Талдықорған: +26°C
$ 469.83
€ 536.83
₽ 5.97
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АРХИТЕКТОР

23.02.2020
КҮЛТӨБЕ
АРХИТЕКТОР
WhatsAppTelegramFacebook

Адам баласы асқақ арманымен қанаттанып өседі, өсе келе шыңдалады.  Өскен ортасында ұлтымыздың рухымен сусындап,  шыңдалған сайын әрбір ісінің сәнді, өмірінің мәнді болуы үшін толассыз күреседі. Алдынан шығып, аяғынан шалатын қиыншылыққа төтеп беріп, көздеген мақсатына жетеді. Еңбек пе? Әлбетте. Ерлік пе? Сөз жоқ, ерлік.  Өткенге мұқият үңіліп, тарих үніне құлақ тоссаң, салиқалы өмір мектебі солай дейді. Мәселе – сол мектептен кім қандай сабақ алды? Кім қандай ұстанымға келді?


Менің ендігі айтар сөзім  Қаби Баулықов жайында болмақ. Қаби туралы сөз қозғала қалса, әңгіме сарыны  еріксіз сәулет әлеміне ауысып кетеді. Ашығын айтсам, архитектура  әлемін жетік білетін адамдар аз. Көбісінің пікірі тас қашап, құрылыс салудың білгірі, сәулетші – сәулет өнерінің маманы архитектордың қайраткерлігі жайында айтылып,  қысқа қайырылады. Ал Қаби жайында әңгімені шолақ қайыруға болмайды. 

Алдымен сәулет өнерінің дүниесі, сәулет өнері дегеніміз не дегенге жауап іздеп көрелік. Ол – қоғамның эстетикалық көзқарастарына сәйкес құрылыстар мен олардың кешендерін жобалау мен тұрғызу өнері.  Өнер болғанда да көне өнердің бірі. Ал қандай болмасын өнердің қалыптасуы, дамуы, өрлеуі мәдениет пен әдебиетке, ұлттық салт-дәстүрге байланысты.  Бейнелеу өнері тым тереңнен сыр тартады. Сәулет өнерінің алғашқы туындылары бізге көненің көзіндей таңбалы тас пен бал-бал тас ескерткіштері  арқылы жеткен. 

Г. Фишер, А. Никольский, Н. Пантусов, А. Позднеев, Н. Нұрмұхаммедов қатарлы ғалымдардың пайымдауынша, Қапшағай таңбалы тасына қашалған бейнелер біздің заманымыздан бұрын екінші ғасырда шекіліп, біздің заманымыздың он үшінші ғасырына дейін жалғасқан көрінеді. Қолға үйретілген аң, тұрмыста пайдаланылған құрал-жабдықтар, жазу-таңбалар мен адам бейнесі сақ, ғұн, көне түрік мәдениетінен мағлұмат беретінін мойындасақ, ата-бабаларымыз бұл ескерткішті түсіне де білген, уақыт өте тың бейнемен толықтыра да білген. Желдің өтінде, күннің қақтауына, жаңбырдың тамшысына, бұршақтың соққысына төтеп беретін тасты найзағай оты түспейтін жерден табуының өзі асқан даналықты айғақтайды. Әлбетте, мұндай деңгейге адамзат баласы бірден жеткен жоқ десек, өмірдің ақиқатын мойындағанымыз болады.

Заман өзгергенмен адам өзгерген жоқ, сана мен сезім өзгерді. Табиғат құбылысына бейімделе қоршаған ортаның қыр-сырына қанығып, мейір-шапағатына бөлене жүріп, қатал сынағына төтеп беру қабілетімен адамзат баласының білім, білігі артты. Әр отбасында сақталған әдет-ғұрыптың, салт-дәстүрдің негізінде бекіген ынтымақ, береке-бірліктің арқасында қол жеткен жетістік арқылы  ұлт сипаттамасы насихатталып, құндылығы айшықталды. Олай болса, жиырмасыншы ғасыр кемелденудің, жиырма бірінші ғасыр өркениетке бет алудың басы, ал оныншы ғасырдың арғы-бергі тұсында өмір сүрген елдің басынан өткен ғұмырдың күнгейі мен теріскейін тұрпайылардың тұрмысы, жабайылардың ғасыры деуіміз орынсыз, тіпті қателік.

