Талдықорған: +13°C
$ 472.31
€ 543.72
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«ЖАҢА КӘСІПОРЫН ЖОҚ»: ӘКІМ ЕСЕБІНДЕ КЕНЖЕЛЕП ҚАЛҒАН САЛАЛАР СӨЗ БОЛДЫ

24.01.2020
КҮНДЕРЕК
"ЖАҢА КӘСІПОРЫН ЖОҚ": ӘКІМ ЕСЕБІНДЕ КЕНЖЕЛЕП ҚАЛҒАН САЛАЛАР СӨЗ БОЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қарабұлақтағы аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Ескелді ауданының әкімі Рауан Рақымбеков өткен жылды қорытындылап, ел алдында есеп берді. Өңір басшысының есебін облыстық мәслихаттың хатшысы Сұлтан Дүйсембінов тыңдады.

«Өткен жыл ескелділіктер үшін табысты жыл болды», – деп бастады өз есебін Рауан Тұрданғазыұлы. Айтуынша, әлеуметтік-экономикалық даму тұрақты, барлық көрсеткіш жоспар бойынша орындалған. Яғни, 2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы кемшіліктер азайған. Ал биылғы мақсат – былтырғы көрсеткіштен асу.

Былтыр ауданда «Ауыл — Ел бесігі», «Нұрлы жер» бағдарламалары бойынша бірқатар іс берекелі аяқталған. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін 48 мың тонна картоп, 24,7 мың тонна көкеніс, 2,2 мың тонна бақша дақылдары, 27,2 мың тонна майбұршақ жиналыпты. Ауылшаруашылық дақылдары 50255 га жерге себіліп, алдыңғы жылдармен салыстырғанда өнім мөлшері өскен.

Ауданға қан жүгіртіп, негізгі кәсіптің біріне айналған – қант қызылшасы. Бұл тұрғыда шаруашылықтарға барлық мүмкіндіктер жасалған. Былтыр 2900 гектардан 128 мың тонна тәтті түбір жиналған. Ал Көксу қант зауыты 6 ауданнан 232 мың тонна қант қызылшасын жинаса, оның 55 пайызы Ескелді ауданының диқандарына тиесілі.

Аудан экономикасына былтыр 11 млрд.842 млн.теңге инвестиция тартылды. Жалпы өңірде 13 инвестициалық жоба іске асқан.

Ауданда жалпы 11410 тонна мал және құс еті өндіріліп, 32310 тонна сүт сауылып (әр сиырдан сауылған сүт орта есеппен 2618 литрден), 7 млн.дана жұмыртқа өндіріліп, 302,4 тонна жүн алынды. Жалпы өңірде мал басының барлық түрінен өсім сақталған. Ауданға «Жетісу» әлеуметтік корпарациясы бойынша жалпы соммасы 602 млн.теңгеге 33 жаңа ауылшаруашылық техникалары алынған.

Өткен жылы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 10 млрд.316 млн,теңгені құрады. Істеп тұрған шағын және орта бизнес субьектілерінің саны 2773 бірлік болса, жұмыспен қамтылғандар саны – 5203 адам. Шағын және орта бизнес субьектілерінен бюджетке 74млн.теңге түскен.  Ал жалпы қорытынды бойынша салық түсімі – 1 млрд.803 млн.694 мың теңге.

2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жалпы 877 млн.466 мың теңгеге 1391 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту» бағдарламасы аясында жалпы үш бағыт бойынша жоспар толығымен орындалған. Ал ауданда былтыр 1378 жаңа жұмыс орны ашылған.

Ауданда білім деңгейі жақсы, соған сай мектеп, балабақша ғимараттары да күрделі жөндеуден өтіп, кей елді-мекенде ірге тасы қалануда. Мәселен, Алдабергенов ауылындағы Матай Байысов атындағы, Байысов ауылындағы Рүстембеков атындағы, Қаратал ауылындағы Қаратал орта мектептері күрделі жөндеуден өтсе, Абай ауылында 18 орынды шағын орталығы бар мектеп салынуда. Сондай-ақ, Қарабұлақтағы «Березка», Байысов ауылындағы бала бақша ғимараттарын жөндеу жұмыстарының жобалық сметкалық құжаттары дайын.

