Алматы облысында коронавирус жұқтырған адамдар тұратын тұрғын үйлерге дезинфекция жасалуда.
«Алматы облысында анықталған бүгінгі үш дерек бойынша, науқастардың тұрғылықты жерлері — Жамбыл ауданы, Аққайнар ауылында, Іле ауданы, Көкқайнар ауылында, Қарасай ауданы «Асыл арман» тұрғын үй кешенінде дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Тұрғындарды түсіністікпен қарауға шақырамыз», — делінген Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Еске салсақ, Алматы облысында қазіргі жағдайда коронавирустың 4 жағдайы тіркелген.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





