймағындағы айуандыққа қоғам қалай қарады? Сылдырлаған әр ыдысқа жұдырық ала жүгірген әлгі бір ез қазір көкке ұшқан күлді көруге құмар сияқты. Ұлтымыздың үш гүлі үш қабірге айналды. Ақты төккізбей, малды тепкізбей өсірген ата ұрпағы әйел затының малдық құны жоқ екенін дәлелдеп отыр.

Ұят-ай. Болашақ ұрпақтың алдында ұяттымыз. Оларға мұны қалай түсіндіреміз?! Той болса, ащы суға мастанып, ауыздары былапыт сөзбен ластанып жүрген емес, баласы отау құрса қуанып, перзент сүйсе қуанышы еселенер жандардың бірі едік. Осынша өзгеруімізге не түрткі болды?

PS: Алақан жайып, Алладан сәби сұраған жандар қаншама?! Қос бірдей перзентті сусыз өсер арам шөп құрлы көрмеген жауыз әкені қара жер қалай ғана көтеріп тұр десеңізші?! Өмір қандай қатал еді.

Жансая ҚАБДЕН

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Тыйымның да терең мәні бар…

Тыйымның да терең мәні бар…

31.03.2026
Жастарға арналған кеңес беру пунктінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді

Жастарға арналған кеңес беру пунктінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді

31.03.2026
Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

31.03.2026
Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды

Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды

31.03.2026
Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің кешенді жоспарын бекітті

Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің кешенді жоспарын бекітті

31.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.