Талдықорған: -1°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«СТУДЕНТТЕРГЕ СУ ШАШТЫ»: ТАЛДЫҚОРҒАНДАҒЫ ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІ

05.01.2020
РУХАНИЯТ
"СТУДЕНТТЕРГЕ СУ ШАШТЫ": ТАЛДЫҚОРҒАНДАҒЫ ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІ
WhatsAppTelegramFacebook

1986 жыл. Желтоқсанның 16-17 күндері әлі есімде… Талдықорған қаласындағы зооветеринариялық техникумының 4-курсында оқып жүрген кезім еді. Таңертең кезекті тәжірибелік сабаққа техникумның автобусымен Заря ауылының бір шаруашылығына бара жатқан едік. Сол кезде автобустағы радиодан бүгін Қазақстан Республикасының бірінші хатшысы Д.Қонаев өзінің өтініші бойынша зейнеткерлікке шығып, орнына Ресейден Г.Колбин тағайындалды деп хабарлағаны сол-ақ екен, автобус ішіндегі жастар бұл қалай деп орындарынан айғайлап түрегеліп кетіп, бірі-бірімен қызу талқы болып кетті.

Сол күні кешке жатақханада бүкіл студенттер арасында осы жайында қызу талқылау болды. Жастардың бір тобы: «Иә, зейнет жасына жетуіне байланысты зейнеткерлікке шығарғаны дұрыс шығар. Бірақ Д.Қонаевтың еңбегі елге сіңген азамат, бұлай жайдан-жай қызметтен босата салғаны дұрыс емес, еңбегін бағалап салтанатты түрде жіберу керек еді», — десе, ал біреулері: «Неге басқа жақтан жібереді? Өз еліміздің білімді азаматтары жетерлік. Солардан қою керек еді», — деп жатты.

Мұның бәрі жастардың орталықтан тағайындалған Г.Колбиннің Қазақстанға ел басқаруына жіберілгеніне және қазақ елімен санаспай өз дегендерін істейтін басқару жүйесіне деген реніші еді. Осылай ертесіне сабақ болып, күнделікті талқы болып жатты. Кешке жатақханаға келгенімізде Алматыда жастар осы жағдаймен алаңға шығып қозғалыс жасап жатыр дегенді естідік. Әрине, ол кезде қазіргідей жедел хабар алмасатын ұялы телефон жоқ еді. Бірақ жол қатынасымен барып-келіп жатқан адамдардан және радиодан берілетін хабарлар арқылы дереу таралып кетті.

Ертесіне күнделікті сабаққа жиналып жатып, бөлменің есігін ашып, сыртқа шыға бергенімде, әкем енді кіріп келе жатыр екен. Ол кісі Сарыбұлақ ауылында шопан болып жұмыс істейтін еді. «Қайдан жүрсіз?» — деген едім: «Балам, мына жағдайды естіп жата алмадым, түнімен барған көлікпен аудан орталығына келіп, одан автобуспен келіп жеткенім осы болды», — деді. Сосын: «Балам, менің тілімді ал, біреудің сөзіне ілесіп, ешқайда шықпай, тыныш отыр. Себебі, атаң, яғни, менің әкемнің әлі күнге дейін қайда екенін де білмейміз. Мұндай жағдай бұрын да болған. Өкіметке қарсы пікір айтамыз деп босқадан-босқа жауапқа тартылып, қуғын-сүргінге ұшырайсың. Сол себепті ешқайда шықпай, тыныш сабағыңды оқып, жайыңмен жүр деп ескертуге келдім», — деді.

Ол айтқаны атам — Сыбанқұлды 1932 жылы белгісіз себептермен бір түнде ұстап кетіп, қайда әкеткені белгісіз, екі жасар әкем анасымен қалып, нағашыларына барып паналап, олар оны арғы жаққа Қытайға өткізіп жіберген екен. Содан 1955 жылы елге оралып, осы Сарыбұлақ кеңшарында тұрақтап қалып, әкесі туралы дерек іздеуден сескеніп, іздеу салмапты.

