Талдықорған: +33°C
$ 468.88
€ 534.10
₽ 6.04
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТОҚПАНОВТЫҢ АТЫМЕН АТАЛСА

21.01.2020
КҮЛТӨБЕ
ТОҚПАНОВТЫҢ АТЫМЕН АТАЛСА
WhatsAppTelegramFacebook

Заманында орысша оңды-солды аталып кете барған жер-су атаулары қазақшаланып жатыр. Кейбірінің тарихи атауы қайтарылса, кейбіріне жаңадан ат берілді.


Бірер жыл бұрын Көкше-таудың біраз көшесі қоғамдық талқыға салынып, ақыры басым дауыспен қазақшаланғанын естігенбіз. Өткен аптада сондай жақсы хабар Қарағандыдан жетті. Қала орталығындағы оншақты көшенің аты өзгеріпті. Бұрынғы Ленин көшесі енді Абай даңғылы деп аталмақ, сол секілді қайсар ақын Қасым да бір көшенің бойында қасқайып тұрмақ,  қазаққа қазақтың  өз  баласындай  қызмет  қылған А.В. Затаевич те ұмыт қалмапты.   
Осы бір ақжолтай жаңалықты теледидардан көріп отырып бірер жыл бұрын өзіміз бастамашы болып, соңы сиырқұйымшақтанып бара жатқан бір іс ойыма түсті. Қолға қайта қалам алдым. 

2015 жылы әйгілі режиссер Асқар Тоқпановтың 100 жылдық мерейтойы тойланды. Сахна өнерінің саңлағы туралы баспасөзде мақалалар жазылды, халықаралық дәрежедегі ғылыми-тәжірибелік мәслихаттар өтті. Тұлғаның шәкірттері мен өнерсүйер қалталы азаматтардың қаражатына жасалған Тоқпановтың тас мүсіні Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының алдындағы саябаққа орнатылды. М. Әуезов атындағы академиялық драма театрында «Театр тарланы» атты еске алу кеші ұйымдастырылып, ас берілді. Сол мерейтой кезінде сөйлеген жұрттың біразы «Тоқпановтану» ісінің кенжелеп келе жатқаны мен тау тұлғаны ұлықтау шаруасының шабандығын айтқан. Өнер мен мәдениеттің бір орталығына Асқар Тоқпановтың есімін беру, туған ауылын театр тарланының атымен атау туралы ұсыныстар жасалды. 

Бір қуанарлығы – айтылған ойлар жерде қалмады. Арада жыл аунамай жатып Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов секілді өнер майталмандары бастап, ауыл тұрғындары, ағайын-туғандары қоштап тиісті мекемелерге өті-ніш хат жазылды. Сол хаттың бірі Жамбыл облысының әкімдігіне жолданса, екіншісі Алматы облысының әкімдігіне бағытталған. Сонан бері де бастамашыл топ іргелес жатқан екі облыстан хабар күтіп, ара-тұра өтініштерін еске салып, 4-5 жылды елеңдеумен өткізді.  

Өткен жылдың соңына қарай Жамбыл жақтан сүйінші хабар жетті.  Тараз қаласындағы драма театрға А. Тоқпановтың атын беру туралы шешім қабылданыпты. 2019 жылдың 25 желтоқсанында осы бір игі шара жүзеге асты, театрға тарлан тұлғаның есімі беріліп, қалталы азаматтар қаржы шығарып, театр алдына ескерткішін қойды. Бұл бір біткен іс болды деп көңіл бірледік. 

Ендігі келелі іс – тұлғаның туған ауылына есімін беру. Бұл ретте кезекті қуанышты жаңалықты Алматы облысы әкімдігінен күтіп отырған жайымыз бар. Асқар Тоқпановтың  туған жері – Алматы облысы, Іле ауданының КазЦИК ауылы. Театр тарланы 1915 жылғы қазан айында дүниеге келіпті. Архив құжаттарында туған жері ретінде Жетісу облысы, Үлкен Алматы болысының №10 ауылы деп көрсетілген. Патша өкіметі тұсында ауылдардың осылайша рет санымен аталғаны бәрімізге белгілі.  1928 жылғы әкімшілік аймақтық өзгеріске сай  Үлкен Алматы болыстығының негізінде  Іле ауданы құрылды. Ал, №10 деп тіркелген ауыл – 1930 жылдан бері «КазЦИК» болып өзгертілді (АГОА. «Справочник по истории административно-территориального деления Алматинской области: г. Ал-маты. – 2002). Яғни, қазіргі Іле ауданына қарасты «КазЦИК» ауылы – Асқар Тоқпановтың туып-өскен, кіндік қаны тамған жер. Егер тұлғаның туған жеріне байланысты күмәнданатындар болса Асқар Тоқпановтың ғана емес, оның әкесі Тоқпан мен атасы Құнантайдың да осы өңірді мекендегенін дәлелдейтін мұрағат құжаттары қолымызда бар.  

ҚазЦИК ауылына Тоқпа-новтың есімін беру туралы ауыл халқынан бастап Асанәлі Әшімов секілді өнер қайраткерлері қол қойған өтініш хат  2016 жылы жазылды. Ұсынысты Іле аудандық маслихаты қолдады. Мәслихаттың шешімі шығып,  Іле ауданының әкімдігі 2016 жылдың 24 тамызында арнайы қаулы қабылдап, облыстық ономастика комиссиясына тапсырған. Қазір бүкіл құжат осы ономастикалық комиссияның қолында. Бірақ, неге екені белгісіз, іс ілгері жылжымай тұр. Көңіл осыған күпті.  