Ендеше, адамзат баласының алғашқы қауымдастықтан бері өсіп-өнуі мен қоғамның бір сатыдан келесі сатысына көтерілген сайын тиянақты өркендеуі  осы тұрғыдан дамыса оның бір кезеңін негізсіз мінеп, мұқатып, енді бір кезеңін асыра мадақтау – қаншалықты жарасымды? «Ақиқаттан аттауға болмайды» деген даналардың тұжырымына атүсті қарамай, өткен кезеңдер жайын бізге жеткізген әр елдің танымал тұлғаларын парасаттылықпен еске алып отырғанның зияны болмас. «Елдің атын ер шығарады, ердің атын ел шығарады» деген киелі ұғым мен өткен жолымызды айқындайтын туындының маңыздысы – Ескерткіш. 
Ол – елдің символын айғақтайтын туынды.
Ол – ата-баба аманатын орындауға күш беретін рухани туынды. 

Ескерткіш – ұлы адамдарды немесе тарихи оқиғаларды мәңгі еске қалдыру үшін жасалатын мүсінді шығарма. Қала алаңына, саябаққа, ұрыс даласына, тарихи адамдардың туған жеріне орнатылатын қайбір ескерткіш монумент деген ұғымның мағынасына жақын. Елді береке-бірлікке шақырып, жастарды елжандылыққа тәрбиелеуде маңызы ерекше мұндай туындылардың құдіретін таспен жазған тарихпен теңесек, еш артықтығы жоқ. Ескерткіш басына келіп гүл шоғын қою рәсімі – тарихқа тағзым ету рәсімімен тепе-тең. Міне, сондықтан да монография жазған ғалымдар сияқты мүсінші (скульптор) мен сәулетші (архитектор) туындыларының тарихтағы орны ерекше бағаланады.

Скульптура латын сөзі – шекимін, қашаймын деген мағына беретін ұғым. Ағаш ұқсату, сүйек ұқсату,  бейнелеу өнері, көркем құйма, қақтау, жұмырлау деген қазақ ұлтының қолөнері  де қола заманнан бері кеңінен дамып келеді. 

Сәулет өнері – қоғамның материалдық, идеялық-эстетикалық қажетін өтейтін ғимараттарды, басқа да мекенжайларды жобалау, салу өнері. Сәулеттік шығармалар тек практикалық  мақсаттар үшін емес, қоршаған ортаның эстетикасын қалыптастырып, қоғамның белгілі бір идеялық мақсат-мұратын, эстетикалық мұқтажын бейнелі түрде бағалайды.

Ақын сөзін әнмен әсерлеген сазгер немесе сазгер толғауын сөзбен көмкерген ақын туындысын ұғу, одан ләззат алу арқылы адам баласы мыңдаған жылдар бойы тәрбие жұмысын қалыптастырып,  қоғамның дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Олардың туындылары ру, тайпа ұранындай  айтылатынын да мойындауымыз керек. Елдің әнұранына айналғандары қаншама?! Сол сияқты мүсінші мен сәулетші бірлестігімен келген ескерткіш пен тарихи монументтер де аз емес. Әйтсе де, оларды түсіну оңайға соқпайды.  Сол сияқты  сегіз қырлы, бір сырлы Қабиды да бірден түсініп, тіл табысып кете алмайсың.

Ол – тарихтың тамырына үңілген азамат. Жастайынан қазақтың ауыз әдебиетінен сусындап өскен ол  есейген шағында шығыстың, батыстың классикасына қызығушылық танытады. Жазудан да құралақан емес. Баспасөз бетінен жарық көрген оның бірнеше терең мағыналы мақалаларымен таныспын. Қазақ әндерінің мән-мағынасын талдауда мәдениет қайраткерлерімен пікір бөлісуге әр кез дайын. Әлемет суретші. Қолы сиқырлы мүсінші. Талантты фотограф. Мінезді жігіт. Пікірін, көзқарасын бүгіп қалмай, істің ақиқатын ашық айтатын азулылығы тағы бар. Мұндайда оның сұсты түрінен тайсалып қалатындар да бар-ау, шамасы. Қалауын тауып, әңгімең жарасса, Қабидан жайдарлы жігіт таппайсың. Пікір таласы таңға созылса да жалығатын Қаби жоқ. Бір нәтижеге жетпей, айтқанынан қайтпайтын қайсарлығы өзіне жарасады. Орысшасы –  принципиальный парень.