Осыны айтқан әкем қайтадан ауылға қайтып кетті. Бірақ көзінде қалай болар екен деген үрей мен күдік бар еді. Сол күні 2-ші сабақтан кейін ешкімнің үгіттеуінсіз бүкіл техникумның студенті үзіліс уақытында облыстық атқару комиететінің алдына барып, мына жағдайға қарсы пікір айтамыз деп шығып кеткен екен. Мен есіктен шыға алмай, іште қамалып қалдым. Техникумның басшылығы алдыңғы топтың шығып кеткенін байқамай, артқы топты шығармау үшін есікті жауып үлгерген көрінеді.

Бұл күні тек біздің техникум емес, Талдықорған қаласындағы барлық оқу орындарында осындай жағдай болды. Барлық студенттер кеңескендей бірлесіп, орталыққа қарай ағылған. Барлық студенттер алаңға жете берген кезде Алматыда болып жатқан жағдайға байланысты жергілікті басқарушы орган өкілдері өрт сөндіру көліктерімен, бронокөліктерді алдын ала дайындап қойған екен. Студенттерді алаңға жеткізбей, су шашып, қуалап қайтарыпты. Содан қайтқан курстастар болған жағдай туралы айтып, гу-гу әңгіме жүріп жатты.

Содан бастап студенттерге сабақтан басқа жерлерге баруға тыйым салынып, жатақхана мен оқу корпусын бірнеше милиция қызметкері 1 ай бойы бақылауда ұстады. Студенттер тек жатақхана, асханаға, оқу корпусына барады. Себебі, Алматыдағы жағдайды естіп, сыртқа шығуға қорқып қалды. КГБ қызметкерлері болуы керек, барлық конспектілерімізді жинап, «листовка» таратқан адамдарды анықтауымыз керек, тексереміз деп жинап алып жатты. Алаңға шыққан кезде суретке де түсіріп үлгеріпті. Әрқайсымызды түскен суретте бар-жоғымызды салыстырып, қарап тексеріп жатты. Оқу орнымызда облыс басшылары және басқалары күнделікті жиналыс өткізіп, барлығы бекерге даурықпау керек екенін айтып, түсіндіріп жатты. Сол өткізілген жиналыстарда әркім әртүрлі пікірін айтып, талқыға салып, сұрақтарын қойды.

Сол кезде біздің оқу орнының саясаттан сабақ берген мұғалімі, комсомол жастар ұйымының төрайымы бекерден-бекер жауапқа тартылып, жұмыстан қудаланғанын айта кеткім келеді. Сол сияқты көршілес оқу орындарындағы студенттер сұраққа алынып, қамалып, оқуларынан шығарылып жатқанын естідік. Бұл әлгі алаңда суретке түсіп қалған жастар болса керек.

Егеменді ел болуымызға осындай менің замандас-құрдастарымның Отан деп соққан жүректері, орталық басқару жүйесіне қарсы жанайқай ықпал етті деп ойлаймын.

1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне байланысты құрбан болған замандастарымның жандары жанатта болсын. Олар қазақ елінің нағыз батырлары. Егеменді еліміздің тұғыры биік, мәңгілік болсын деймін.

Бұл сол жылы Талдықорғанда болған Желтоқсан көтерілісінің бір естелігі еді. Ойымда жүрген дүниені көпшілікке жеткізуді парызым санадым.

Ермек СЫБАНҚҰЛОВ

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

«Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

06.02.2026
Көксу аудандық орталық ауруханасында «клиникалық фармация» бөлімі ашылды

Көксу аудандық орталық ауруханасында «клиникалық фармация» бөлімі ашылды

06.02.2026
Жазушылар одағы жаңа Конституция жобасын талқылады

Жазушылар одағы жаңа Конституция жобасын талқылады

06.02.2026
Мәжіліс депутаты «тоқал» мәселесіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты «тоқал» мәселесіне қатысты пікір білдірді

06.02.2026
Алматыда конституциялық түзетулер қолдау тауып, олардың мәні түсіндірілді

Алматыда конституциялық түзетулер қолдау тауып, олардың мәні түсіндірілді

06.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.