Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҒАЛЫМ ЖОЛЫ ӨНЕГЕ

3 желтоқсан 2019
КҮЛТӨБЕ
ҒАЛЫМ ЖОЛЫ ӨНЕГЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Мұғалім – мамандық, ұстаздық – қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы  ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған адамның бірі – Талдықорған педагогикалық институтының түлегі, физика-математика ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Есенғали Смағұлов.


Есенғали Жексенбайұлы ЖМУ-да табан аудармай 44 жыл жас маман дайындап келеді. Қызмет жолында қарапайым лаборанттан бастап профессорға дейін өсті. Ол әскер қатарынан оралғаннан кейін өзі тамамдаған институтына оралды. Келешегінен үміт күттіріп, ғылымға деген құштарлығын анық байқата білген жас маманды үлкен білім ошағы жатсынбады. Новосибирск қаласында күндізгі аспирантураны тамамдап, Есенғали Жексенбайұлы 1992 жылы Талдықорған педагогикалық институт түлектері арасында бірінші болып физика-математика ғылымдарының кандидаты деген ғылыми дәрежесін алды.

1989 жылдан бастап ол І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде бірқатар қызметті атқарды. Нақтылай айтқанда доцент, профессор, физика-математика факультеті деканының орынбасары, математикалық модельдеу және менеджмент кафедрасының меңгерушісі болды.

Білікті ұстаз 2009 жылы докторлық диссертациясын қорғап, оған педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді. 

Педагогикалық институтты бітірген түлектер арасында алғашқы ғылым докторы атағына қол жеткізуі де ғылым жолына бар ынтасын арнағандығының белгісі деп атауға болады. 

Дәл осы жылы  Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»  мемлекеттік гранты  иегері атанды. Мұндай марапат Есенғали Жексенбайұлын одан ары қанаттандыра түсті.

Бойындығы бар білімін ғылымға арнаған білікті маман еңбегімен жеткен ғылыми дәрежелерге тоқмейілсіп қалмады. Қарым-қабілетін одан ары ұштай түсу үшін Ө. Жолдасбеков атындағы құқық және экономика академиясының декан, оқу және ғылыми жұмыстар проректоры болып ауысып, лауазымды қызметті үлкен жауапкершілікпен атқарды. Кейін 2011 жылы  информатика және информатика оқыту әдістемесі кафедрасының   профессоры болды.

Өзі тамамдаған білім ордасына қайта келіп, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде  «Математика  және  жаңа технологиялар» ғылыми зертханасының меңгерушісі болды. Университет  негізіндегі «Инновация» және «Сотрудничество» конкурстарының грант иегері деген жаңалық                         Е. Жексенбайұлы мен университтің абыройын одан ары асырды.

Толығырақ айтар болсақ, Е. Смағұлов «47ХНМ құйманың механикалық қасиеті мен құрылымына термоөңдеу және сыртқы құбылыстардың әсері» атты тақырыбымен 41 млн. тенгенің грант иегері атанды.

Осындай қажырлы еңбегінің арқасында 2016 жылы білімге және ғылымға сіңірген еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Оған профессор ғылыми атағы берілді.

Шәкірт тәрбиелеуде де үздік нәтижеге қол жеткізді. Екі ізденушісі кандидаттық диссертация қорғады, оның біреуі ЖМУ-да жұмыс істейді, ал екіншісі Нұр-Сұлтан қаласында. 

Бүгінде Есенғали Жексенбай- ұлының жетекшілігімен жеті докторант диссертация жазуда, оның бесеуі ЖМУ-дің математика және информатика кафедрасынан, ал екеуі өзге университеттің докторанты. 

Есенғали Жексембайұлының жалпы 200-ге жуық ғылыми еңбегі бар. Профессордың қаламынан 2 монография, 37 оқулық, оқу құралы және оқу-әдістемелік құралы жарық көрді. Содай-ақ, ККСОН базасындағы ғылыми журналдарда 44 мақаласы  жарияланды.

«Scopus» базасындағы ғылыми журналдарға да үш мақаласы басылған. «Психология және педагогика» бағыты бойынша халық-аралық іс-тәжірибеден өтті және бірнеше ғылыми-практикалық конференцияларға (Прага қаласы, Чехия Республикасы, Омск қаласы, Ресей, Бішкек қаласы, Қырғыз Республикасы) қатысты. Бар ғұмырын ғылымға арнаған Есенғали Жексенбайұлының өнегесі көпке үлгі. 

Біз Есенғали Жексембайұлын мерейлі 63 жасымен  шын жүректен құттықтаймыз. «Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады» деген халық даналығы бар. Е. Жексенбайұлы білікті, ғалым ұстаздарымыздың бірі емес, бірегейі. Профессор жүріп өткен жол – әрбір студент жасқа үлгі-өнеге. Ғалымға жаңашыл, ұшқыр ойлы, әр істе көшбасшы бола  берсін дейміз.

Камшат ЗАБИЕВА,
ЖМУ-дің математика және информатика кафедрасының аға оқытушысы, докторант

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00
Түтін басқанда не істеу керек? Төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету жолдары

Түтін басқанда не істеу керек? Төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету жолдары

Бүгін, 13:30
Текеліде «Серкесай» жобасының екінші кезеңі пысықталды

Текеліде «Серкесай» жобасының екінші кезеңі пысықталды

Бүгін, 13:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.