Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

«ҚИЫНДЫҚТЫ ЖЕҢДІМ»: ШАХМАТШЫНЫҢ ЕНДІГІ АРМАНЫ — ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ

04.12.2019
АЛТЫН ТҰҒЫР
"ҚИЫНДЫҚТЫ ЖЕҢДІМ": ШАХМАТШЫНЫҢ ЕНДІГІ АРМАНЫ - ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ
WhatsAppTelegramFacebook

Өмірде қанша адам болса, сонша тағдыр бар. Бірақ жаратылысымыз ұқсас болғанымен әрқайсымызға әртүрлі сынақ берген. Біреулер қамшының сабындай қысқа ғұмырға тас жарар талантымен келсе, екіншісі, тәлейлі тағдырымен жарық дүние есігін ашады. Енді бірі табиғаттың тосын құбыластарынан келген сынаққа тап болады. Өмірдің сергелдеңі кімді болса да шалуға даяр. Десе де, қас-қағым сәтте өте шығатын бес күн жалғанда қилы тағдыр қиындығын жеңіп, санасының биік, мақсатының мұнарлы екенін дәлелдеген жігерлі жандар жетерлік. Солардың бірі – тағдыр талқысы алдында тізе бүкпей, басына салған ауыр сынды еңсеріп, байрақты бәсекелерде ел намысын қорған жүрген Серік МАКЛУШОВ.

– Мен 1964 жылы қазіргі Түркістан облысы, Кентау қаласында дүниеге келдім. Бес ағайындымыз. Жалындаған жастық шағым Кентау қаласында өтті. Ақыл-ой спортымен бала күнімнен айналыстым. Асқар тау әкем мені осы спорт түріне бейімдеп, мектеп табалдырығын атаған күні-ақ Кентаудағы шахмат мектебіне алып барды. Өзіме қатты ұнаған шахмат күн өткен сайын шымырлаған тұңғиығына тарта берді. Спорт – ел намысы, бейбітшілік елшісі емес пе?! Сиқырлы өнердің арқасында адамдармен таныстым, ел, жер көрдім. Жаттығудан қалмай, ерекше құлшыныс танытқанымның арқасында жетістіктерге жеттім. Оқушылар арасында өткен сан алуан додаларда жеңімпаз атандым. 1978 жылдан бастап республикалық додада өнер көрсеттім. 14 жасымда Орал қаласында әр облыстың кіл мықты спортшылары жиналған бәсекеге қатыстым. Сол сайыста арнайы қонақ болып келген шахматтан әлемнің экс-чемпионы М.Тальмен ойнап, тең түстім.

Осыдан кейін шахматқа деген құлшынысым артты. 1980-1984 жылдары студенттік жарыстарда бақ сынадым. 1984-1986 жылдары әскерге барып, сарбаздық клубтарда ойнадым. Отан алдындағы борышымды өтеп келген соң отбасын құрдым. Гүлмира есімді жарым, Базира, Жазира деген қыздарым, Жиембет атты ұлым бар. 1987-1995 жылдары Кентау қаласының құрамында өнер көрсеттім. Өмірімді спортпен байланыстыратынмын. Бірақ мамандығым басқа болғандықтан Кентау қаласындағы шахтада жұмыс істедім. Таңнан кешке дейін қара жұмыста жүрсем де, уақыт тауып, шахмат ойнауға тырысатынмын. Жарыстарға қатысып тұрдым. Кейіннен Кентауда өнеркәсіп жабыла бастады.

Сөйтіп, шахта, зауыты бар жерлерден жұмыс іздедім. Бір досым: «Текелі дейтін керемет қала бар» деп, Жетісу жерінен жұмыс іздеуге кеңес берді. Ол кезде жаспын. Ойланбастан жер жаннаты Жетісуға аттандым. Текелі қаласына келдім. Тау қойнауында орналасқан, тұмса табиғатымен тамсандыратын моноқала қатты ұнады. Самал желімен баурап алатын, саф алтындай ауасы бар қаладан жұмыс тауып, өз мамандығымды әрмен қарай жалғастырдым. Спортты да тастамадым. Текелі қаласының атынан жарысқа шығып жүрдім. Бірақ 2000 жылдары шахтада жұмыс істеп жатқанымда оң көзіме тас тиіп, қатты жарақат алдым. Жазылар деп жүре бердім. Уақыт өте келе көру қабілетім төмендей бастады. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты екенін балтырың сыздағанда білесің. Көзім нашарлап, дәрігерге барғанымда бәрі кеш болды. Сөйтіп, бір көзім тас түнекке айналды. Бұл мен үшін ауыр соққы болды. Жан-жарымды, бүлдіршіндерімді ойлап қатты қиналдым. Ертеңгі күн не болмақ? Отбасыма масыл боламын ба? Санама сан алуан сұрақтар келіп, ойым жан-жаққа шашырады. Өз-өзімді жігерлендірдім. Ауырдым десең, төрт қабырғада дел-сал болып жата бересің. Бұл да Тәңірдің берген сынағы болар. Су қараңғы соқыр болып қалмағаныма шүкірлік етіп, еңбекке деген құлшыныспен өмір сүрсем ғана алға қойған мақсатым жүзеге асып, арманым орындалатынын білдім. Адамның қос жанары — шырағы емес пе?! Десе де темірді шыңдау үшін отқа салатын секілді қиындықты өз пайдама бейімдедім. Жігерімді жанып, спортты серік еткенімнің арқасында басыма салған қиындықтарды жеңдім.  Арманыма қарай қадам бастым.

