Талдықорған: +32°C
$ 469.71
€ 536.17
₽ 6.01
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӘУЛЕТ АНАСЫ

13.02.2020
КҮЛТӨБЕ
ӘУЛЕТ АНАСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Үйге жетісулық өлкетанушы-тарихшы Құлтай Нұрқалбайұлы іздеп келіпті. Таныстықтан соң:
–    Сізді Ақсудан сұрастырсам, қалада екенсіз. Ұлы Отан соғысы жылдары қираған Сталинград қаласын қалпына келтіруге қатысқан 88 комсомолдың бірі сіздің анаңыз көрінеді. Сол кісі жөнінде деректер алсам деп едім.
– Білгенімді ауызша айтайын. Деректен айғаққа ештеңе қалмады.
– Өкінішті.
– Шешемнің көзі тірісінде Ақсудағы өлкетану мұражайының қызметкері Данияр деген жігіт бар құжатын алып кеткен еді. Көп ұзамай сол азамат  өзі қаза тапты да, әріптестері ол құжат жайлы ештеңе білмейтінін айтты. 
– Онда қандай құжаттар бар еді?
– Талдықорған облыстық «Октябрь туы» газетінің тілшісі Қанапия Бекетаевтың 1977 жылы «Жалын» баспасынан шыққан «Қазақстандық сексен сегіз қыз» атты кітабы, шешемнің Сталинградта құрылысшы қыздармен бірге түскен суреті, Алғыс хаттары.
– Мына сурет емес пе?
Құлтай қалтасынан облыстық «Алатау» газетінің 2019 жылғы 3 мамырдағы №17 санын суырып алып берді. Газетте Құлтайдың «Сталинград қырғынының куәсі болған ана» тақырыбында жазған мақаласы жарияланыпты. Көз жүгірттім де:
– Оң жақтан үшінші тұр, – дедім.
– Аталған кітап менде бар, – деді.

Ауыр отадан кейін еңсемді түзей алмай төсек тартып жатыр едім, әлгіні естігенде бойымды қуаныш сезімі биледі. «Бір жоқты  бір жоқ табады» деген осы. Газет  менің есіме өткен күндерден көп жайларды түсірді.

Иә, менің шешем  небәрі 15 жасында аудандық әскери комиссариатынан рұқсат алып, 1943 жылы Молалы стансысынан пойызға мініп, Ресейдің Кемерово облысындағы Старокузнецк қаласындағы ФЗО-ға аттанған.

– Мені ойлап қам жеме, – деді ақжаулықты әжесі Дәмеш немересі Қанымбике мен  Қаншайым Батыршинаны шығарып салып тұрып, – Елдің ішіндемін, құдайым өлтірмес!

Әжесінің бұлайша көзіне жас алатын жөні де бар еді. Қанымбикенің әкесі Мырзатай бай баласы болған. Байларды қызылдар мал-мүлкінен айыра бастағанда туған жерден тұрақ таппай  ағайын-туысын алып, арғы бетке өтіп кеткен. Шешесі Дәмеш денелі, үлкен адам болған екен.   Қашқанда ұзақ жолға шыдамайтын болғандықтан атажұртта қалдырған. Қасына қолғанат болсын деп  немересі Қанымбикені  қалдырған.  Қанымбике Арасан ауылдық округіне қарасты Қызылжар ауылынан 25 шақырымдағы Қапал кентіне жаяу-жалпы, шелекпен жұмыртқа апарып, шай, қант, ұнға айырбастап әкеліп,  әжесін асырады. Енді, міне, сұм соғыс осы күнкөрісінен де айырды. «Төрінен – көрі жақын» кейуана немересінің Отанын қорғаймын деген талабына қарсы тұрмады.

