Талдықорған: +27°C
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«КӨРІНБЕЙТІН ЖАУ»: КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛҒАН САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ СҰХБАТ БЕРДІ

14.04.2020
КҮНДЕРЕК
"КӨРІНБЕЙТІН ЖАУ": КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛҒАН САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ СҰХБАТ БЕРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Еңбекшіқазақ ауданындағы тоғыз науқас оның алдында вирус жұқтырған адамның туысқандары болып шықты. Шұғыл шара қолданылып, олардың бәрі дереу аудандық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды. Сонымен қатар, осылармен байланыста болды деген басқа адамдар да жаппай бақылауға алынды. Біз Еңбекшіқазақ аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Момынжан Исламовпен хабарласқан едік.

– Вирус жұқтырғандар саяжай аумағынан шығып отыр. Мұнда – «Алтын адам», «Көксай», «Алтын алма» және «Береке» деп аталатын шағын елді мекендер бар. Олардың арасы бір-біріне тым жақын. Мұнда 9 мыңдай адам тұрады. Сондықтан ауру жұқтырғандар Көксайдан шықса да, ауданның бас санитар дәрігері бүкіл саяжай массивін толықтай карантинге жабу туралы қаулы қабылдады. Ауданда індетке қарсы күрес толассыз жүріп жатыр. Әрине, оны бір ғана биліктің күшімен ауыздықтай алмаймыз. Осындайда әрбір адамның жанашырлығы мен жауапкершілігі керек, – деді Момынжан Исламов.

Індет – көрінбейтін жау. Егер дұшпан көрініп келсе, оның жөні бөлек. Адамдар кеудесін отқа тосып, қасық қаны қалғанша шайқасады. Білінбеген соң бейқамдық белең алады. Оның үрейлі мысалдары әлемнің әр түкпірінен естіліп те жатыр.

Індетке қарсы тұрудың жолы біреу. Ол – карантин шараларын қатаң сақтап, тәртіпке бағыну. Алайда қаперсіз кейбір пенделер жағасын жайлаудан келтіріп, мәселеге терең мән бермейді. Жауапкершілікті сезінбегендіктен коронавирусты жұқтырып, оны ары қарай тасымалдаса, бұл қылмыс емей немене?! Қайсыбір мемлекеттерде надандық әрекеттерді террорға теңеп отыр. Соның бәрінен сабақ алғанымыз жөн.

Бүгінгі таңда жұмыстарын уақытша тоқтатқан мекемелер аз емес. Солардың бірі – «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музейі. Музейдің ғылыми қызметкері Әсел Амарғазиеваға телефон шалдық. Әсел аталған саяжайдың тұрғыны екен.

– Хал сұрағандарыңызға ризамын. «Жетісу» газетінің бізді іздегені көңілімізге дем береді. Менің байқағаным, «Береке» елді мекенінде тәртіп талапқа сай. Көшеде себепсіз жүргендер кездеспейді. Бәрі жергілікті биліктің қадағалауында. Біз «Сабыржан» азық-түлік дүкенінен керегімізді аламыз. Сатушылар өз ісіне сергек қарайды. Дүкен иелері ең алдымен тұтынушылардың қолдарына антисептик шашады. Содан кейін бетпердесіз ешкімді ішке кіргізбейді. Осыған қарамастан аумақтан коронавирус жұқтырған адамдардың табылғаны бәрімізді алаңдатып отыр. Қазір саяжай аумағы толық қоршалып, блок-бекеттер қойылды. Карантин жарияланды. Біз бір нәрсені ерекше ескеруге тиіспіз. Үй көрмей, бел жазбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерді, күндіз-түні аяғынан тік тұрған құқық қорғау қызметкерлерін құрметтеуіміз керек. Қалай қиналып жатқандарын түсінуіміз қажет. Азаматтарға беретін көмегіміз сол – карантин тәртібін қатаң сақтауға міндеттіміз. Осы сөзімді газет арқылы баршаға жолдаймын. Біз біріксек қана жеңеміз, – деді Әсел Амарғазиева.

Мұндай кезде үйден шықпаудың өзі – індетке қарсы қолданатын ең үлкен, ең сенімді қару. Көзге көрінбейтін майданда патриоттық борышты, азаматтық міндетті қалай орындау керектігін ешқашан есімізден шығармасақ дейміз.

Болат МӘЖИТ

Еңбекшіқазақ ауданы

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Ильфат Абдуллин Словениядағы халықаралық турнирде жеңіске жетті

Ильфат Абдуллин Словениядағы халықаралық турнирде жеңіске жетті

31.05.2026
Тіршіліктің тынысын таныған

Тіршіліктің тынысын таныған

31.05.2026
Маусымнан бастап күшіне енетін негізгі өзгерістер

Маусымнан бастап күшіне енетін негізгі өзгерістер

31.05.2026
Бабалардан жеткен бұйым

Бизнеске бет бұрған буын

31.05.2026
Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жекке дайындықты бастады

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жекке дайындықты бастады

31.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.