Талдықорған: -1°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ЭФИРДІ ӘНШІЛЕРМЕН ТОЛТЫРАМЫЗ»: АРМАН СҚАБЫЛҰЛЫ ЖАҢАЖЫЛДЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ СЫНАДЫ

08.01.2020
РУХАНИЯТ
"ЭФИРДІ ӘНШІЛЕРМЕН ТОЛТЫРАМЫЗ": АРМАН СҚАБЫЛҰЛЫ ЖАҢАЖЫЛДЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ СЫНАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жыл сайын жаңа жыл қарсаңында экранға үңіл­ген көрермен міндетті түр­де режиссер Эльдар Ряза­новтың «Тағдыр тәлкегі не­месе жеңіл буыңызбен!» фильмін көретіні анық. Рязановтың шытырманға толы бұл лирикалық кино­комедиясы сізді еріксіз көк жәшікке телміртетіні де рас. Шамамен 40 жылдан асты, Мягковтың кейіп­ке­рінсіз жаңа жыл табалды­рық ат­тамайтын секілді көрінеді. Әңгімеміздің әлқиссасын «Тағдыр тәлкегінен» бастаға­нымызбен, біздің айтпағымыз бұл емес.

31 желтоқсан сайын телеар­наның дені эфирді «студиядағы концертпен» айшықтайды. Жыл сайын тек сценарий өзгеріп оты­руы мүмкін, бірақ оқиға бір-бірінен алшақтап кетпейді. Сол баяғы ресейліктер алып келген «Голубой огонектің» қазақша баламасы. Бұл концепцияның үздіксіз жалғасып келе жатқанына да – 15 жылдың шамасы. Қазақ­стандық негізгі арналардың дені осы үлгіні пайдаланады. Бұл – отандық телевидение саласы бір орында тұралақтап, түбегейлі идеялық реформаны қажетсінеді деген сөз емес пе?

Белгілі журна­лист Арман Сқабылұлы «телеви­дение ғана емес, әдебиет, мәдениет саласына да реформа жасаудың уақыты келді» деген пікірде.

— Өткен ғасырдың 90-жылдары Ресейде осындай форматпен жаңа­жылдық бағдарламалар көрсетіле бастады. Сол бағдарламаларды қа­зақстандық арналар да бірден көшіріп алды. Біз де эфирді әнші­лер­мен толтырамыз. Ең қорқы­ныштысы, телеарналар жаңажыл­дық бағдарлама жасаудан жарысқа түсіп кетті. Әлеуметтік желіде «Ұлт­тық арна жаңажылдық бағ­дарлама бойынша рейтингтен ал­ғашқы орынға шықты» деп жазып жатыр. Мүмкін, рейтингте жоғары болғаны да дұрыс шығар. Әңгіме рейтингте емес. Онсыз да жаңа жыл түні көпшілік Ұлттық арнаны таңдайтыны рас. Түнгі 12-ге дейін арнадан Президент құттықтауын күтеді, одан кейін де теледидар қосулы тұрады. Сол үшін де рейтинг жоғарылады деп мақтануға болмас, – дейді журналист.

ТВ саласы үшін рейтинг ма­ңызды. Алайда рейтинг көтерудің негізгі әдісі тек тойда немесе YouTube-та қараламы мол әрі мәнсіз-мағынасыз әндерге жүгіну ме? «Оппа-оппа», «Дорогой», «Зың-зың» секілді жеңіл әндерді мемлекеттік арнаның эфиріне шығару да рейтингке әсер ете ме?

— Біріншіден, жаңажылдық бағдарламаларға қымбат декора­ция жасалады. Екіншіден, мұндай бағдарламалар аутсорсинг ком­панияларда дайындалады. Оны қай аутсорсинг компания жасай­тынын телеарна басшылары өздері шешеді. Бұрынғыдай оған көркем­дік кеңестің қатысы жоқ. Қандай әнші қатысатынын, қандай ән орындайтынын, сценарий қалай болатынын компания өзі анық­тайды. Сол себепті де кейде эфирде орынсыз әзіл-қалжыңдар айтылып қалады. Өйткені оны бақылап-қадағалап отырған көркемдік кеңес жоқ. Табиғи шыршадан бас тартып, жасанды шыршаға көшкен жоқпыз ба? Сол секілді соншама мол қаражат шығарып, жаңа­жыл­дық бағдарлама жасау қажет пе? Кемінде оған бір тарихи фильм тү­сіруге болатын қаржы жұм­са­лады. Тарихи фильмді қайталап көрсету­ге болады. Ал жаңажылдық кеш қайталанбайды ғой, – дейді Арман Сқабылұлы.