Қазақ мәдениеті мен сахна өнерін дамытуға зор еңбек сіңірген режиссер, актер, ұстаз, ғалым, профессор Асқар Тоқпановты танымайтын адам кемде-кем. Бір жасында әкеден, жеті жасында анадан айрылған, қой бағып, қозы қуған жетім Асқардың қазақ өнерінің асқар шыңына айналғанға дейінгі жүрген жолы қандай ұзақ болса, оның қазақ үшін атқарған қызметі де сондай ұшан-теңіз. 

Ол – қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби режиссер. 1940 жылы  «Абай» трагедиясын сахналады. Сонан бері де ұзын-саны 70-ке жуық көркем спектакльді сахналады.

Ол – өзіндік мектебін қалыптастырған ұстаз. Әуелі театр училищесінде, киноактерлер мектебінде дәріс оқыса, 1954 жылы Құрмағазы атындағы консерватория ашылған күннен бастап актерлік творчество мен режиссерлік жұмыстың негізі болып табылатын «актер шеберлігі» пәнінен сабақ берді. 

«Тоқпановтың шәкіртіміз» дегенді мақтанышпен айтатын 250- ден аса актер, режиссер бар екен. Оның төртеуі КСРО және Қазақстанның халық әртісі, оншақтысы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, отыздан астамы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Одақ және республиканың мемлекеттік сыйлықтарының иегерлері.

Ол – ұлттық режиссура мен театр кадрларын даярлаудың қыр-сырын зерттеп-зерделеген ғалым. «Сахна сазы»,  «Кешеден бүгінге дейін», «Іңкәр дүние», «Режиссер хақында», «Актер хақында» атты еңбектері осыған дәлел. 

Ол –  қаламгер драматург. «Тазша бала», «Тасыған төгілер» атты пьесалары қазақ театрының алтын қорындағы жақұттың бірі.  

Ол – аудармашы. Әлем драматургтерінің классикалық дүниелерінің бірсыпырасы Тоқпановтың тәржімесі арқылы қазақ көрерменіне жеткенін біреу  білсе,  біреу білмес. Олар мыналар: Салынский «Серуендегі сергелдең» – 1975ж., М. Горький «Фома  Гордеев»  –  1983 ж., А.П. Чехов «Шағала» – 1985 ж., А.Н. Островский «Шындық қатты, бақ тәтті» – 1985 ж., Г. Ибсен «Қуыршақ үй немесе Нора». Осы аудармалары қосылып жинақталған еңбегі 1995 жылы «Өнер» баспасынан пьесалар жинағы болып жарық көрді. 

Осы орайда, Асекеңнің бір ерлігі ұмытылмауы керек. 1955 жылы ұлықтардың есігін қағып, құлағын шулатып жүріп екіжылдық актер студиясын ашады. Соңыра Құрманғазы атындағы консерватория жанынан актерлік және режиссерлік факультет аштырып, өзі кафедра меңгерушісі болды. Кейін сол факультет Т. Жүргенов атындағы театр-кино институтына айналды. Яғни,  қазіргі өнердің қара шаңы-рағына айналған Темірбек Жүргенов атындағы Қазақтың ұлттық өнер академиясының уығын шаншып, керегесін көтеруіне де мұрындық болған Асқар Тоқпанов еді.

 Асқар Тоқпанов көзінің ті-рісінде атақ пен даңқтан кенде болған жоқ. Майда-шүйде орден-медаль, құрмет, марапаттарын айтпағанда 1974 жылы Қазақ ССР-інің халық әртісі, ал 1957 жылдары Қазақстанның өнеріне еңбек сіңірген қайраткері атанды. Өмірін өнерге арнаған абзал жан ақ патша заманында дүниеге келді, кеңес өкіметі тұсында өсіп-өнді, халқына қызмет қылды. Тәуелсіздік дастарқанынан да дәм татты. Елдің егемендік алғанын көріп, еңсе тіктеген шағына куә болып, 1994 жылы дүниеден озды. 

Бүгінде ҚазЦИК халқы даңқты жерлесінің жетістігін мақтан тұтады. Ұрпаққа ұлағат, өнеге қылады. Ауылдың қызыл өкіметті еске салар ескі атаумен емес, Асқардай алыптың атымен аталғанын қалайды. Сондықтан облыстық ономастика комиссиясы мен атқамінер азаматтардан бір қайраткерлік күтеді.   

Үміткен Сүйіншіқызы,
өлкетанушы

Қатысты жаңалықтар

Метан шығарындысын азайту шаралары

Метан шығарындысын азайту шаралары

15.07.2026
«TopIQ.kz» – цифрлық дәуірдің озық құралы

«TopIQ.kz» – цифрлық дәуірдің озық құралы

15.07.2026
Жетісуда баспасөз хатшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа талаптар түсіндірілді

Жетісуда баспасөз хатшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа талаптар түсіндірілді

15.07.2026
Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

15.07.2026
Жаһандық атом ғылымындағы Қазақстанның рөлі қандай?

Жаһандық атом ғылымындағы Қазақстанның рөлі қандай?

15.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.