Мамандығы бойынша Талдықорған қаласындағы ГГПИ «Казгорстройпроект» жобалау институтында жұмыс жасай жүріп қоғамдық жұмыстарда белсенділігімен партия, совет активінің қатарына қосылады. 1986-89 жылдары  қалалық партия комитетінің нұсқаушысы қызметін атқарып, үлкен мектептен өтеді. «Жер жаннаты – Жетісу» атты стелла орнатуға арналған конкурстың жеңімпазы Қаби Баулықов Алматы қаласындағы ірі құрылыс мекеме басшыларының назарына ілініп, жауапты қызметке шақырылады. Алайда, Талдықорған қаласы құрылыс мекемесі басшылығына резервте тұрған маманды қала басшылығы тежеп қалады.

                                                                

Қалалық архитектура жанынан Қабидың бастамасымен ашылған «Проектно-производственное бюро» өмір сынағынан өтіп, бүгінгі күнде ЖШС «Талдыкурган-Архитектура» деген атпен қаланың дамуына, тотыдайын құлпыруына сүбелі үлесін қосуда.

Кезінде «Тұрғын үй – 91» бағдарламасы қарқынды жүргізілгенін жоққа шығаруды әдепсіздік деп есептеймін. Талдықоғандағы төртінші, бесінші, «Солтүстік батыс», «Көктал» тұрғын аудандары осы бағдарламаның жемісі екенін қала тұрғындары жоққа шығара алмайды. «Көктал» тұрғын ауданы және Жезқазған қаласында өткен конкустардың жеңімпазы  атанған Қаби Баулықов құрылыс мекемелері жұмысының жандануына, көпқабатты үйлердің бөліктерін шығаратын «Мобиль» заводының іске қосылуына атсалысқан азаматтың бірі. Заман талабына сай құрылған «Талдықорған Қарметтранс» мекемесі бас директорының құрылыс жөніндегі орынбасары болған Қабидың қажырлы еңбегі өз алдына айтылатын тақырып.

Екеуміздің бірден тіл табысып кеткенімізге себеп болған оның Батыржан Оңғаровқа арнап дайындаған  құлпытас ескерткіші еді.  Жерге жарылып түскен қаратас тосыннан келген ажалдың сұсты белгісі болса, күлімдеп тұрған Батыржанның бейнесі оның жасампаз өмірін, болмысын кеңінен сипаттап тұр. Ол шын мәнінде ақжарқын азамат еді. Ешкімді жатсынбай бар қазақты бауырым деп санаған Батыржан  қабыр басына тағзым ете келген адамдардың әрқайсысымен үнсіз амандасып, таза ниетімен пікір алмасып тұрғандай!

Мен  Батыржанның өмір жолы, қоғамда алған орны, әріптестерінің арасындағы беделі, жастарға, барша халыққа деген жұғымдылығы жайында жазылған «Жұлдызды жігіт» атты кітаптың құрастырушысымын. Алтыншы бөлімінің авторымын. «Халықтың мұраты – саялы мемлекет болу» тарауы Қадырғали Жалайыр, «Бабалар ескерткішінің басындағы сырласу» тарауы «Үш ата» (Ескелді, Балпық, Қабылиса) ескерткіші басында кездескен Амандас Батыржанұлы екеуіміздің арамызда туындаған әңгіме негізінде жазылған.  Менің көздеген мақсатым – сананы аздырмау, ұрпақты тоздырмау, ұрпақтар сабақтастығының арқауы екенін дәлелдеу болса, маған күш-қуат берген де ұлы бабаларымыздың өсиеті мен ескерткіші. Ал сол екі ескерткіштің де авторы – дарынды сәулетші Қаби Баулықов. Осылайша  бабалар өсиетін жеткізіп тұрған ескерткіш – Қабидың туындысы басқаларға да күш-қуат берері айдан анық!

«Үш ата» ескерткішінің бірнеше нұсқасы Жетісудың игі жақсыларының қатысуымен талқыланса,  Қадырғали Жалайыр ескерткішінің екі нұсқасы Мәдениет министрлігі жанындағы мемлекеттік комиссияның сараптамасына ұсынылды. Оны қорғауға Қаби екеуміз бардық.  Сол жолғы сараптамаға ұсынылған жиырма шақты жобаның бесеуі ғана оң баға алды. Соның бірі Талдықорған қаласының төрінде ұрпағына дәріс беріп тұрған түрік әлемінің ғұлама ғалымы – Қадырғали Жалайыр.

