Талдықорған: +14°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ТАЛДЫҚОРҒАН: СТУДЕНТ ҚЫЗ КОЛЛЕДЖДІҢ ҮШІНШІ ҚАБАТЫНАН ҚҰЛАП, ҚАЗА ТАПТЫ

31 қаңтар 2020
КҮНДЕРЕК
ТАЛДЫҚОРҒАН: СТУДЕНТ ҚЫЗ КОЛЛЕДЖДІҢ ҮШІНШІ ҚАБАТЫНАН ҚҰЛАП, ҚАЗА ТАПТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін таңертең Талдықорған гуманитарлық колледжінің үшінші қабатынан студент қыз құлап, ес жимастан көз жұмды.

Таңертең Талдықорған қалалық полиция басқармасына шұғыл хабарлама келіп түсті. Ондағы ақпаратқа сүйенсек, 2002 жылы туған С.М.Елекен есімді азамат 31 қаңтар күні сағат 9.30-да «Жедел жәрдем» көлігімен Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілген. Науқас есін жимастан қайтыс болған. Оның Ярославский көшесі, 6 мекенжайында орналасқан Талдықорған гуманитарлық колледжінің үшінші қабатынан құлағаны анықталды.

Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлының айтуынша, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция басқармасының жедел тергеу тобы жұмысқа кірісті. Қайғылы оқиғаға байланысты колледж қызметкерлері мен студент қыздың жанындағы құрбылары тергелу үстінде.

«Жетісу» газетінің тілшісі адам өлімімен аяқталған оқиғаның мән-жайын білу үшін Талдықорған қалалық полиция басқармасы тергеу бөлімінің бастығы Сағыныш Кәріпжанұлымен байланысып көрді. Ол тергеу жұмысының алғашқы нәтижелерімен бөлісті. Оның айтуынша, қыздың терезеден өз еркімен секіргені бейнежазбаға түсіп қалған. Алдын ала ақпарат бойынша, студент өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. Тергеу нәтижесіне қатысты толық ақпарат алдағы уақытта тағы жарияланады.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Бүгін, 16:46
Махаббат ол…

Махаббат ол…

Бүгін, 16:09
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.