Талдықорған: 0°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ҒЫЛЫМНАН ТАПҚАН БАҚЫТЫН

15.01.2020
ЖАНСАРАЙ
ҒЫЛЫМНАН ТАПҚАН БАҚЫТЫН
WhatsAppTelegramFacebook

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Соқпақ» атты өлеңі 60 атты асуға аяқ басқан академик Серік КЕҢЕСБАЕВТЫҢ ғибратты ғұмырына арналғандай. Қаршадайынан ақын ағасының жалынды жырларын жаттап өскен бала Серік жанын жылытқан өлең-жырмен алдынан кездескен қиындық пен ауыртпалықты жеңе білді.

Тау қойнауындағы Қақ­­­­­­пақ дейтін ауылда 1960 жылы 5 қаңтарда туып, ес біліп, етек жапқан Серік Мұхтарұлы мектепте оқыған жылдары күллі әлемге азуын білеген алпауыт Кеңес одағының күйреуге жақын қалған жылдарымен тұспа-тұс келді. Қасарысқан қатігез саясатты, жалаңдаған жоқшылықты, сол заманның тұрмыстық ауыртпалығын еңсеріп, жеңе білген ауыл тұрғындары ұл-қызының бәрін де оқытуға күш салушы еді. Өйткені, білімді мамандарға аса зәру қазақ қоғамын кеңестік тоталитарлық жүйе тудырған қанқұйлы нәубет теңселтіп, оқыған игі жақсыларды жалмап қойған-ды. Бұл зұлмат Серік туған таулы аймақты да айналып өткен жоқ. Сол себепті аумалы-төкпелі жылдардың қиындығын еңсеруге үнсіз жүріп-ақ атсалысуға тырысты.
Қарапайым еңбек адамы Мұхтар Кеңесбайұлы ұлы Серіктің білім алып, ғылым жолына түскенін аңсағаны анық. Соған сай өлең-жырға құмар баласын таулы өлкеден кең дүниеге аттандырарда келешегінің жарқын боларын білген секілді. Өйткені кішкентай ғана ауылдың асық ойнап жүрген ақсары баласы Серік Мұхтарұлы Кеңесбаев бүгінде ғылым мен білім туралы салиқалы сөз, тұжырымды ой айтатын тұлғаға айналып, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ресейдің Халықаралық педагогикалық ғылымдар академиясының академигі атанды. Өлеңі жанын тербеген Мұқағали Мақатаев жырлаған өмір соқпақтары Серік Мұхтарұлының да алдынан шықты. Ондай қиын-қыстау жолдардан, соқтықпалы соқпақтан құламай өтуіне ата-анасының берген ақ батасы демеу болып, кездескен қиындықты жеңе білді.
1977 жылы Қақпақ ауылында Коммунизм орта мектебін үздік бітірген Секең сол жылы С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің механика және қолданбалы математика факультетінің «Қолданбалы математика» мамандығына оқуға түседі. Университетте оқып жүргенде 1980 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, әскери борышын атқаруға аттанады. Әскерден соң оқуын жалғастырған кейіпкеріміз 1988 жылы университетті бітіріп, «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша диплом алып шығады. Көкірегін халқының болашағы жарқын болуын көруге деген асқақ арман тербеген жалынды жас ұстаздық жолды таңдап, білімді ұрпақтың тәрбиесіне қатысады. 1982 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының математика және механика институтында есептеу техникасы операторы қызметінен бастаған ол 1988-1989 жылдары өзі білім алған Қазақ мемлекеттік университетінің «Басқару теориясы» кафедрасында стажер-оқытушы болады. 1989 жылы кафедраның аспирантурасына түсіп, 1991 жылы ойдағыдай бітіріп шықты. Бұл халқымыз аңсаған азаттықтың ақ таңы арайлап атқан тұс болатын.
1991 жылдан 2001 жылға дейін Алматы технологиялық университетінде табан аудармай он жыл оқытушы, аға оқытушы, доцент, деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары, декан міндетін атқарып, Информатика және қолданбалы математика кафедрасында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген Серік Мұхтарұлы 2001-2002 жылдары Қазақстан инженерлік технология университетінде оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректор қызметін атқарса, 2002-2005 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтында информатика және қолданбалы математика кафедрасының меңгерушісі қызметін де абыройлы атқарды. 2005-2006 жылдары А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Ақпараттық технологиялар және инженерлік факультетінің деканы қызметін атқарған ол 2006-2008 жылдары қайтадан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтына келіп, физика-математика факультетінің деканы болып, қызмет етті. Одан соң 2008-2011 жылдары Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің бірінші проректоры болып, Қазақстан жоғары оқу орындарындағы шешімі қиын сан қилы мәселелердің оң шешімін табуға күш жұмсап, ғылым мен білімнің шебер ұйымдастырушысы екенін көрсетті.
