Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«ЖАНАРЫҢДЫ БАЙЛАЙДЫ»: ЖЕТІСУ ӨЛКЕСІНЕН ТУРИСТЕР ҚЫСТА ДА ҮЗІЛМЕЙДІ

5 ақпан 2020
КҮНДЕРЕК
"ЖАНАРЫҢДЫ БАЙЛАЙДЫ": ЖЕТІСУ ӨЛКЕСІНЕН ТУРИСТЕР ҚЫСТА ДА ҮЗІЛМЕЙДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысында туризм саласы қарқынды дамып келеді. Әсіресе, қысқы туризм.

Өңірдің оңтүстік бөлігінде орналасқан Еңбекшіқазақ ауданына былтырдың өзінде 76 мыңнан аса турист демалуға келген. Ауданда 10 қонақ үй, 3 демалыс үйі, 3 сауықтыру лагері, 2 аңшылық үйі және 2 демалыс орны меймандар үшін жұмыс істеп тұр. Биыл қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп, туризм саласындағы мамандар үшін тегін сабақтар өткізілуде. Демалушылар табиғи қорықтарға, мұражайларға, археологиялық ескерткіштерге барып, шағын хайуанттар бағын аралай алады. Бұл мақсатта ауданда 12 туристік бағыт белгіленген.

​Жалпы, экономиканың дамуында туризмнің алар орны ерекше. Осы орайда Сарқан ауданындағы «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесінің 11 экологиялық және мәдени-тарихи туристік бағыты бар. Былтыр осы бағыттар арқылы 1500 мейман жүріп өтіп, әсем табиғат аясында демалып қайтқан. Ауданның мөлдір суы, жұпар исі әрбір жанды еріксіз баурайтыны анық. Сондықтан, Балқаш көлі жағалауында да демалушылар саны күннен күнге артып келеді. Тек, өткен жылдың өзінде 17 демалыс аумағында 35 мың турист демалып қайтқан.
 
Жер жаннаты Жетісуда ыстық су демалыс орындарына келетін туристер саны да жыл сайын көбеюде. Қазіргі таңда Ұйғыр ауданында 51 демалыс орны жұмыс істейді. Ыстық қайнардың суы минералды заттарға бай әрі емдік қасиетке ие. Жүрек-қан тамырлары ауруларына ем болатын суға шомылу үшін былтыр 80 мыңға турист ыстық су демалыс орындарына барған.

Ал Талғар ауданында бүгінгі таңда 28 туристік нысан бар. Биыл тағы біреуі ашылады деп күтілуде. 2019 жылы 85 мыңнан астам мейман аймақтың тұмса табиғатын көріп, демалып қайтқан. Оның бір мыңы шетелдік туристер. Биыл шет елден келген қонақтар санын 1050 адамға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, ауданда қысқы туризмді дамыту бағытында «Oi-Qaragai – Lesnaya Skazka» таулы курорттық-қонақ үйі демалыс орнын одан әрі дамытуға бағытталған «Апорт-Ақтас» тау шаңғы курортының құрылысы жүріп жатыр.

Жетісуда «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық паркінің де алатын орны ерекше. Әлемдегі таңғажайып сұлулықты бір өзіне жинаған жалғыз көл Көлсайды тамашалау үшін былтыр 3 мыңға жуық турист келген. Бұнда демалуға келгендер айнадай көлдің айдынын, тыныштығы мен әсемдігін, ғажайып таулары мен көз тартар орманын қайта тамашалауға ынтық болып тұрары ақиқат. Сондықтан да әсем жерге демалуға келген қонақтар үшін көл жағасында 12 қонақүй бой көтеріп, сапалы қызмет көрсетуде.

Саф ауасы, тұнық суы, жасыл желегі, бір сөзбен айтқанда сұлулықты көре алатын жандардың жанарын байлайтын бір өлке бар. Ол – жер әсемі Жетісу. Жерінің үсті де, асты да көркем һәм сұлу бұл аймақта қысқы туризмнің әлеуетін бұдан да жақсарта түсу үшін әлі де жоспарлы жұмыстар атқарылмақ.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.