Талдықорған: -7°C
$ 491.68
€ 568.23
₽ 6.20
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

ЖАН МЕН ТӘННІҢ ШИПАГЕРЛЕРІ

26.02.2020
ДЕНСАУЛЫҚ
ЖАН МЕН ТӘННІҢ ШИПАГЕРЛЕРІ
WhatsAppTelegramFacebook

Кей-кейде пендешілікпен: «Басы ауырмағанның құдаймен ісі жоқ» деп жататынымыз бар. Сол айтқандай, басың ауырып, балтырың сыздамаса дәрігерлердің қадірін де біле бермейтініміз өтірік емес. Жаздың  тамылжыған бір кешінде қапияда отқа оранып, күйік шалып ауруханаға түскен кезімде жанымды алып қалу үшін арпалысқан ақжелеңді абзал жандар жайлы жазбасыма болмады. Қайтарымына ештеңе сұрамай-ақ күндіз-түні қасымнан табылған осынау ізгі мамандық иелеріне алғысымды жеткізуді парызым деп санадым.

Үй маңындағы құрал-сайман қоятын тошалада сақтаулы тұрған  жанармай жарылып, оттың ортасында қалғанымда аз уақыттың ішінде жедел жетіп, жалынды ауыздықтаған өрт сөндірушілер мен тапсырыс түсісімен келген «Жедел жәрдем» бригадасының арқасында  үй-жайым да, өзім де аман қалғанымды алдымен айтқаным жөн болар. Аяқасты болған оқиғадан есімді жия алмай әрі-сәрі күйде отырғандықтан «Жедел жәрдем» қызметкерлерінің аты-жөндерін сұрау ойыма келмепті. Әйтеуір жас дәрігер жігіт күйген жерлеріме арнайы май жағып, жол бойы тіземнен мықтап ұстап алып, мені сөзбен жігерлендіріп келгені жадымда. Сірә, есінен танып қалмасын деген болуы керек. Олар мені Алматы қаласындағы №4 қалалық клиникалық ауруханаға әкеліп тапсырған. 
Қаладағы күйік ауруларымен айналысатын жалғыз бөлімше осы ауруханада екенін кейіннен барып білдім. Мұндағы дәрігерлер мен медбикелер дереу орталарына алып: «Аға, денеңіздің 60 пайыздан астамын күйік шалыпты! Бұл дегеніңіз аса ауыр жағдай болып есептеледі» – деген диагноз қойды. Тыныс алу жолдарын тексергеннен кейін: «Мынандай күйік ала отырып, отты жалынды жұтпағаныңыз сіздің жазылуға деген ұпайыңызды көбейтіп тұр. Ішкі ағзаларыңыз аман көрінеді!» – деп қуантып тастады. Жарақат алған жерлеріме дәрі жағып, дәкемен таңғаннан кейін дереу жансақтау бөліміне жеткізіп, күйік шалған адамдарды емдейтін арнайы тө-секке әкеліп жатқызды. «Төсек» деген айтқанға болмаса, күйген жерлерің суланып, іріңдеп кетпес үшін суық ауа үрлеп тұратын үлкен қондырғы дерсің. «Редактрон» деп аталатын Голландиядан әкелінген  мұндай төсек қала бойынша екеу болса, біреуі осы жансақтау бөліміне қойылыпты. Суық ауадан денең мұздаған кезде үстіңе жаба қоятын жылытқыш көрпесі және бар. Шықшытыма қойылған катетер арқылы күндіз-түні қажетті дәрілерді құйып, пейілдерімен де, жылы сөздерімен де емдеген жандарға ризашылығым шексіз. 
Мұрат Медеуғалиұлы Сиезбаев басшылық жасайтын жансақтау бөлімінің артықшылығы – науқастың тәуліктің 24 сағатында дәрігерлер мен медбикелердің бақылауында болатындығы. Санам сергек болғанымен ақ дәкемен қозғалмастай етіп таңулы жатқан менің бар жағ-дайымды жасаған алдымен осы бөлім қызметкерлері болатын.
Көретін жарығым бар екен. Он күн жансақтау бөлімінде жатып, жарақат жазыла бастаған кезде күйік бөлімшесіне көшірілдім. Жасаған ем-домдарын тізбелеп айтудың керегі жоқ шығар. Мені күйік бөлімі медициналық қыметкерлерінің науқастарға деген ілтипаты мен қамқорлығы ерекше қуаттандырған. Осында өткізген бір айға жуық уақыт аралығында олар тарапынан бір рет те бейжайлық, немкеттілік көріністерін байқамадым. Кіріптар күйге түскен жандарға қашанда қол ұшын созуға дайын тұратын ізгі жандарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Күйік бөлімінің меңгерушісі Нұржан Биқоңыровтың өзінің жеке үлгісімен, кәсіби этикасымен басқаларға өнеге көрсететіні бірден аңғарылады. Науқастармен жылы сөйлесіп, оларды мұқият тыңдап, кез келген талаптарына түсіністікпен қарайтыны өзге қызметкерлер үшін үлгі боларлық. Мектептен кейін Алматыдағы Асфендияров атындағы медицина университетінде жалпы дәрігер мамандығын меңгерген ол интернатура мен резидентураны «Болашақ» бағдарламасының жолдауымен Санкт-Петербургтағы Киров атындағы әскери-медициналық академияда оқып, күйік аурулары бойынша дәрігер-оташы саласын меңгеріп шыққан екен. 2009 жылдың тамыз айында осы ауруханаға жұмысқа орналасқан Нұржан Омарұлы 2014 жылы бөлімнің меңгерушісі болып тағайындалып, бір орнында тапжылмастан табысты еңбек етуде.
