Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЭСТРАДА ЖҰЛДЫЗДАРЫ ЕСЕНҚҰЛ ЖАҚЫПБЕКТІҢ ӘНДЕРІН ШЫРҚАДЫ

19 ақпан 2020
РУХАНИЯТ
ЭСТРАДА ЖҰЛДЫЗДАРЫ ЕСЕНҚҰЛ ЖАҚЫПБЕКТІҢ ӘНДЕРІН ШЫРҚАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Т.Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясында «Алпысқа сонша асықтың неге, ғұмырым?» атты әдеби-сазды кеш өтті. Есенқұл Жақыпбекті еске алу шарасында республикалық «Ақ орда» қозғалысының жетекшісі Қайрат Сатыбалдыұлының арнайы жолдаған жүрекжарды сәлемін оның өкілі Қанат Мұсақұлов жеткізді.

Ақынның туғанына 66 жыл толуына арналған жиынның кіріспесінде аталған оқу орнының ректоры Ақан Әбдуәлиев:

— Мен Ес-ағамның жанында бала күнімнен бірге жүрдім. Оның жазған әр өлеңінің сыр-тарихын менен жақсы білетін жан жоқ шығар, сірә?! Ес-ағам мені үнемі жанынан тастамаушы еді. Сол уақыттарда дүниеге енді келіп жатқан өлеңдерін алғашқылардың бірі болып мен орындайтынмын. Маған бір күні қалжыңдап: «Сені бала кезде «Ақанчик» дейтін едім, кейін өнерің өрге жүзіп «Ақан» болдың, енді қазір бәрімізге «Пахан» болдың», – деп жұртты бір күлдіргені бар. Ес-ағам жайлы осындай қызықты естелік көп қой. Оның бәрі ауыздан-ауызға тарап кеткенін білесіздер. Одан да ардақты ағамыздың әні мен сөзіне жазылған «Бақ пенен қызыр қонса да» термесін орындап берейін, — деп шығарманы орындады. Ақынның жары Меңсұлу Нағашыбекованың иығына қазақы салтпен камзол жапты.

Өнер ордасының студенттері Есенқұл Жақыпбектің жырларын сахналық қойылыммен көрермен жүрегіне жеткізді. Бір көріністе ақынның балалық шағы бейнеленсе, енді бірінде жігіттік шағы, тағы бір сәтте алпысқа аяқ басқан кезі сомдалды. Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Құдайберген Бекіш, Бекжан Тұрыс, Саят Медеуов, Мәди Дәуренұлы, Мейрамбек Бесбаев, Роза Әлқожа, Бағлан Әбдірайымов, Ербол Спаналиев, Гүлшат Тәкежановалар ақынның сөздеріне жазылған әндерді орындады.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Алматы

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.