Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӘДЕМІ ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

24 желтоқсан 2019
КҮЛТӨБЕ
ӘДЕМІ ДӘНЕКЕРЛЕУШІ
WhatsAppTelegramFacebook

«Қанша жерден мықты маман болсам да үйде әйелмін», – дейді жас кәсіпкер Әдемі Есеншораева. Темірден түйін түйген балқаштық келіншек ойын алаңшаларын жасап, тұтынушыларды тәнті етуде. Кәсіпкерлік пен ұсталықты ұштастырып, «нарыққа жаңаша леп әкелсем» деген ару ерекше кәсіптің қыр-сырын айтып берді.


Әдемі Ұланқызының негізгі мамандығы – бухгалтер. Екі қызды өсіріп отырған аяулы жар, ибалы келін жоғары оқу орнын бітіріп, жұбайы екеуі саудамен айналысқан. Тапқан табысына қанағаттанбаған келіншек екі жыл бұрын мүлде басқа бағытқа жол салады. Кәсіби білімі болмаса да дәнекерлеу ісін меңгеріп, кәсібін ашады.

–  Ең алғашқы кәсібіміз – фотосалон болатын. Жолдасыммен соңғы рет жаңажылдық шырша саттық. Ісіміз дөңгеленіп, 10 метрлік шыршаға тапсырыс түсе бастады. Дәнекерлеушілерді жалдап жүріп, неге өзім де жасап көрмеске деп қолыма дәнекерлеуші құралды ұстап көрдім. Әр жасаған жұмысымнан ләззат алдым. Осылайша дәнекерлеу ісін меңгердім, – дейді 25 жасар келіншек.

Әдемінің бұл мамандықты меңгеруіне жолдасы қарсы болмаған. Қайта оны демеп, жасаған өнімдерін саудаға шығаруға кірісіп кеткен. Кәсіпкер бұл ісін қыз балаға жат санамайды. Еңбектің  ебін таба білген ол әкімдіктен жалға жер алып, арнайы шеберханасын ашқан. «Бизнес бастаудың» арнайы жобасына қатысып, нарық заңдылықтарын игере бастаған Әдемі өтімді дүние өндіруге көшкен.

–  Бастапқыда қорқыныш болды. Өйткені өндірісте қауіпті құралдарды қолымызға алып, бірін кесіп, екіншісіне жалғаймыз. Бұл – қателікті кешірмейтін сала. Темірді өлшеммен кесіп, сақтықпен біріктіреміз. Қауіпсіздік ережесін жадымыздан шығармаймыз. Екі жылдан бері аудандағы саябақтар мен балалардың ойын алаңшаларындағы әткеншек, тағы да  басқа қажетті дүниелерді жасап жатырмыз. Балабақшаға қажетті өнімдерімізді еліміздің түкпір-түкпіріне жеткізіп береміз. Дайын жұмыстар бар, тапсырыс арқылы жасатуға болады. Жолдасым бұл салаға келуіме қарсы болмады. Ал анам әлі күнге ұялады, дәнекерлеуші екеніңді ешкімге айтпа дейтін, қазір көз жеткен соң ба, дұрыс қабылдайды барлығын, – дейді ол.

Өз ісін жандандырып отырған еңбек адамының өмірлік арманы асқақ. Күнделікті тапқан несібесі бүтін бір отбасының бақуатты тұрмыс кешуіне жеткілікті екенін айтады. Бұйыртса, алдағы уақытта кәсібін кеңейтіп, жандандыруды қолға алмақ. Сәтін салса балқаштық дәнекерлеуші келіннің өнімі өтімді дүниеге айналғалы тұр. Бүгінде Нұр-Сұлтан мен Алматыда өнімдерін сататын арнайы дүкен ашып, кәсібін көркейтіп отыр.

Өмір КЕНЖЕҰЛЫ

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.