Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖЫЛ ҮЗДІГІ

7 ақпан 2020
КҮЛТӨБЕ
ЖЫЛ ҮЗДІГІ
WhatsAppTelegramFacebook

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінде облыстық спорт басқармалары басшыларының басын қосқан үлкен жиын өтті. Шараға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА қатысты. Министр саладағы жетістіктер мен қордаланып қалған мәселелер жайлы басшылардың есебін тыңдады.


Сонымен қатар, 2019 жылдың қорытындысы бойынша спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға «Үздік» номинация атақтарын берді.

Келелі жиында облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі «Жылдың үздік спорт ұйымы» номинациясымен марапатталды. Марапатты аталған мектептің директоры Нұркен Нуратов вице-министр Елдос Рамазановтың қолынан алды. Республика бойынша үздік атанған мектеп өткен жылы толайым табысқа кенелді. Әлемдік, халықаралық жарыстарда спортшылар жүлделі орындардан көрініп, облыс намысын жоғары ұстады. Мұнымен қоса, Токио Олимпиадасына бес бірдей жолдаманы жеңіп алған спортшылар да аталған мектептің түлектері. Дәл қазіргі уақытта Алматы облысының қоржынында бес жолдама. Алдағы уақытта тағы да бес жолдамаға үмітті. Сол үміт артқан спортшыларымыздың тең жартысы тағы да жоғары спорт шеберлігі мектебінің оғландары. Мұндай үздіктер қатарынан көрінудің бір белгісі, мектеп ұжымының еңбегі екені белгілі. Спорт басқармасынан үлкен қолдау тауып, спортшылардың жүлдеге қол жеткізуіне мүмкіндік туғызып отырған мектеп директоры Нұркен Қанатұлының еңбегін айта кеткен ләзім. Биыл Олимпиада жылы. Қазіргі уақытта төрт жылдықтың басты додасына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Осы орайда мектеп басшысы дүбірлі додадан қоржынымыздың бос қайтпауын ойлап, тынымсыз еңбек етуде. Жыл басталысымен-ақ жарысқа баратын спортшылардың жағдайына алаңдап, оқу-жаттығу жиындарына жіберіп және оны арнайы барып, өз көзімен көріп, дайындықтарына алаңдаулы. Бұл білікті басшының үлкен қамқорлығы екені даусыз. Олай болса, Токиода Көк туымыз желбіресін!

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.