Денсаулық сақтау саласы бойынша ауданда 30 медициналық мекеме жұмыс істейді. Жергілікті бюджеттен аудандық аурухананың материалдық-техникалық базасы нығайған. Цифрландыру бойынша аудандық және ауылдық ауруханалар толығымен компьютермен қамтылып, барлығы интернет жүйесіне қосылған. Ал былтыр тамызда жөндеу жұмыстары басталған «Ескелді аудандық орталық ауруханасы» стационары биыл тамызда аяқталады.

Ауданда өткен жылы ішкі істер органдарында тұрғындар қауіпсіздігін сақтау бойынша 509 қылмыс тіркелген. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда тек 2 пайызға азайған.

Ескелді ауданында жыл санап тұрғындар саны көбейіп, соған сай құрылыс мөлшері де аруда. Әсіресе, «Ауыл — Ел бесігі» жобасы бойынша 9 жоба іске асса, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша үйлер пайдалануға беріліп жатыр.

Әкім баяндамасын аяқтағаннан кейін жарыссөзге шыққан Талғат Сейітқалиұлы, Гүлжамал Мұқатайқызы өңір басшысының аз уақыттағы жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға беріп, алдағы істеріне сәттілік тіледі. Жүргізушілер залдан сауал сұрағанымен, мемлекеттік қызметкерлерден сұрақ болмады. Дәл осындай жиын әкімдіктің аядай залында емес, ел-жұрттың қатысуымен Мәдениет үйінде өтуі тиіс еді. Жиналғандардың басым көпшілігі басқарма, мекеме басшылары мен мұғалім, өнер адамдары.

Жиынды қорытындылаған Сұлтан Мырзабекұлы облыстың жетістіктеріне аз-кем тоқталып, оған ауданның қосқан үлесін айтты. Сондай-ақ, көзге көрініп тұрған қордалы мәселелерді де бүгіп қалған жоқ.

– Ауданда біраз іс атқарылған. Әлі де нақты іс-шараларды қабылдап, шешуді қажет ететін мәселелер де бар. Ауданда бірде-бір жаңа кәсіпорын жоқ. Өнеркәсіптің нақты көлем индексі төмендеген. Ал 2020 жылға жоспарланған ауылшаруашылығы дақылдарының егістік алқаптары ағымдағы жылдан 940 гектарға төмен. Облысымызда жылыжай шаруашылығы дамығанымен, Ескелді ауданында бірде-бір жылыжай жоқ. Етті экспорттау әлеуетін арттыру қажет. Алдымызда Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттерді ойдағыдай іске асыру, мемлекет бағдарламаларын орындау, ауданның әлеуметтік экономикалық дамуы сияқты маңызды міндеттер тұр. Осы міндеттерді орындау үшін ауданның әлеуеті жетеді, – деп түйді өз сөзін облыстық мәслихат хатшысы.

Есеп беру жиынының түйінінде сын-ескертпелермен жұмыс істеп, аталған кемшіліктердің орнын толтыру қажеттігі айтылды.

Серік ҚАНТАЙ

Ескелді ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жетісудың жаңашыл ұстазы

Жетісудың жаңашыл ұстазы

02.04.2026
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Үкімет басшылары кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Үкімет басшылары кездесті

02.04.2026
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

02.04.2026
Апат салдарынан екі боз бала жансақтау бөліміне түсті (видео)

Апат салдарынан екі боз бала жансақтау бөліміне түсті (видео)

02.04.2026
Шаңырақ шаттығы еселенген күн

Шаңырақ шаттығы еселенген күн

02.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.