Жанындағы серігі әрі көмекшісі – дәрігер-оташы Елдос Әлменов те  бүгіндері тәжірибесі мол, өз ісінің білгірі атанған. 
Бөлімшеде барлығы 2 дәрігер, 10 медбике, 12 тазалықшы еңбек етеді. Бұл аз ба, көп пе?! Егер 15 адамға арналған бөлімде кей кездері 30 адамға дейін жататынын ескерер болсақ, бұл, әрине, аз. Дегенмен ынтымағы жарасқан ұжым байбаламға бармай, қолда бар мүмкіндіктермен еңбек етуге бейімделген. Медицина колледжін бітіріп келген жас мамандарға осы бөлімде ғана 20-25 жыл еңбек өтілі бар жоғары санатты аға медбике Құндыз Мәтенбаева, таңу бөлімінің маманы Гүлнар Тергеусовалар қамқорлық жасап, сырқатпен күресудің қыр-сырын үйретуде.
– Күйік шалғандардың қатары жиілейтін кезеңдер болады, – дейді бізбен әңгімесінде Нұржан Омарұлы. – Әсіресе, күзгі жылыту науқаны басталғанда, содан кейін көктемгі тазалық жұмыстары белең алғанда күйгендер көп түседі. Оның себебі түсінікті деп ойлаймын. Ал, мамандық жағына келер болсақ, аспаздар мен электриктер алдыңғы орында. Аспаздар ыстық су мен сорпаға күйсе, электриктер көбінесе тоқтың тұйықталуынан болатын апаттың құрбандары.
Біз мұнда күйік шалғандарды емдеп қана қоймай, күрделі ота жасауды да жолға қойғанбыз. Отаның 90 пайызға жуығы дененің қалпына келуі қиын жараларына басқа жерінен тері көшіріп тігуге тиесілі. Мұны медицина тілінде «аутодермопластика» деп атайды. Сонымен қатар реконструктивті хирургия, яғни басқа ота жасаған кезден қалған тыртықтарды, ба-лалық шағында алған жарақаттардың зардабын қалпына келтіру де біздің міндетімізге кіреді. Түрлі күйіктердің салдарынан саусақтары жабысып қалған, терісінде өзге де ақаулары бар адамдарды жоспарлы түрде жатқызып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Мұндай пациенттер әсіресе еліміздің оңтүстік өңірлерінен көптеп келеді. Яғни, даладағы қазандыққа ас дайындау, самауырға шай қайнату, жерге жайылған дастарқанға отырып тамақ ішу дәстүрі сақталған өңірлердің үлесі жоғары деген сөз. Сонымен қатар, күйік шалған балаларды дер кезінде дәрігерге апармай, тұрмыстық жолмен емдеудің салдарынан денесінде тыртықтар қалған пациенттерді де жиі кездестіреміз.
Алдағы уақытта Алматы қаласында ғана емес, еліміз бойынша күйік ауруларын емдеу саласын дамытуды мақсат етіп отырған Нұржан Биқоңыров бұл  бағытта шешімін күткен  түйінді мәселелердің бар екенін де жасырмаған. Атап айтқанда, алып мегаполис – Алматыда осы ауруды емдейтін бір ғана бөлім болса, еліміздің батыс өңірлерінде күйік бөлімшелері атымен жоқ. 
Бұл шаруамен хирургия немесе травматология бөлімдері айналысуда. Әлемде мойындалған озық технологияны отандық емдеу тәжірибесіне енгізу де күткендегіден баяу жүргізілуде.  Дегенмен, Алматы қаласындағы №4-ші клиникалық аурухананың күйік бөлімінің қызметкерлері өздеріне жүктелген міндетті абыроймен, білікті атқаруда деуге толық негіз бар. Оны науқас ретінде өз басымнан өткеріп, көзіммен көргендіктен толық сеніммен айта аламын. Абайсызда апатқа ұшырап, ғаріп күйге түскен жандарды толыққанды өмірге қайтарудағы мәртебелі де жауапты жұмыстарыңызға табыс тілеймін, аяулы ақжелеңді абзал жандар!

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ
Алматы қаласы

 

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісудағы Наурыз – 2026: цифрлық киіз үй, робот-гуманоид және AI Nauryz ашық алаңы

Жетісудағы Наурыз – 2026: цифрлық киіз үй, робот-гуманоид және AI Nauryz ашық алаңы

12.03.2026
Жетісу кәсіпкерлері конституциялық реформаны қолдады

Жетісу кәсіпкерлері конституциялық реформаны қолдады

12.03.2026
Шамшырақ жағушылар жаңа Ата Заңды таразылады

Шамшырақ жағушылар жаңа Ата Заңды таразылады

12.03.2026
Банктердегі өзгеріс: Сыйақы есептеуге салынған тыйым жойылды

Банктердегі өзгеріс: Сыйақы есептеуге салынған тыйым жойылды

12.03.2026
Қазақстан мен Қатар арасында сотталғандарды беру туралы келісім ратификацияланбақ

Қазақстан мен Қатар арасында сотталғандарды беру туралы келісім ратификацияланбақ

12.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.