Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

«ҚЫЛМЫС АРТТЫ»: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ОН АЙДЫҢ КӨРСЕТКІШІ МӘЗ ЕМЕС

3 желтоқсан 2019
САЯСАТ
"ҚЫЛМЫС АРТТЫ": АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ОН АЙДЫҢ КӨРСЕТКІШІ МӘЗ ЕМЕС
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысында балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде жиын өтті. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу және оларды құқықбұзушылықтардан қорғау мәселесі талқыланған отырысқа құқық қорғау органдары, прокуратура және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері, білім беру және денсаулық сақтау қызметкерлері және мүдделі органдар қатысты.

— Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша облыста жасөспірімдер арасындағы қылмыс 4,3 пайызға артты. Құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында жедел алдын алу іс-шаралары 7 мәрте ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Жасөспірім» шарасы 4 рет, ал «Түнгі қаладағы балалар» акциясы 3 мәрте өткізілді, — деп атап өтті полиция генерал-майоры Мұрат Ұрұмханов.

Кәмелетке толмаған баласының түнгі мезгілде үйден тыс жерлерде жүруіне жол берген 4 мыңға жуық ата-анаға әкімшілік айыппұл салынса, 66 ойын-сауық орталықтарының иелері қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылған.

Облыстық полиция департаментінің бастығы мектеп оқушыларының қауіпсіздігі туралы айтып, еліміздің өзге өңірлеріндегі тәжірибеге сүйеніп, мектеп қауіпсіздігін білікті жеке күзет ұйымдарына тапсыруды ұсынды. Сонымен қатар, балаларды өрттен қорғау шаралары, бейнебақылау камераларының санын арттыру, интернет желісі арқылы ата-аналарға мектеп ауласындағы және ішіндегі жағдайларды бақылап отыруға мүмкіндік беру мәселесі талқыланды. «Қазіргі уақытта облыстағы мектептерде 15860 бейнебақылау камерасы орнатылған. Дегенмен, олар жалпы жағдайды бақылауға ғана жетеді. Сондықтан, камералардың санын арттырып, бет-әлпетті көре алатын, күдік тудырған адамдардың тұлғасын жылдам анықтайтын заманауи құрылғыларды енгізу қажет», — деп толықтырды ведомство басшысы.

Облыста үш жүзден астам мектептің дәретханасы далада орналасқан. Олар толық жабылғанға дейін түрлі қылмыстардың алдын алу қиынға соғып отыр. Жиында осы бағытта түрлі ұсыныстар талқыланды. Сондай-ақ, облыстың бас полицейі 760 мектептің оқушысына 182 полиция инспекторының қарайтынын айта келіп, олардың санын арттыру мәселесін қарастыруды тілге тиек етті. Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясының мүшелеріне бірлесіп жұмыс жасауды және полиция тарапынан қандай да бір кемшілік болса, полиция департаментіне хабарлау қажеттілігі айтылды.

Балалар қауіпсізідігін қамтамасыз етуде полиция тарапынан қажетті барлық шаралардың қабылданып жатқанына сендірген Мұрат Ұрұмханов әрбір қателіктің бала болашағына әсер ететінін ескеріп, барлық тұрғындарды күш жұмылдыруға шақырды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.