Алматы облысының қазақ, ұйғыр, орыс қыздары Қазақстанның басқа өңірлерінен жиналған жасөспірімдерге қосылып, 3 ай бойы пойызда жол азабын тартып Ресейге жетеді де, Старокузнецкіде 6 ай оқып, жұмысшы мамандығын алады. Енді журналист, зерттеуші Қанапия Бекетаевтың кітабынан үзінді келтірейік.  «Бірінші ранглы техник Илья  Каров былай еске алады: «…Мына қыздар, сіздердің жерлестеріңіз – жетісулықтар. Старокузнецкийдегі алты айлық фабрика-зауыдқа оқушылар даярлайтын мектепте білім алып жатқан көрінеді.  Сонда істейтін Павлов деген танысым бар еді, ол маған мынадай хат жіберіпті. «Құрметті Илья Василевич! Мына суреттегі қазақстандық қыздар майданға жіберуді өтінеді. Жергілікті әскери комиссариатқа хабарлайын десем өте жас, ең үлкені 17-де. Мүмкіндігің болса Момышұлына айтып қарындастарына хат жаздыр. Олардың соғыстан гөрі тылға барғандары дұрыс екенін айт», – депті. Сізден өтінерім, осындай отансүйгіш комсомолецтерді тәрбиелеп өсірген ата-аналарына біздің атымыздан алғыс айтыңыз. Содан соң Қазақстан Ленин Комсомолының Орталық комитетіне кіріп, ұсыныс жасарсыз», – деген. (Бекетаев К. «Сексен сегіз қыз».  Алматы. «Жалын»,  1977. 6-7-бет).

Айтқанындай Жоғарғы әскери командование 15 жастағы қыздарды соғысқа жібермеді. Осылайша 88 қыз 1943 жылдың қазан айында Сталинград қаласына жеткізіледі. Алдыларынан қираған зауыт, фабрика, білім мен мәдениет ошақтары шықты. Шынжыр табаны шашылып, төңкерілген танк, автомашина, вагондар үрейді ұшырды. Қанымбикелер солдаттарға каска жасайтын зауыттың жертөлесіне  орналасты. Онда 50 қыз бар еді. Олардың бастығы Павловтың өзі. Жалпы КСРО-дан 3 мыңдай комсомол жиналыпты. Құрылысшылар трактор зауыты, әскери казарма, тағы басқа мекемелерге бөлініп, жұмыстарына кірісті. Бомба түскен ғимараттардың қалған керегелерін басына ілгек ілген арқанмен тартып құлатып, кірпішін тазалады. Оларын қайтадан құрылысқа пайдаланды. Кейде сонша еңбекпен азаптанып тұрғызған ғимараттарды жау ұшақтары қайтадан бомбалап, быт-шытын шығарған  кездер де болған. Ондайда фашистердің озбыр қылығына қандары қайнап, тіптен өшіге түсетін. Бар ашу-ызаларын қара жұмыстан алып, Жеңіс күнін жақындатуға құлшына кірісетін. Ауызсу, тамақ тапшы еді. Аяқта шылғау, кешке оны пешке жаямыз.  Пеш жетпегендері жамбастарына басып кептіретін. Уақыт осылайша өте берді. Негізінде дүниеде ең керемет күш – сенім. Сенім бар жерде еш қиындық сезілмейді. Сезілсе де ерік-жігеріңді жеңе алмайды. Жас қыздар Кеңес әскері неміс-фашистерімен соғыста жеңетініне сенді. Әр сағат, әр күнін осындай сезім құшағында өткізуге тырысты. 

Тіпті, бір қыз жынданып кетіп, оны Қанымбике Оралға әкеліп қайтқан кезі де болыпты. Оны айтқанда жанарынан ыстық жас тамшылағанын көргенмін. Қыздар өмірлерінің жастығын қиындықта өткізіп, 1355 күннен кейін, 1946 жылы қыркүйекте елге оралды. Олармен бірге болған Бейбіш Батырбекова Андреев ауданы Комсомол ауылынан, Досбекенова Нұрғайша Алакөл ауданы Жайнақ ауылынан,  Шәрбану (әкесінің аты жазылмаған) Алакөл ауданынан, Оралтай Тайбекова Киров ауданы Кировскі кентінен, Зейнеп Зурдинова, Шорбанқызы Либерова, Күмісхан Мұсаханова, Бипа Мырзағұлова, барлығы да Панфилов ауданы Айдарлы ауылынан еді. Қанапия Бекетаевтың ұсынысы бойынша Қазақстан ЛКЖО Орталық комитеті, ұмытпасам 1979 жылы сол батыр қыздармен кездесу ұйымдастырып, телеарнаға түсірген. Оған тірі қалған 40 шақты қыздың 23-і қатысты. Бұл жайт туралы кезінде менің «Өмір өрнектері» кітабымда да баяндалды.

