Талдықорған: +15°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«ҚОРҚУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ»: МИНИСТР БАРША ҚАЗАҚСТАНДЫҚҚА ҮНДЕУ ТАСТАДЫ

16 наурыз 2020
КҮНДЕРЕК
"ҚОРҚУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ": МИНИСТР БАРША ҚАЗАҚСТАНДЫҚҚА ҮНДЕУ ТАСТАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен АБАЕВ төтенше жағдай енгізілуіне байланысты үндеу жасады.

— Мемлекет басшысы төтенше жағдай режимін енгізді. Тәуелсіз Қазақстан тарихында бұл бұрын болмаған, бірақ, өкінішке қарай, мәжбүрлі қадам саналады. Эпидемия басталған сәттен-ақ қатаң шаралар қабылдаған елдер аурудың таралуын айтарлықтай бәсеңдеткенін тәжірибе көрсетіп отыр. Президент қаулысында енгізілетін шектеу шараларының тізімі болғанына қарамастан, азаматтар жаңа жағдайда өмірлерінің мұнан ары қалай болатындығын сұрап, көптеген сұрақ қоюда. Осыған қарай төтенше жағдай режимі барынша қатаң шараларға қарамастан елдің экономикалық өмірін толықтай тоқтатып тастауға бағытталмағанын атап өткім келеді, — деп жазды министр «Facebook» парақшасына.

Мәселен, оның атап өтуінше, бүкіл ел аумағындағы азық-түлік дүкендері, супермаркеттер және олардың қоймалары штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Сондықтан, азық-түліктің барлығын сатып алып кетеді деп қорқудың және дүрбелең жасаудың қажеті жоқ.

Балабақшалардың жұмысында да іркіліс болмайды. «Мемлекет басшысы Үндеу жасап, нақты тапсырмалар беретін болады. Содан кейін күні бойы мемлекеттік органдар өз салаларында, айталық, жұмыс кестесін ұйымдастыру, азық-түлік қауіпсіздігімен және медициналық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, медициналық мекеме жұмыстарын үйлестіру, ел ішінде жүріп-тұру бойынша шаралар мен нұсқаулықтар әзірлейтін болады. Төтенше жағдай режимі — бұл қозғалмайтын санат емес. Көптеген шара жалпы эпидемиологиялық жағдайға байланысты күшейтілуі немесе алынып тасталуы мүмкін. Халық үшін енгізілген шараларға түсіністікпен қарауға үндеймін. Елдің барлық ресурсы аурумен күреске жұмылдырылатын болады», — деді Дәурен Абаев.

«ҚАЗАҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Бүгін, 16:46
Махаббат ол…

Махаббат ол…

Бүгін, 16:09
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.