Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТІЛІМ — БАЙЛЫҒЫМ

20 желтоқсан 2019
РУХАНИЯТ
ТІЛІМ - БАЙЛЫҒЫМ
WhatsAppTelegramFacebook

Талғар ауданында  «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің филиалы ашылды. Айтулы шараға облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Айдар Башбаев, «Парасат» орденінің иегері, қоғам қайраткері Асылы Осман, Талғар ауданының Құрметті азаматы Нәйлә Үмбетова, басқа да тіл жанашырлары жиналды.

Орталықтың ашылу салтанатында өзге ұлт өкіл-дерінен құралған жас өрендер Абай аталарының жырларынан шашу шашса, танымал айтыскер ақын Даубай Әбдісайт пен ақын Бексұлтан Көлбаев тіл жайлы жүрек тербер өлеңдерін тебіреніспен тарту етті. 
–  Облыста бірқатар шара атқарылуда. Осы орайда, облыс әкімі А. Баталовтың қолдауын сезініп отырмыз. Соның айқын дәлелі, облыстағы он ауданда бұрын-соңды болмаған оқу-әдістемелік орталықтарын ашуды бастадық, – деген Айдар Карбозұлы филиал қызметкерлерінің мемлекеттік тілді одан әрі кеңейту мен латын әліпбиіне көшу тұрғысында атқаратын жұмыстарына табыс тіледі.
Тіл жанашыры Асылы Осман тәуелсіздік алған 28 жылда мемлекеттік тілдің өз деңгейінде қолданыста болмай, тұғырына қона алмай отырғанына күйінішін жасырмады. «Ашынғанда шығады ащы дауысым» дегендей, отбасында өз бала-шағасымен, немерелерімен қазақша сөйлеспейтіндер бар. Осы мәселе жаныма батады.  Көп тілді меңгергеніне қарсылығым жоқ, бірақ өзінің туған тілінің қадірін қашыру дұрыс емес», – деген Асылы Әлиқызы латын әліпбиінің негізінде қазақ тілінің әуезділігін, үндестігін сақтап қалу қажеттігін айтты. 
Орталықтың салтанатты түрде лентасы қиылып, данагөй Қарыбай ата ақ батасын берсе, кестелі кимешек киген әжелер шашуын шашты.
Мемлекеттік тілді дамыту мен латын әліпбиіне көшуде маңызды қызмет атқаратын орталыққа ақын Кәмнұр Тәлімұлы басшылық етеді. Мемлекеттік тілдің тұғырына қонуына рухты жыры, тыңғылықты ісімен атсалысып жүрген атпал азаматтың орталықтың ісін ілгерілетуде де тиянақтылық танытары сөзсіз. Мұнда келушілерге тіл маманы, білікті ұстаз Гүлнәр Мамырбаева мен әдіскер Гүлмира Бахиева мемлекеттік тілді меңгеруге латын қарпін тануға, жазуға оқытатын болады.

Ұлбосын ИСАБЕК
Талғар ауданы

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Бүгін, 16:46
Махаббат ол…

Махаббат ол…

Бүгін, 16:09
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

Бүгін, 14:53
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

Бүгін, 14:00
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін, 13:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.