Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖАҚСЫ»: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТУҒАН ҮШЕМ ҮЙГЕ ШЫҒАРЫЛДЫ

1 сәуір 2020
КҮНДЕРЕК
"ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖАҚСЫ": АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТУҒАН ҮШЕМ ҮЙГЕ ШЫҒАРЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысында дүниеге келген үшем Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында жатқан еді. 29 ақпан күні дүниеге келген үшем үйге шығарылды. Ғалымжан, Рахымжан және Мейіржан есімді ұл балаларды анасымен бірге үйіне аталған аурухананың «Жедел жәрдем» көлігі жеткізді.

Үш ұлдың анасы 31 жастағы Ләззат Қаланова Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылының тұрғыны. Үшемнің анасы 11 ақпаннан бастап Алматы көпсалалы клиникалық аурухана дәрігерлерінің бақылауына алынған. Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының директоры Жұмахан Молдақұлов:

— Қазір ана мен балалардың денсаулығы жақсы. Біздің ауруханаға 11 ақпан күні жоспарлы түрде жатқызған болатынбыз. Жүктіліктің 31 аптасында кесіртілігін жасау арқылы үш ұл, яғни, 29 ақпан күні (1931,0 гр. Бойы 41 см, 2030,0 гр, бойы 44 см, 1915,0 гр, бойы 45 см) дүниеге келді. Бұл жағдайды денсаулық сақтау басқармасы үнемі бақылауда ұстап отырды. Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов пен денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ 8 наурыз күні арнайы келіп, үшемдердің анасын мерекемен құттықтаған болатын, — деді.

Ана мен балалар келгенге дейін Қарғалы ауылындағы аудандық аурухана қызметкерлері үйде дезинфекциялау жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, отбасы мүшелеріне алгоритмге сай дезинфекциялауды үйретті. Алистановтар отбасына аталған ауруханадан арнайы дезинфекцияға арналған құралдар, жеке қорғаныс құралдары (антисептик, бетперделер) берілді.

Қарғалы ауылындағы Жамбыл аудандық аурухана директоры Сертай Сагеев:

— Қарғалы ауылдық округінің әкімі Д.Тұрысбековпен бірге үшемдерді күтіп алдық. Өйткені, үшемдердің аман-есен дүниеге келуі үлкен қуаныш. Үшемдердің күтіміне  2 орта медицина қызметкері көмек көрсетеді. Сонымен қатар, арнайы «NAN» балалар тамағымен қамтамасыз етілетін болады, — деді.

Алистановтар отбасында Ғалымжан, Рахымжан мен Мейіржанды 5 және 7 жастағы ағасы мен әпкесі күтіп алды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

7 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.