Бұл – Серіктің өмірге келген күннен бастап, балалық шақтағы жеткен жетістігі. Ол сау адамдардың қатарына қосылды. Енді оның үлкен спорттағы жеңісін тағы да Серіктің өз аузынан естиік.

– 2006 жылдан бастап шахматты қайта қолға алдым. 2008 жылы Өскемен қаласында көру мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен ел біріншілігінде алтыннан алқа тақтым. Келесі жылы Талдықорған қаласында өткен қалалық турнирдің жеңімпазы атандым. 2010 жылы Талдықорғанда өткен облыстық іріктеу жарысында 1-орынды қанжығама байладым. Сондай-ақ, 2012 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам» атты тұжырымдаманың бағдарламасы негізінде Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған облыстық спартакиадада шахматтан жоғары деңгейде ойын көрсеткені үшін I дәрежелі дипломмен марапатталдым. Сол жылы Алматы қаласында жалауын желбіреткен ҚР чемпионатында алтынмен апталып, халықаралық жарысқа жолдама алдым. Үндістанның Ченнаий қаласында өткен жарыста ел намысын қорғадым. Қазақстан құрама командасы болып өнер көрсеткен сайыста 9-орынды місе тұттық. Содан бері бірнеше дүркін ел чемпионы атандым. 2019 жылы Индонезияда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен Азия ойындарына барып, үздік бестіктің қатарынан көріндім. Спортты дамытуға қосқан үлесім үшін облыс, қала әкмінің Алғыс хаттарын алдым. Бұйырса, алдағы жарыстарда ел абыройын асқақтату үшін барымды салып өнер көрсетуге тырысамын.

Серік нөпір тасқынға ұқсас қара дүлей күшті – үрейді жеңді. Қилы тағдырдың қиындығына төтеп берген жігерлі жанның алдағы мақсаты қандай? Оны да сұрап көрдік.

– Менің алдағы мақсатым елімнің Көк Туын әлемдік ареналарда желбірету. Сонымен қатар, білікті де білімді шәкірт тәрбиелеу. Мүмкіндігі шектеулі жандарды да спортқа тарту – арманым. Текелі қаласынан шахмат мектебін ашып, болашақ жастарды спортқа баулысам деймін. Кезінде балаларды дайындап, Талдықорғанда өткен жарыстан чемпион болғанбыз. Шәкірттерім қазір үлкен азамат болды. Барлығы әр қалаға оқуға түсті. Болашақ жастарды тәрбиелегім келеді. Өйткені, бүгінде шахматтан түрлі жарыстар өтуде. Бірақ қаламыздағы талантты балаларды тәрбиелеп алып бара алмай отырмын. Қаламызда шахматтан үйірме ашылса екен деген тілегім бар. Әзірге жалғыз шәкіртім – немерем. Бірінші сынып оқитын жаннан қымбат немерем спортқа қатты қызығады. Бес немере тәрбиелеп отырмын. Шахмат спортына қызықса, барлығын үйретуге дайынмын.

Көзі көрмесе де, жігерлі жан мойымады, өмірге деген құлшынысын құлдыратпады. Асау атты ауыздықтағандай тізгінсіз көңілін сынаққа көндірді. Болашақтан күтер арман-тілегін, үркер үміті мен мазасыз мұңын спортқа айналдырды. Баянсыз жалғанның тұмбасына батпай, тұманына адаспай, көңілін кері кетірмей, отбасым деп еңбек еткеннің арқасында биік белестерді бағындырды.

Айдар ҚАЛИЕВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Теміржолшылар таңдауы

Теміржолшылар таңдауы

15.03.2026
Болашақ – бүгіннен басталады

Болашақ – бүгіннен басталады

15.03.2026
Арыстанғали Арын: «Әрбір азамат тарихи сәтте бейжай қалмауы керек»

Арыстанғали Арын: «Әрбір азамат тарихи сәтте бейжай қалмауы керек»

15.03.2026
Ауыл ақсақалдары үлгі көрсетті

Ауыл ақсақалдары үлгі көрсетті

15.03.2026
Абай көшесінің 30 тұрғыны дауыс берді

Абай көшесінің 30 тұрғыны дауыс берді

15.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.