Талдықорған: 0°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ТУРАЛЫҚТЫ ТУ ЕТКЕН

29.01.2020
ЖАНСАРАЙ
ТУРАЛЫҚТЫ ТУ ЕТКЕН
WhatsAppTelegramFacebook

бар тұлғасы тұрымтайдай ғана аққұба қызбен Алматы қалалық есеп-кредит техникумында оқып жүрген кезімізде танысқан едік. Мектепті тамамдаған соң өмірден өз орнын табуға талпынған біздер бір Алладан басқа сүйенері де, сенері де жоқ жалғызілікті анамызға сүйеніш болып, бір жағына ертерек шығу үшін оқу мерзімі аз техникумға түстік. 

Мұны біліп отырғаным, Фариданың әкесі де бұл он жасқа толар-толмаста, ағасы он үш жасқа жаңа ілінген кезде дүние салған екен. Біздер оқуға түскен жылы жалғыз ағасы Дәркенбай әскер қатарында еді. Анасынан басқа жалғыз сүйеніші әкесінің туған інісі Ахмет қария болатын. Оның да шиеттей балалары бар. Сондықтан да екі түтін бүтін дәнді бөліп жеп, жалғыз дәнді жарып жеп дегендей, бір-біріне селбесіп күн көретін.
Фариданың әкесі Шоқпар бүкіл өлкеге танымал, он саусағынан өнер тамған ұста. Ал анасы Жұмагүл дастарқаны мен көңілі ашық, еңбексүйгіш адам болатын. Ұстаның қолынан шыққан білезік-сақиналар мен бүтін талдан шабылып, көнмен қапталған, күміспен күптелген үйсін ер-тұрмандарды осы күнге дейін Алматы облысының көптеген жерлерінен кездестіруге болатынын өзім де көрген едім. Ал ол кісінің өнерін жалғастырған   Дәркембай атты ұлы халқымызға танымал, ел мақтанышына айналған өнер қайраткері болып өскенін замандастарымыз жақсы біледі. 
Бір қызығы, ол туып-өскен ауылда халқымыздың мақтанышына айналған үш бірдей лауреат – ақын Тұманбай Молдағалиев пен мүсінші Ескелді Сіргебаев, суретші, халқымыздың қолөнерін жаңғыртуға орасан еңбек сіңірген қайраткер Дәркембай Шоқпарұлы дүниеге келген. 
Адамның бойына атаның күші, ананың сүтімен даритын тындырымдылық пен тапсырылған іске жауапкершілікпен қарау  деген үлкен қасиет Фаридаға әкесі Шоқпардан дарыған-ау деп ойлаймын. Себебі, ұста қолынан шыққан әрбір зат қай кезде де қолма-қол  пайдалануға болатын етіп жасалынады. Олай болмаған жағдайда ол зат пайдалануға келмейді. Себебі, ұста еңбегі ешқандай ұшқарылықты, шалалықты көтермейді. Фарида да қай істі болсын жетесіне жеткізе, жан-тәнімен орындайтын.
Барлығымыз тұратын бөлме ол кезекші болған күні тап-тұйнақтай болып, еден жарқырап жататын. Осындай талапты ол өзіне ғана емес, өзгеге де қоятын әрі орындататын. Бастапқыда мұндай талапқа көнгісі келмеген қыздар келіспей сөзге келіп қалғанымен ақыры оның айтқанының дұрыс екендігін мойындап, талабын орындайтын. Қысқасы, Фариданың арқасында бөлмеміз  мұнтаздай таза, қыз жасауындай болып көз тартып жарқырап тұратын. Содан кейін де басқа бөлмелердегі құрбыларымыз бізбен бірге тұруға таласып та қалатын.
Қай істе де атқарылған еңбектің өтеуі Алланың жазуымен айналаңдағылардан қайтады. Фариданың да ісіне беріктігі, тапсырылған жұмысты тап-тұйнақтай етіп таза орындай білетіні  басшылардың назарынан тыс қалмады. Өзі қызмет атқарған Ішкі істер министрлігінің бақылау-тексеру басқармасының (КРУ) кіші инспекторы дәрежесінен бастап өсіп, біртіндеп жоғарылай бергенін оның қалтқысыз адал еңбегін әріптестерінің бағалағаны деп білеміз. 
Ол уақытта мен де осы салада қызмет істегендіктен Фарида Шоқпарқызы Ерғожаеваның атағынан ат үркіп жүргендігінің сан рет куәсі болуыма тура келді. Бар әрекетімен туралықты ту етіп ұстап, қай істің де заң талаптарына сай болуын қадағалайтын және барлығынан соны талап ететін қалақтай ғана бойы бар әріптесімнің алдында менмін деп көкірек қаққан талай генералдың елпең қаққанының сан рет куәсі болдым.
Қазір қалай десек те ол кезде мемлекет есебіндегі әрбір тиынның сұрауы бар болатын. Сондықтан да мемлекет тапсырған міндет көп ретте қалтқысыз орындалатындықтан заңнан бұрыс кеткен кездегі әрекетіңе баспен жауап беруге тура келетін. Соған орай мемлекет мүлкіне деген жауапкершілік те аса жоғары болатын. 
«Мал аласы ішінде» дегендей, ол кездерде де қағып алып қылғыта салатындар болмай қалған жоқ, әрине. Бірақ елдің басым көпшілігі заңнан аттап кетпейтіндер, тәртіпке бағынатындар болғанын менің замандас әріптестерім осы күндері мақтанышпен айтады. 
