Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АУЫЛҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ КЕЛДІ

16 ақпан 2020
КҮЛТӨБЕ
АУЫЛҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ КЕЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Көз алдымызда өсіп келе жатқан жеткіншектердің қара күшіне, шапшаңдығына қарап «осыларды спортқа баулитын жаттықтырушы болса, шіркін…» деп армандаған ауыл халқының тілегі қабыл болды. 


Туған жерге ту тігуді азаматтық парызы санаған Ынталы ауылының тумасы Дархан Әбдиев жастар үшін ауылға оралды. Қара күш ие­лерін спортқа баулуды мақсат еткен жат­тықтырушыны облыстық дене шынық­тыру және спорт бас­қармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев қолдап, жастарға ақысыз бокс үйір­месін ашты. Енді ынталылық жастар бос уақытын құр өткіз­бей, облыстық, рес­пуб­ликалық жарыс­тарға дайындалып жүр. 

Қыркүйек айынан басталған үйірмеге мектеп оқушылары ерекше ықыласпен баруда. Аптасына үш рет болатын жаттығуға асқан қызығушылықпен келіп, түрлі тәсіл меңгеріп, спорт майталмандарын үлгі тұтқан балаларды көрген қариялар ақ баталарын беруден жалықпайды. Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері түске дейін бастауыш, түстен кейін жоғары сынып оқушыларын жаттықтыратын Дархан Әбдиев бір-екі жылда шын жүйріктердің суырылып алға шығатынына сенімді. Үш жылдан бері баптап жүрген шәкірті Ілияс та жаттықтырушысымен бірге ауылда тұрып жатыр. Ол бокстан 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасындағы облыстың чемпионатында І орын иеленген. Бұл жаттықтырушының еңбегінің зор екенін көрсетеді. 

Ауыл жастарына көңіл бөліп, болашаққа жол сілтеген азаматтардың ісіне береке тілейміз. Ынталы ауылынан да Бекзат Саттархановтай, Қанат Исламдай, Геннадий Головкиндей ел мақтанышы атанатын майталман спортшылар шығатынына сенімдіміз.

Қаламқас МЕЙРЕМБЕКОВА
Ынталы ауылы,
Панфилов ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.