Тағдыр мені Серік Мұхтарұлымен 2011 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология институтының директоры қызметінде жүргенінде таныстырды. Өз ісіне берік, көздеген мақсатын игеруге деген табандылығы басым замандасым Қазақстанның аса қажетті, өте зәру мамандарын даярлау ісінде өзінің терең білімді және парасаты жоғары ұстаз һәм ғалым екенін тағы бір дәлелдеді. 2017 жылдан бастап «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры қызметін атқарып келе жатқан Секең қандай салада, қандай қызметте болмасын өзінің білімді маман, білікті басшы, шебер ұйымдастырушы екенін көрсетуден танған емес.
Оның ерекше зерттеуді талап ететін ғылым мен білім жолындағы жеткен жетістігі жас ұрпаққа үлгі ретінде ұсынуға болатын үлкен бір мектеп. 1993 жылы «Физика-математика ғылымдарының кандидаты» атанған ол 1998 жылы ҚР Жоғары аттестациялау комитетінің «Доцент» ғылыми атағын алды. 2006 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары аттестациялық комитетінің шешімімен педагогика ғылымының докторы дәрежесіне ие болса, сол жылы ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің бекітуімен профессор атанды. Кейіннен 2014 жылы Ресей мемлекетінің Халықаралық педагогикалық ғылымдар академиясының академигі болып сайланған Серік Мұхтарұлының ғылыми мақалалары мен еңбектері еліміздің ғылыми ортасында жарық көріп келеді. Оның ішінде 1 монография, 6 оқулық, 9 оқу-әдістемелік құрал, 7 оқу-әдістемелік кешен, 200-ден астам ғылыми-әдістемелік мақала бар. Ғылыми мақалалары мен еңбектерінің 40-қа жуығы алыс-жақын шетелдердегі сұранысы көп, ең беделді ғылыми басылымдарда жарияланып, Қазақ ғылымын басқа жұртқа таныту ісінде ғалымдардың алдыңғы шоғырын бастап келеді. Оның жетекшілігімен 2 ғылым докторы, 4 PhD доктор, 5 ғылым кандидаты Жоғары аттестациялық комитеттен диплом алды.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеттің жанынан құрылған PhD докторлық кеңестің төрағасы бола жүріп, еліміздің ғылыми кадрларын дайындау ісіне де үлкен үлес қосты. Заман талабына сай, жаңа информациялық технологиялар, білім беру жүйесін компьютерлендіру, IT технологиялар, компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, білім беру саласының жаңа оқу-әдістемелік жүйелерін жаңарту, білім беруде пәнаралық байланысқа жаңа компьютерлік технологияларды пайдалану сынды педагогикалық жолдар мен оқытудың жаңа әдістерін жасауға күш салған Серік Мұхтар­ұлы 2008 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, 2010 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгісімен, 2011 жылы ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталды. Жақында ғана, 2019 жылдың желтоқсан айының 16-да ҚР Тәуелсіздік күніне орай Райымбек аудандық мәслихатының шешімімен «Райымбек ауданының Құрметті азаматы» деген марапатқа ие болды. Бұл Серік Мұхтарұлының өміріндегі ең үлкен марапат, ең құрметті сый деп білеміз. Өйткені қай қиырда жүрмесін туған жерін, өскен ауылын бір сәтте естен шығармаған азамат Қақпаққа барған сайын ең алдымен: «Орға ұрынбай, жарға ұрынбай айналып өт!» – деп тілеу тілеген ата-анасының бейітіне зиярат етіп, Құран оқытады. Содан соң білім берген ұстаздары мен өзі оқыған мектептің оқушылары мен оқытушыларына сәлем беруді әдетке айналдырған. Өз қаржысына мектептегі ең үлкен кабинетті керек-жарақпен қамтамасыз етуі оның зор адамгершіліктің иесі екендігін көрсетеді.
Биыл, сол баяғы алты жасында мектеп табалдырығын «тарыдай болып» аттаған ақсары бала «таудай болып шығып» ел үмітін ақтаған ақсақалға айналып, асқаралы 60 жасқа толып отыр. Кең-байтақ Қазақстанның түкпір-түкпірінде жүрген, ғылым мен білім саласындағы әріптестері мен достарының, шапағатын көрген шәкірттерінің атынан Серік Мұқтарұлын мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Үлкен ғалым, ұлағатты ұстаз, қадірлі дос, аяулы бауырдың алар асуы, бағындырар биігі әлі де алда екеніне сенеміз!

Талдыбек НҰРПЕЙІС,
тарих ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің профессоры,
ҚР тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, Кеген ауданының 
Құрметті азаматы

Қатысты жаңалықтар

Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

11.02.2026
Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

11.02.2026
 «Халықтың шешімімен бекітетін уақыт жетті» – Ауыл партиясы қазақстандықтарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

 «Халықтың шешімімен бекітетін уақыт жетті» – Ауыл партиясы қазақстандықтарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

11.02.2026
Олжас Бектенов Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Олжас Бектенов Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

11.02.2026
1Win казиносын ұйымдастырғандардың 420 млн теңгелік мүлкі тәркіленді

1Win казиносын ұйымдастырғандардың 420 млн теңгелік мүлкі тәркіленді

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.