Сонымен, телеарналар ұсын­ған бағдарламалар тізбегіне көз салсақ: «Жап-жақсы жаңа жыл», (QAZAQSTAN), «Жұлдызды жаңа жыл», («Хабар»), «Голубой огонек на Шаболовке», («КТК»), «Новогодняя ночь на первом» («ПКЕ») және басқалары бар. Барлығы дерлік көңілді, жеңіл, әзіл-қалжыңға құрылған думанды кеш дерсің. Жаңа сценарий, жаңа бағдарлама болғанымен, формат бір, ескі үрдіс, бұзылмайтын дәстүр мұнда да сақталған.

«Хабар» арнасының бас про­дюсері Айдос Тұрысбек: «Жаңа­жылдық бағдарламаның негізгі үш критериі бар: ән, әзіл және көркем фильм элементтері. Бұл бір Қа­зақстанға ғана тән дүние емес. Ресейде де, Украинада да және та­ғы басқа посткеңестік мемлекет­терде жаңажылдық бағдарлама осылай жасалады. Жаңадан ешкім ешнәрсе ойлап таппайды. Мәсе­лен, биыл «Хабар» арнасы жаңа жыл кешінде «Тақиясыз періште» деген бағдарлама ұсынды. Онда қазақтың әнші қыздары Роза Рым­баева, Нағима Есқалиева ұлдарына қалыңдық іздейді. Қалыңдық іздеу үшін концертке барады. Онда әзіл де бар, қалжың да, сюжеттік желісі де бар, бас-аяғы жинақы көркем фильм секілді. Көпшілік арна­лардағы концерттің концепциясы осындай. Мазмұны өзгеруі мүмкін, бірақ форматы өзгермей қалып отырады. Ал жеңіл-желпі әндерге келер болсақ, көрерменнің сұ­ранысы қандай, соған жауап беруге тырысады. Мәселен, шетелдерде жаңа жылға арналған әндер бар. Біз оны қазақшаға аударып, шыр­қай алмаймыз. Өйткені, ондай әндерді көпшілік қабылдай қоюы екіталай. Сондықтан көрерменнің қалауындағы нәрсені орындауға тырысады. Қазір YouTube арнасын қарасаңыз, трендте «Әзіл әлемі», «Шаншар», «Тамаша» секілді әзіл-сықақ шоу бағдарламалары тұр. Сол себепті көрерменге өтімді бо­лу үшін сценарий мықты болуы керек», – дейді.

Трендтен қалмаған дұрыс шығар, алайда қызықтың көкесі осы деп, қазақтілді эфирді орысша шұбарлату кімге керек? Мәселен, «Хабар» арнасынан шығатын «Қызық Times» бағдарламасының жаңажылдық «Қызық Премия» атты арнайы жобасы бізді таңғал­дырды.

Бұған дейін Ұлттық арнада жұртты күлдірем деп екі сөзінің біріне орысша қосып сөйлейтін Тұрсынбек Қабатов талай көрер­меннің сынына ұшыраған. «Қызық Times» жүргізушілері де сол қате­лікті толығымен қайталады. Алды­мен жылдың үздіктерін атап өту үшін орыстың премия сөзін қазақ­ша аударудан бас тартыпты. Сый­лық, марапат секілді қазақ сөздерін керек қылмаған. Ал жоба бойы бес сөздің екеуі орысша болды. КВН-нан шыққан жігіттер сондай деп жылы жабуға болар ма еді, алайда Хабар агенттігінің эфирін қада­ғалаушы шеф-редакторлар аталған жобаның атауын, сценарийін қалайша бекіткен?

Ұлттық арна биыл «Жап-жақ­сы Жаңа жыл» бағдарламасымен рей­тингте бірінші орынға шықты. TNS Central Asia зерттеу компа­ния­сы­ның деректері бойынша, отандық арналар арасында үздік үштіктің көшін «Евразия» телеар­насы бас­таған. Бұл қалыптасқан дәстүрге ай­налып барады. Өйткені 2018 жыл­дың 31 желтоқсанында да «Ев­разия» арнасы бірінші орында болған. Бірақ биыл олай болған жоқ. Qazaq­stan ұлттық телеар­на­сы­ның «Жап-жақсы Жаңа жыл» деп аталатын мерекелік жобасы­ның көрсеткіші ресейлік өнімнен де асып түсіпті. TNS Central Asia де­рек­тері бо­йынша, аудиторияның ба­сым бөлігі отандық өнімді таң­да­ған. Жобаның үлесі 24,3 пайыз болды.