Мына  бір оқиға жадымда жақсы сақталыпты. Қадырғали Жалайыр ескерткішінің салтанатты ашылуына дайындалып жатқан кез. Арнайы шақырылған мәртебелі қонақтың бірі Қазақстан сәулетшілерінің атасы Шота Уәлиханов ескерткіш тұғырынан көзін алмай тұр. Атақты сәулетшімен амандасып:
– Аға, мына туындыны қалай бағалайсыз? – дедім.
– Жақсы, – деді ойланбастан.
Салтанатты ашылудың тәртібін бір пысықтап оралсам, Шота Уәлиханов манағы орнында әлі тұр. Барлық назары ескерткіш тұғырында.
– Қалай аға, ескерткішіміз жақсы ма?   – деймін ғой, бір мақтау күткенімді жасырмай.
– Жақсы! – деген сәулетшілердің атасы манағы қалпында ескерткіштен көзін алар емес.
Үшінші рет  оралғанымда да сәулетші орнынан тап жылжымапты. Амалсыздан:
– Қалай аға? – дей берген едім…
– Әй шырағым! Сен менен қандай сөз естиін деп тұрсың? Айттым ғой жақсы деп. Жақсы ескерткіш. Тек тілдесе, сырласа білсеңдер, – деп барып бос тұрған орындыққа отырды. Міне, Қабидың туындысын бір ауыз сөзбен жоғары бағалаған Шотаның ризашылығын көріп, мен де бір марқайып қалған едім. Кейін  ол кісінің  сөзі есіме түсіп, «Ескерткіш қоя білеміз-ау, тек онымен сырласа білеміз бе?» деген ойымды нақты мысалдармен көмкеріп, көлемді мақала жазған  да едім.

Қабиды арқалы адам десем, артық айттың  деп ешкім мін таға қоймас. Шалқайғанға шалқаятын, еңкейгенге еңкейетін адуынды азамат. Әйтсе де өнер адамы ғой. Елдің қуанышына ортақ. Шашуы да, көрімдігі де дайын. Балпық би кентіндегі мешіттің, Қаратал ауданында тұрғызылған Балпық баба кесенесінің, Талдықорғандағы «Үш ата», Қадырғали ескерткіштері алаңын абаттандыру жобасын тегін жасап берді. Алайда өзі жасаған жобадан ауытқып кетсе, қатты налиды. Туындысының түзетілгеніне, күзелгеніне күйзеледі. Ешкімнің лауазымына қарамай ашу шақырып, айбаттанады. Мен де оның назына ілінген адамның бірімін. Ал ол дайындаған жобамен бой көтерген  тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар қаланың көркіне айналды. Соның бірі «Жетісу» стелласы. Жобалық шешімі қарапайым. Орындалуы мінсіз. Атты кісі түсіп, жаяу кісі жатып қарайтындай-ақ әдемі! Адамның жанын жадыратып, шабытын оятатын мұндай нысандары көп.

Елдің қайғысына ортақтаса білетін Қаби жүрегінен шыққан тұрлаулы туындысымен жұбатады. Жоғарыда досы Батыржанға арнаған құлпытас ескерткіші туралы айттым ғой. Ал түн жамылып келген апат Қызылағаш ауылын жайпап өтті. Ең қиыны – 45 адамның өмірін қиып кетті. Бұл оқиға көптің қабырғасын қайыстырды. Қызылағаш оқиғасы қайталанбасын деген ниетімен дайындалған Баулықовтың жобасы бойынша  апат алаңына ескерткіш орнатылды. Ары өткен, бері өткен жолаушылар тағзым ететін киелі орынға айналды.     

Қандай да болмасын істің ұйытқысы, дем беретін бастаушысы болады. Олардың ойын тыңдайтын, сөзіне құлақ тосатын, бастамасын талдайтын төр болады, қолдайтын қауым болады. Оған жетекшілік ететін төре болады, ал ондай адам бір емес, бірнеше болса, әлбетте біреуі төраға атанады.  Бұл, әрине, құрметтеуге тұрарлық қарым-қабілеті, басқалардан ерекше қасиеті болғандығынан. Көп болып оның артықшылығын мойындағанынан.  

Баулықов көп жылдар бойы Талдықорған қаласының бас сәулетшісі болды. Қыруар жұмыс атқарды.  Талантты сәулетшінің еңбегі қаланың тотыдай құлпыруына ақ жол ашты. Алматы облысы Сәулетшілер одағын бірнеше жыл басқарған Қаби бүгінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың кеңесшісі қызметінде. Республикаға танымал басшының кеңесшісі болу айтары жоқ,  Қабидың білікті де, білімді маман, тәжірибелі адам екенін дәлелдей түседі.

