Талдықорған: +21°C
$ 475.09
€ 551.06
₽ 5.87
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«ПАЙДАЛЫ»: ҒАЛЫМДАР ЖАСАНДЫ ЖЫЛҚЫ ЕТІН ОЙЛАП ТАПТЫ

13.01.2020
КҮНДЕРЕК
"ПАЙДАЛЫ": ҒАЛЫМДАР ЖАСАНДЫ ЖЫЛҚЫ ЕТІН ОЙЛАП ТАПТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ресей ғалымдары жасанды жылқы етін жасап шығармақ. Оны жасауға антибиоток және басқа да адам денсаулығына зиян препараттар қажет болмайды. Ғалымдар етті арнайы инкубаторда жануарлардың бағаналық жасушасынан өсіріп шығарады. Жасанды жылқы етінің дәмін үш жылдан кейін тата аламыз, ал биопринтердің көмегімен кесек ет алу 5 жылдан кейін мүмкін болады.

Бұл туралы «Қазақпарат» ресейлік «Известия» газетіне сілтеме жасап хабарлады. Еттің бұл түрі келешекте ауылшаруашылығы өніміне пайдалы балама болады. Өйткені, жасанды тамақты қолдан жасау кезінде жануарлардың жасушасы пайдаланылады және ол вирустар мен бактериялардан қорғалған, зарарсыздандырылған нәрлі ортада өсіріледі.

Қазір әлемде ет өсіру технологиясын дамытып жатқан 30-ға жуық жоба бар. Соның бірі Қазан қаласында іске асырылып жатыр. Татарстандық ғалымдардың сөзінше, жылқының етін таңдауға осы етті сүйіп жейтін татар халқының дәстүрі ықпал еткен.

— Ет жасау үшін биопсия көмегімен құлыннан бұлшық ет ұлпасының үлгілерін аламыз. Өйткені құлынның етінде бізге қажет бағаналық жасуша көп, — дейді «ArtMeat» компаниясының бас директоры Асқар Латышев. — Сосын биологиялық материалды арнайы инкубаторға саламыз. Бұл техника дұрыс температуралық режим мен атмосфера құрамын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, жасушалардың өсуіне қажетті тағамдық заттарды жеткізеді.

Ғалымдардың қазіргі кезеңдегі басты мақсаты — бұлшық ет компоненттері барынша жылдам өсуі үшін оңтайлы жағдай мен нәрлі орта табу. Мамандардың айтуынша, жасушалық даму белсенділігі – технологияның әрі қарайғы ауқымын арттыруға қажет ең маңызды сипаттың бірі. Ол бұл технологияны өнеркәсіптік ауқымда қолдануға мүмкіндік береді.

Ғалымдар жасанды жылқы еті мен кәдімгі жылқы етінің дәмінде айырмашылық болмайды деп отыр. «Алынған өнімнің дәмі табиғи жылқы етінікіндей болады, — дейді Қазан федералды университеті прециозды және регенеративті медицина ғылыми клиникалық орталығының директоры Альберт Ризванов. — Бірақ бұл пайдалы балама. Инкубаторлардың тазалығының арқасында жасанды етті өсіретін кезде фермада жиі қолданылатын антибиотик қажет болмайды.

Фарш жасағаннан кейін жасушадан кесек ет өсірудің де ауылы алыс емес. Дегенмен, ол аддитивті технологиялар барынша дамыған жағдайда ғана мүмкін, себебі жасанды стейк алу үшін оны өсірілген жасушадан басып шығаратын өте күшті биопринтер қажет.

«3D Bioprinting Solutions» компаниясы құрылтайшыларының бірі және басқарушы серіктесі Юсеф Хесуанидің айтуынша, оған бес жылдай уақыт керек. Сарапшының сөзіне сенсек, бұл салада жетістікке жету үшін ғалымдар бұлшық ет және май жасушаларымен бірге біріктіруші ұлпа жасушаларын да пайдалануы тиіс. Олардан стейк қатпарлары қалыптасады.

— 2014 жылы өсірілген жасушаның килограмы $ 1 млн.болса, қазір ол $ 1,5 мыңға дейін түсті. Бірақ бұл өнім ресторанға дейін жетуі үшін оны тағы 100 есе арзандату керек, яғни, $ 15-ке дейін. Менің ойымша, бұл әбден мүмкін, — дейді Юсеф Хесуани.

«ArtMeat» өсірген алғашқы фарш шамамен үш жылдан кейін дайын болады. Содан кейін еттің бұл түрі қымбат ресторандарда және дүкендерге таратылады деп күтілуде.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Сыршыл ақын көрмесі Сыр елінде өтті

Сыршыл ақын көрмесі Сыр елінде өтті

02.04.2026
37 адам 80 млн теңгесінен айырылған: Жетісу облысында ірі қаржылық алаяқтық ісі сотқа жолданды

37 адам 80 млн теңгесінен айырылған: Жетісу облысында ірі қаржылық алаяқтық ісі сотқа жолданды

02.04.2026
Алаяқтар енді «басшы» болып хабарласа бастады

Алаяқтар енді «басшы» болып хабарласа бастады

02.04.2026
Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бостандыққа шықты

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бостандыққа шықты

02.04.2026
Ерболат Досаев тағы бір лауазымынан айырылды

Ерболат Досаев тағы бір лауазымынан айырылды

02.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.