— Мұны стандарт деп айту қиын­дау, қалыптасып қалған дәс­түр. Бірақ кез келген дәстүрдің озығы мен тозығы бар. Көрермен сұранысына қарай уақыт өте келе кез келген формат өзгереді. Жал­пы, Жаңа жылды мұндай форматта атап өту біртіндеп өзекті болмай қалуы да мүмкін. Биыл Qazaqstan ұлттық арнасы осындай жаңа­шыл­дыққа бастайтын алғашқы қа­дамды жасады. Көлемді студия, музыкадағы жаңа трендтер, көрер­мен жақсы көретін жас өнер иеле­рінің жүргізушілік қырынан та­нылуы – эксперименттік қадам. Жарық қою, қосымша бірнеше локацияны жаңажылдық жобаға қауымдастырудағы (интегра­ция­лау­дағы) мақсатымыз – жаңажыл­дық тележобаларды жаңа, сапалы форматқа өткізудің алғашқы қа­дамдары. Мұны көрермен еске­ру­сіз қалдырмады. Рейтингтік ком­паниялардың мағлұматтары бо­йынша Ұлттық арна осы жолы көш басына шықты. Алдағы Наурыз мерекесіне арналған тележоба­лар­ды да тек мазмұндық емес, телеви­зиялық сапа, идеологиялық тұр­ғыдан жаңа форматта ұсынғымыз келіп отыр. Жалпы, жаңажылдық жобаларды форматтау мәселесі тек бізде ғана емес, көпшілікке «Голу­бой огонек» атауымен таныс фор­матты дүниеге әкелген Ресейдің орталық телеарналарында да кө­теріле бастады. Бұл – заңды құбылыс. Біз әлемдік қауымдастықтың мүшесі ретінде жаңа телетрендт­терден қалмай, ұлттық ерек­шелік­терімізді естен шығармаймыз, — дейді Qazaqstan ұлттық телеар­насының директоры Еркін Мұха­меджанов.

Дегенмен бүгінгі көрерменнің талғамы да өзгерген. Жаңажылдық бағдарламаларды жақсы қабылдап, жылы пікірін білдіріп жатқандар да бар. Керісінше, кейбіреулер мұндай «көшірме» хабарлардан шаршағанын айтады.

Мәселен, өнертану магистрі Сырым Мұха­меджанов өзінің әлеуметтік желі­дегі парақшасында: «Жеңіл-желпі концерттер бірнеше күннен бері барлық телеарнадан беріліп жатыр. Біздің деңгейіміз соншалықты түсіп бітіпті ғой. Бірде-бір эстра­далық ән тыңдамайтын едім, то­рыққаным соншалық, бізге кәдім­гідей реформа керек сияқты. Ұлт­тық құндылықтарымыз жоқ. Әләуләй-хәләуләйлар төрге озып­ты. Домбыра сүйемелдеуімен бір әннің не болмаса, халық әнінің шырқалғанын көрсем, көзім шықсын!» — деп жазды.

РS: Қалай десек те, бюд­­жет қаражатына күн көретін мемлекеттік арна­лардан көрермен сапалы дү­ниелер күтері анық. «Жыл­тыңдатып» кей әншілердің барлық эфир­ді жаулай бер­гені де те­ле­ви­дение секілді ірі индустрияның контент тұрғысынан арзан­дағанын айшықтайтындай. Бұл кон­сервативтік сын емес, жоға­ры сапаны талап ету. Өнерге, мәдениетке сал­мақ­ты қарай­тын жан өз қадір-қасиетін бұлай түсірмесе керек-ті. Ал телеарналарға әлі де кон­цепциялық ізденіс қа­жет еке­ні көрініп-ақ тұр. Жаңа маз­мұн, тың пішіндегі тар­тым­ды бағдарлама көбейіп жат­са, өзіміздің өнім деп қуануға біз даяр.

Гүл БЕКЗАТ

www.aikyn.kz

Қатысты жаңалықтар

«Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

06.02.2026
Көксу аудандық орталық ауруханасында «клиникалық фармация» бөлімі ашылды

Көксу аудандық орталық ауруханасында «клиникалық фармация» бөлімі ашылды

06.02.2026
Жазушылар одағы жаңа Конституция жобасын талқылады

Жазушылар одағы жаңа Конституция жобасын талқылады

06.02.2026
Мәжіліс депутаты «тоқал» мәселесіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты «тоқал» мәселесіне қатысты пікір білдірді

06.02.2026
Алматыда конституциялық түзетулер қолдау тауып, олардың мәні түсіндірілді

Алматыда конституциялық түзетулер қолдау тауып, олардың мәні түсіндірілді

06.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.