Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АБАЙ ДАРИЯСЫ

24 ақпан 2020
РУХАНИЯТ
АБАЙ ДАРИЯСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Айтжан Түркебаев атындағы орта мектептің ұжымы Абай шығармашылығын жас ұрпаққа ұғындыру мақсатында «Қазақта қара сөзге дес бермедім» атты оқушылар мен ата-аналардың басын қосқан байқау өткізді.
Шараның бір ерекшелігі, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қатар жүргізіліп отырғандығы болды. Байқаудың бірінші бөлімі ұлы ақын өлеңдерін мәніне келтіре оқу болса, қара сөздерінің мағынасын ашу екінші бөлімнің шартына айналды. Кештің үшінші бөлігі ұлы Абай туралы көріністермен қамтылды. Сазгердің әндерін әуелете шырқау байқаудың қорытынды бөлімінен орын алды. 
– Абай шығармаларының тілі – көркемдіктің ең биік шыңы. Сөзі аз, мағынасы терең, ақын өлеңдері ауыр екені рас. Алайда ол жаза алмағанынан  емес, оқырманның таным-түсінігіне байланысты. Өз заманында тыңдаушы таппағанынан талай күйінген ақын еді. Бүгінгі таңда біз ғұлама арман еткен, көзі  ашық, көкірегі ояу ұрпағымыз. Ендеше Абай шығармаларын өз дәрежесінде қабылдауға міндеттіміз, – деді тарих пәнінің мұғалімі Назгүл Оспанбаева кештің ашылуында. Бұл пікірге математика пәнінің мұғалімі Шамил Сағындықов та қосылды.
Шара барысында  Куләсия Нұрқасымова «Көзімнің қарасы» әнін шырқаса, география пәнінің мұғалімі Балауса Тілекметова «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін орындады. Ал дене шынықтыру пәнінің оқытушылары Айбар Айтқұлов пен Бағдат Алпысбаев «Қараңғы түнде тау қалғып» әнін жанды дауыста нақышына келтіре шырқады. Мұғалімдердің өнері көпті сүйсіндірді.
Байқау соңында мектеп кітапханасының меңгерушісі Жанар Тілеуқабылқызы барлық қатысушыларға алғысын айтып, Абай дариясынан жиі сусындауға шақырды.

Римма ЖҰМАДІЛОВА
Саты ауылы,
Кеген ауданы

 

 

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.