Өткен 2018 жылы Талдықорғаннан шыққан арнайы экспедиция құрамында  Қытай еліндегі Юйлинь қаласында тұрғызылған Мұқалы батыр  кесенесіне барып, тағзым етіп қайттық. Мемлекет қаражаты есебінен салынып, мемлекет қорғауына алынған кесене басында жергілікті адамдармен кездестік. Мұқалыны қастерлейтін тұлғалар мен қарапайым халықтың пікірін тыңдадық. Сәулетші Қаби сол жерде Шыңғысхан мен Мұқалының  тарихтағы орны туралы көлемді туындыға кіріспек болған еді. Жақын арада оның жобасы дайын болатын түрі бар. Ол туындының мәні мен мағынасы терең болғандықтан да алдын ала көптің талқысына ұсынбақ. Жалайырдың ноқта ағасы Орақты батырға арналған ескерткіштің халықтық байқауына қатысуға да дайындалуда. 

                                 

 Иә, саясаты тұрақтанған тәуелсіз Қазақ мемлекетінде экономикамен қатар  өнердің де өрлейтін жаңа кезеңі туды. «Я хорошо знаю, что в настоящее время почитание героев признается уже культом отживщим, окончательно прекративщим свое существование. Наш век по причинам, которые составят некогда достойный предмет исследования, есть век отрицающий, так сказать, самое существование великих людей, отрицающий самую желательность их» – деген Т. Карлейльдің сөзі бүгінде әркім-әркімнің алдынан шыққандай. 

Енді оған аты әлемге танымал неміс халқының көрнекті ақыны Иоганн Гетенің: «В наши дни не остается никакого сомнения в том, что всемирную историю время от времени придется переписывать. Подобная необходимость проистекает не вследствие того, что со временем выявляются все новые и новые события, а оттого, что появляются новые взгляды, побуждающие передового человека нового времени занять такую точку зрения, с которой он мог бы совершенно по-новому видет и оценивать прошлое», – деген сөзін қосыңыз.

Т. Карнейль мен  И. Гетені еске алудағы мақсатым  – тарихтың өткен, жеткен кезеңдеріне тың көзбен қарап,  олқылық тұстарына байсалдылық танытып, зерттеушілер тарапынан жіберілген кемшілігі болса, айыптап жатпай, ақиқат тұрғысынан түзетудің әдепті жолын табу. Ұлылық дегенің де осы. Олай болса, логикаға жүгінейік, ағайын. Логика – әлі де танылмаған нәрсені танытатын және ненің ақиқат, ненің жалған екені туралы ой-пікірімізді жүйелеуді үйрететін ілім. Оны игеру өзгенің емес, әркімнің өз қолында. «Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» деген сөздің құндылығын басшылыққа алған әрбір азаматтың аңсағаны тәуелсіздік, бостандық, еркіндік, өрлеу. Бұл ұғым өнер адамдарына тән қасиет.

«Еркін болам десең, биікке көтеріліп, аспанға самғап ұшу –  жеткіліксіз,–  дейді мен білетін  Қаби. Еркіндік әркімнің жүрегінде, санасында. Рух дегеніміз – сезім. Сезім бірде нәзіктік танытса, бірде асау аттай тулайды, өрлегісі келіп, алға ұмтылып жұлқынады. Өрлеу әр азаматтың ішкі рухани табиғатында. Сол туабітті байлықты тиімді пайдалана білу – үлкен өнер. Рухани жаңғыру деген сөз – тау ішіндегі жаңғырық емес, тіпті ұран да емес. Ол өткенімізді ақиқат тұрғысынан бағалап, жаңа көзқараспен, біліктілікпен, жасампаздықпен елімізге қызмет етіп, асыл мұратымызға жету», –  дейді жанарынан от шашқан талантты архитектор Баулықов мырза.

Не дейміз мұндайда. Талабыңа нұр жаусын дейміз. Өнерің өрлеп, өмірің төрлесін дейміз!

Наурыз  ҚЫЛЫШБАЕВ, 
Алматы облысының
     Құрметті азаматы

 

Қатысты жаңалықтар

Аптапта сая болған су мерекесі

Аптапта сая болған су мерекесі

17.07.2026
Ауызсумен толық қамтылады

Ауызсумен толық қамтылады

17.07.2026
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі

17.07.2026
Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

Доллар 500 теңгеге жете ме? Сарапшылар 2026 жылға жаңа болжам жасады

17.07.2026
Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі іске қосылады

17.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.