Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«ТҰРҒЫНДАР ҚАЙТА ОРАЛДЫ»: АМАНДЫҚ БАТАЛОВ РАЙЫМБЕК АУДАНЫНА БАРДЫ

23 желтоқсан 2019
КҮНДЕРЕК
"ТҰРҒЫНДАР ҚАЙТА ОРАЛДЫ": АМАНДЫҚ БАТАЛОВ РАЙЫМБЕК АУДАНЫНА БАРДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ жұмыс сапарымен Райымбек ауданында болды. Ауданының өз алдына қайта қалпына келгеніне екінші жылға аяқ басты. Өңірдің қайта түлеп, жеке шаңырақ көтеруіне облыс басшысының өзі негіз қалады. Жергілікті халықтың өтініш-тілегін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жеткізді. Осыдан бір жарым жыл бұрын Елбасының арнайы Жарлығымен орталығы Нарынқол ауылы болып Райымбек ауданы қайта құрылды. Бұл шын мәнінде ел мен жердің үлкен қуанышына айналды. Өткен жылдың ауқымында 20 тұрғын үй пайдалануға берілді. Нарынқол ауылындағы көшелердің бәрі асфальтталып, жарықтанды. Ауыл тұрғындары таза ауызсуға қол жеткізді.

Облыс әкімі Райымбек ауданына жасаған сапары барысында Нарынқол ауылында жаңадан салынып жатқан спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысын көрді. Ғимараттың жалпы алаңы 4069,7 шаршы метр. Жобаның құны 1290,427 мың теңге. Құрылыс жұмысымен «Фуд МС» ЖШС айналысуда. Спорттық-сауықтыру кешені келесі жылдың аяғына қарай пайдалануға берілетін болады. Құрылыс жұмысының жайымен танысқан облыс әкімі мердігерлік серіктестіктің басшысына аталған нысанды уақытында сапалы түрде бітіруді тапсырды.

Райымбек ауданының орталығы Нарынқол ауылында келесі жылдан бастап 83 тұрғын үйдің құрылысы басталатын болады. Спорт кешенінің күн шығыс жағынан оның алғашқы жұмысы басталуда. Облыс әкімі аталған құрылыс нысандарын жүргізетін мердігерлік серіктестіктің басшыларына тиісті тапсырмасын берді.

Бұдан кейін облыс әкімі аудан орталығындағы күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілген мемлекеттік мекемелер орналасқан екі қабатты ғимаратты көрді. Ғимараттың жалпы алаңы 645,6 шаршы метр. Жобаның құны – 176,4 миллион теңге. Аталған ғимаратты «Фуд  МС» ЖШС жүргізді. Екі қабатты мекенжайға аудандық кірістер қазынашылық және статистика басқармаларының ұжымы орналасқан. Бұдан кейін мемлекеттік мекемелер орналасқан ғимараттың арт жағында салынып жатқан аудандық азаматтарға арналған үкімет екі қабатты ғимаратының құрылыс нысанында болды. Құрылыс жұмыстарын «Керуен сервис» ЖШС жүргізуде.

Нарынқол ауылындағы өз тұсында прокуратура мекемесі болған ғимаратқа күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп, қосымша құрылыспен толыққан болатын. Сервистік әкімшілік ғимаратының ашылу рәсімі болды. Оған куә болған облыс әкімі А.Баталов аталған ғимараттың ішін аралап көрді. Мұнда жұмыспен қамту орталығы, аудандық әкімдікке қарасты мемлекеттік мекемелер орналасқан. Жылы да жайлы мекенжай көңілге қуаныш ұялатады.

Бұрын аудандық әкімдік пен мәслихат қоныстанған үш қабатты ғимарат та күрделі жөндеуден өткізілген еді. Заманауи қалыпқа келтірілген ғимараттың іші-сырты түгелдей жаңғыртылған. Ғимараттың жалпы алаңы 1522,9 шаршы метр. Құны 496,7 ммиллион теңге. Құрылыс жұмыстарын «ГунСтройСервис» ЖШС жүргізді. Аталған нысанға аудандық әкімдікке қарасты мекемелер қоныс тепкен. Құрылыс жұмыстарын жүргізген серіктестік басшыларына ризашылыған білдірген облыс әкімі 3 қабатты ғимаратты аралап көрді.

Бұдан кейін аудандық әкімшіліктің астыңғы қабатандағы мәжіліс залында аудан тұрғындарымен жиналыс болды. Алғашқы сөз кезегін алған Райымбек ауданының әкімі Нұржан Құдайбергенов жаңа жылдың алдында ел қуанышын бөлісіп, жұмыс бабындағы сапарымен ауданға келген облыс әкіміне ел мен жұрттың алғысын жеткізді. Ауданның қайта қалпына келуіне қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.

— Құрметті көпшілік! Міне, бүгін Нарынқол ауылында болып, қуанып тұрмын. Жастар үшін, ауыл тұрғындары үшін спорттық-сауықтыру кешені салынуда. Келесі жылы пайдалануға берілетін болады. Оның сыртында келесі жылы 83 тұрғын үйдің құрылысы қолға алынады. Оның іргетасы қалануда. Нарынқол ауылы орталығы болып Райымбек ауданының қайта қалпына келгелі бері өңірге мыңнан аса жас, бұрынғы тұрғындар қайта оралды. Бұл үлкен қуаныш. Райымбек ауданын қайта қалпына келтіру туралы Елбасымыз Н.Назарбаевқа өтінішімді жеткізген кезде осы мәселені айтқан едім. Сол ойым орындалып жатыр. Сіздерді алда келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен шын жүрегіммен құттықтаймын! Жаңа жылда жаңа табыс, әрбір шаңыраққа қуаныш пен бақыт тілеймін! – деді облыс басшысы қорытынды сөзінде.

Жиналыста Нарынқол ауылының тұрғыны, Райымбек ауданының қос бірдей Құрметті азаматы Медетхан Абиров пен Балжан Омарова, жас маман Қадыржан Сабырақын, Талас ауылының тұрғыны, Райымбек ауданының Құрметті азаматы Нұрлан Әкімбайұлы сөз алып, қайтадан қалпына келген Райымбек ауданына көптен-көп қолдау көрсетіп отырған облыс әкіміне алғыс айтты.

Қанат БІРЖАНСАЛ

Фото — Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Райымбек ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Бүгін, 16:46
Махаббат ол…

Махаббат ол…

Бүгін, 16:09
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.