Талдықорған: +23°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ТАЛДЫҚОРҒАНДА АРЗАНҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК САТАМ ДЕГЕН АЛАЯҚ ҚОЛҒА ТҮСТІ

9 сәуір 2020
КҮНДЕРЕК
ТАЛДЫҚОРҒАНДА АРЗАНҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК САТАМ ДЕГЕН АЛАЯҚ ҚОЛҒА ТҮСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған полицейлері төтенше жағдайды пайдаланып, сатушыларды алдап, алаяқтықпен пайда таппақ болған күдіктіні ұстады. Қазіргі таңда оның осыған ұқсас бірнеше қылмыстық дерекке қатысы бары дәлелденді. Жәбірленушілердің тізімі әлі де артуы мүмкін. Бұл жайында Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Талдықорған қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне сауда орталықтарында сатушы болып қызмет еткен төрт азаматша бейтаныс ер адамның төмен бағамен азық-түлік ұсынып, олардан ақша алғаннан кейін жасырынғаны туралы арызданған. Барлық деректер ҚР Қылмыстық кодексі 190-бабының 1-бөлігіне сәйкес тіркелді.

— Күдіктіні жәбірленушілер бірден таныды. Көксу ауданының 41 жастағы тұрғыны коронавирустық індеттің таралуына байланысты азық-түліктің қымбаттауы туралы қауесетті пайдаланып, өзінде жоқ болса да, күнбағыс майы мен қантты арзан бағамен өзгелерге ұсынған. Сатушылардан алдап алған ақшаны ол өз қажеттілігіне жұмсаған, — деп хабарлайды Талдықорған қаласы полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция майоры Дархан Қазақбеков.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция күдіктінің дәл осындай іс-әрекетінен зардап шеккен азаматтарға жақын жердегі полиция бөлімшесіне баруын немесе 102 арнасы бойынша, сондай-ақ, 8-7282-60-80-67; 60-80-66 телефондары арқылы хабарласуын сұрайды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Жайпақ станциясының теміржол вокзалы жаңғыртылды

Жетісуда Жайпақ станциясының теміржол вокзалы жаңғыртылды

Бүгін, 12:28
Ұстаз сөзі неге салмақсызданды?

Бала тілі бал болмай тұр

Бүгін, 11:33
Жыр болған көпір жаңара ма?

Жыр болған көпір жаңара ма?

Бүгін, 10:00
Жаратылысы бөлек Жарасқан

Жаратылысы бөлек Жарасқан

Бүгін, 09:00
Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.