Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ТАЛДЫҚОРҒАН ӘУЕЖАЙЫ ДУБАЙ АЙМАҒЫНАН ҚАЙТҚАН 128 АЗАМАТТЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ

11 сәуір 2020
КҮНДЕРЕК
ТАЛДЫҚОРҒАН ӘУЕЖАЙЫ ДУБАЙ АЙМАҒЫНАН ҚАЙТҚАН 128 АЗАМАТТЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған əуежайы бүгін бортында Біріккен Араб Әмірліктерінен елге оралатын 128 қазақстандық азамат бар ұшақты қабылдайды. Бұл жайлы Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі «Шарджа» халықаралық әуежайынан Талдықорған бағытындағы әуе қызметін еліміздің белгілі авиакомпанияларының бірі жүзеге асырады.

Облыс орталығының əуежайы күшейтілген қауіпсіздік шараларын қабылдауда. Əуе қатынасының қызметкерлері вирусқа қарсы костюмдермен қамтамасыз етіледі. Жолаушылардың барлығы бортта бірден санитарлық дəрігерлердің тыңғылықты тексеруінен өтеді, олардың дене қызулары тепловизорлармен өлшенеді.

— Келген жолаушылармен неғұрлым аз байланыс жасауды қамтамасыз ететін алгоритм дайындалды. Облыс əкімінің тапсырмасына сəйкес, əуежай қызметкерлерінің, санитарлық  дəрігерлердің жəне осы операцияға тартылған басқа да азаматтардың əрекеттерінің əр қадамы хатталып,  ерекше бақыланатын болады. Отанына оралған қазақстандықтар автобустарға отырғызылып, карантинге жатқызылатын орынға жеткізіледі. Олардың бəрі коронавирус инфекциясына анализ тапсырады. Жолаушылардың барлық жүгі мен жеке заттары дезинфекциялау құралдарымен өңделеді. Келген азаматтардың карантиндік режимді сақтауын құқық қорғау органдары бақылайтын болады, — деп түсіндірді облыс əкімінің баспасөз қызметі өкілдері. «Бұлар сол жақта тұрып, жұмыс істеген немесе түрлі жағдайларға байланысты сол жақта қалып қойған біздің азаматтарымыз. Бұл рейстің қонуы мен оны қабылдау Республикалық штабпен келісілген жəне оны орындау, келген жолаушылар мен облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету — біздің азаматтық парызымыз», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Карантин уақыты біткеннен кейін жолаушылар тұрғылықты жерлеріне жөнелтіледі. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшып келгендер Талдықорған немесе Текелі қалаларына карантинге жатқызылуы мүмкін.

Бүгінде 128 қазақстандық келе жатқан Біріккен Араб Әмірліктерінде коронавирус жұқтырғандар саны 3300-ден асқан. 16 адам көз жұмған.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

7 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.