Қанымбике 1928 жылы 11-ші ауылда туған. Елге оралған соң өзі өскен Қызылжардың қасындағы Суықсай ауылдық кеңесінің хатшысы қызметін атқарды. Жастармен жұмыс істеді. Мамандығы құрылысшы болғандықтан ауыл мектебі, Қызыл отау үйлерінің құрылысына басшылық етті. 1952 жылы  Діңгек ауылының  жігітіне тұрмысқа шықты. Күйеуі Найманхан  Қазбанбетов Ұлы Отан соғысының ардагері, Қызыл Жұлдыз ордені, «Варшаваны алғаны үшін», «Праганы алғаны үшін» және «Ұлы Жеңістің 10–30 жылдығы» медальдарының иегері. Немістің Кенигсберг қаласына шабуылдау кезінде жараланып, әскери госпитальда емделіп, 2 айдан соң елге қайтарылады. 1936 жылы Қапал педучилищесін тамамдаған. Қызылқайың бастауыш мектебінде мұғалім, Діңгек ұжымшарында ферма бастығы, мал өнімдерін дайындаушы,  Н. Есеболатов мектебінде шаруашылық меңгерушісі болып істеген. Алпысыншы жылдарға дейін қолынан ұсақ сүйектер тесіп шығып жүрді. Арқасында шынашақ сиятындай тесік бар болатын. Моншаға түсіріп, арқасын ысқанда  әлгіні қызық көретінмін.  Қанымбике ұзатылып барған жерінде ұжымшар саябағының ішінен  «Қымызхана» ашып, сонда еңбек етеді. Кейіннен Кеңес Одағының Батыры Н. Есеболатов атындағы орта мектепте жұмысшы болып, құрметті зейнеткерлікке шықты. Көпбалалы «Батыр ана» ордені, «Алтын алқа» иегері.

Сонымен, 1991 жылы «Тұрғын үй – 91» бағдарламасы қабылданып, соғыс ардагерлеріне аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Наурыз Қылышбаев, «Діңгек» кеңшарының директоры Сыдық Баяманов бас болып зәулім баспана салып берді. Арнайы «Қоныстойы» ұйымдастырылып, сол жолы аудан басшыларының қатысуымен шешеміз отбасымен екінші рет теледидарға түсті. Аталған бағдарламаның Ақсу ауданында орындалғаны жөнінде бүкіл Қазақ- станға көрсетілді. Тұңғышы  Жайлау 1960 жылы Октябрь, қазіргі Н. Есеболатов атындағы орта мектептің сегізжылдық мектебінің 1-сыныбына оқуға барып, 1970 жылы онжылдықты бітірді. Басында спортпен шұғылданды. Кейіннен  денсаулығына байланысты ол мамандықты тастап, қаламды серік етті. Журналистика оның бағын ашты. Жайлау 1976 –1986 жылдары аудандық «Ақсу өңірі» газетінің әдеби қызметкері, ауылшаруашылығы бөлімінің бастығы, 1987-1989 жылдары Қазақстан Компартиясы аудандық комитетінің нұсқаушысы, 2015 жылы аудандық «Ақсу өңірі» газетінің бас редакторы, 6 айдан соң «Ақсу өңірі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас редактор-атқарушы директоры болып тағайындалды. Ең қуаныштысы, 2013 жылы есімі ауданның «Құрмет» кітабына енгізіліп, 2016 жылы «Ақсу ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. 

Екінші ұлы Құрманғали Мәскеудің Тимирязев атындағы ауылшаруашылық академиясын бітірген. Басқа балалары да өсіп, оқып, білім алып, ата-ана үмітін ақтап, елінің, жерінің гүлденуіне еңбек сіңірді. 

Күндей күркіреп өткен соғыстың аяқталғанына да 75 жыл толыпты. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Еріктілер жылы деп жариялады. Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуде мұның маңызы зор. Ал отансүйгіштіктің кереметтей үлгісін жасаған Қанымбике Мырзатайқызы сияқты қазақстандық 88 қыз десек орынды. Қайран, біздің қайсар шешелеріміз!

Мұхаметәлі ҚАЗБАНБЕТОВ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

Қатысты жаңалықтар

Нәресте күтімі жайлы не білеміз?

Нәресте күтімі жайлы не білеміз?

16.07.2026
Мессидің сұңғыла пастары

Мессидің сұңғыла пастары

16.07.2026
Мемлекет басшысы CATL директорлар кеңесінің теңтөрағасы Пань Цзяньды қабылдады

Мемлекет басшысы CATL директорлар кеңесінің теңтөрағасы Пань Цзяньды қабылдады

16.07.2026
Президент Қытайдың жетекші компанияларының басшыларымен кездесті

Президент Қытайдың жетекші компанияларының басшыларымен кездесті

16.07.2026
Қоғамдық келісім және патриотизм

Қоғамдық келісім және патриотизм

16.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.