Талдықорған: +15°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАТЫ

16 наурыз 2020
РУХАНИЯТ
МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ақтөбе ауылындағы Аралтөбе орта мектебінде «Тіл бірлігі – мәңгілік ел мұраты» тақырыбында гуманитарлық пәндер бірлестігінің апталығы өтті. Шара оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау, зеректік, шешендік қабілеттерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Апталық бірлестік жетекшісі Анар Қалыбекова және пән мұғалімдері ұйымдастырған салтанатты жиынмен басталды. Жиын мектеп директоры Жанар Ахметқалиқызының кіріспе сөзімен ашылып, ары қарай жарыс ойындарына ұласты. Апталық жоспар бойынша пән мұғалімдері сыныптан тыс сабақтар өткізіп, сабақ барысында жаңа технология элементтерін тиімді қолданып, өткізген шараларын шебер ұйымдастыра білді.
Атап айтсақ, қазақ тілі пәні мұғалімі Әсел Жансеитова 5-10-сыныптар арасында «Жұлдызды жұп» интеллектуалдық жарысын өткізді. Сынып жетекшісі және оқушы қатысқан бұл шара ұстаз бен оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың таптырмас құралы болды. Мұғалім мен оқушы бірігіп дайындалу, сайысу арқылы екеуара қатынасты шыңдауға бағытталған шара жоғары деңгейде өтті. Сабақта пікірталас, проблемалық ситуациялар, сұрақ-жауап әдіс-тәсілдері де көрініс тапты. 
Апталық аясында Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Абайтану» қолданбалы курсының жетекшісі  А. До­­дабекованың оқушылары ақынның қара сөздерінен үзінді оқыды. Одан бөлек, орыс тілі пән мұғалімі Арай Ахмедиева мен ағылшын пәні мұғалімі А. Қалыбекованың 8-9-сыныптар арасында «Stars Hour» тақырыбында білімгерлердің шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған сайыс сабағын өткізді. Өте қызықты, тартымды өткен сабақта пән мұғалімдері «миға шабуыл» стратегиясын ұтымды қолдана алды. Оқушылар орыс, ағылшын тілінде еркін сөйлеп, түрлі тапсырмаларды орындап, екі тілді жетік меңгергендігін көрсетті. 
Өз кезегінде тарих пәнінің мұғалімі, тәжірибелі ұстаз Тимур Тұрдиевтің 9-сыныптармен өткізген «Тарихи қадамдар» тақырыбындағы тарихи-танымдық сабағы оқушыларды шектеулі уақытта дұрыс шешім қабылдауға үйрету, ұқыптылыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеуге бағытталды. Тарих тереңіне саяхат жасау кезінде «ой қозғау», «дамыту» стратегиялары тиімді пайдаланылды. Сондай-ақ, тарих, құқық пәндерінің мұғалімі Жұмағұл Шахарбаев 6-10-сыныптардың қатысуымен «Алтын тақ» тақырыбындағы зияткерлік ойынын ұйымдастырды. Ұстаз интерактивті тақтаны пайдаланып, сабақты өткізуі информациялық білім беруге бағытталып, оқушылар тың мәліметтерді игеріп, олардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра түсті. 
Апталық «Тіл бірлігі – мәңгілік ел мұраты» тақырыбындағы қорытынды кешпен аяқталды. Кеш барысында оқушыларға логикалық сұрақтар қойылып, түрлі тапсырмалар берілді. Сонымен бірге ән айтылып, би биленіп, әртүрлі өнер көрсетілген бұл кеш оқушылардың таным-білім қабілеттерін шыңдауға, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге не­­­­гізделді. Ұстаздар осындай жаңашыл форматтағы сыныптан тыс шараларды жиі өткізу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, білім-білік дағдыларын кеңейте түсіп, жаңашыл шәкірт тәрбиелейді.

А. ҚАНАТҚЫЗЫ
Кербұлақ ауданы

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.