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген қанатты сөзі бар. Қазіргідей дүниеге танымал болып, өз экономикамыздан игілік көріп отырған кез емес, басқаның дастарқанынан артылғанды таңдайға талшық етіп отырған заманда қазіргі кездегідей опырып жегіштер болса, не боларын көзге елестетіп көріңізші… Міне, Фарида сынды қыз болса да ерге бергісіз азаматтарымыз осы игіліктердің күзетінде тұрды. Күзетте тұрғанда да адал тұрды. Оған Фариданың қырық жылға тарта сондай қызметте жүріп алған бас-аяғы екі бөлмелік  пәтерінде бала-шағасымен осы күнге дейін тұрып келе жатқандығы дәлел. 
Бұрынғылар «Түйені түгімен жұтыпты» деп баяғының көлтауысарлары жайлы айтқанда ертегі тыңдап отырған бала көңіліміз қобалжып, шіміркеніп кетуші едік. Қазіргі жегіштердің түйені түгімен ғана емес, вагонды жүгімен, халық мүлкін, мемлекет ырысын миллиардтап асап жатқанын, ұсталып әшкере, масқара болып қайта құсып жатқанын күнде көріп жүргендіктен етіміз өліп кеткендігі қорқытады. Сол замандағы  қызыл империяның ырысын қызғыштай қорып, шығасын шығармай ұстауға жеткен шамамыз өз қолымыз өз аузымызға жеткенде өз игілігімізді қоруға жетпей отыруы қынжылтады. Обал-ақ!
Жоғарыда айтқанымыздай, тапсырылған істі асқан жауапкершілік танытып, табысты орындай білуі Фариданың аспанға алып ұшар қанаты сияқты. Өз міндетін мұқият орындауы барысында айналасындағыларға танылып, басшылардың сеніміне ие болды. Сондай жауапкершілік танытып, ықтияттылық көрсеткендігінің арқасында қызметі сатылап өсіп, басқарма бастығы міндетіне тағайындалды, полковник шенін иеленді. Мемлекет тарапынан алған марапаттары мен мақтаулары, төсбелгілері де бір басына жетерліктей, ұрпақтары мен туыстарына мақтан боларлықтай. 
Біреудің, бұл жерде жалпы қоғамның, мемлекеттің дегеніміз жөн шығар, ала жібін аттамас адалдықты, туралықты бүкіл өміріне ту етіп ұстаған Фариданың бұл қасиеті айналасындағыларға «Тура айтып, туғаныма жақпадым» дегендей әсер еткені де белгілі. Өзінің туралығының арқасында көңіліне жақпағанды бетің бар, жүзің бар деместен тура айтуы, меніңше, ата-ененің әрекетінен де қолдау таппаған сияқты. Нәтижесінде маңдайына біткен жалғыз ұлы Дәуренді әкесіз өсіруіне тура келді. 
Бұл істе әкеден алды мектепке бара бастаған кезде қалған бес балаға сексеннен асқан енесі Әкіжанды және өз әжесі Жәнімжанды қосып бағып отырған туған әпкесі Лизаның көмегі тиді. Дәурені бастауыш  мектепті бітіргенше әпкесінің балаларымен бірге өсті. Осындай қысылтаяң тірлік кешіп өссе де Дәурен ана үмітін ақтады.
Бойына ана сүтімен сіңген еңбекқорлығының арқасында оқуын үздік бітірген Дәурен спортта да үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Бокс пен спорттық гимнастикадан спорт шебері дәрежесін қорғады. Анасының жолын қуып Ішкі істер министрлігіне жұмысқа орналасып, қазіргі кезде қызметін подполковник дәрежесінде жалғастыруда. Келіні Рахат Сағынбекқызы да ене жолымен жүріп, өзіне тапсырылған жұмысты майор шенінде абыроймен атқарып келеді. Немересі Лия (Лөка), бұйыртса, Алматыдағы Жоғары милиция академиясын тамамдамақ. Өз тұқымында әділдік сақшылығына атсалысатын үшінші ұрпақтың өсіп келе жатқанын Фарида әже мақтанышпен сөз етеді. Шаңырақтың үкілі үміті,  биыл тоғызыншы сыныпта оқып жүрген Әлішер жайын сөз еткенде әже жүрегінің елжіреп кететіндігі қуаныштан балбұл жанған жүзінен көрініп тұрады. 
Міне, өз тағдырын, өмірдегі өз жолын қалыптастыру жолында қажырлылықпен күресе білген, осы жолда биіктен биікке ұмтылуға шаршамаған менің қымбатты құрбымның тарихы осындай. Қазір өмірден өз жолын іздеуге талпынып жүрген көптеген сіңлілеріміз бен інілерімізге үлгі болар деген үмітпен реті келген кезде қолыма қалам алдым.

Ақниет Бабайылда
Алматы қаласы

 

Қатысты жаңалықтар

Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

11.02.2026
 «Халықтың шешімімен бекітетін уақыт жетті» – Ауыл партиясы қазақстандықтарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

 «Халықтың шешімімен бекітетін уақыт жетті» – Ауыл партиясы қазақстандықтарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

11.02.2026
Олжас Бектенов Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Олжас Бектенов Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

11.02.2026
1Win казиносын ұйымдастырғандардың 420 млн теңгелік мүлкі тәркіленді

1Win казиносын ұйымдастырғандардың 420 млн теңгелік мүлкі тәркіленді

11.02.2026
Дубайдағы дүбірлі дода: Қазақстанның арнайы жасағы әлемдік үздіктер қатарында

Дубайдағы дүбірлі дода: Қазақстанның арнайы жасағы әлемдік үздіктер қатарында

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.