Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

«ЕСІГІМІЗ АШЫҚ»: НАЗАРБАЕВ ӘУЛЕТІ САЛҒАН КЕШЕНДЕ 1800 БАЛАҒА ОРЫН БАР

01.12.2019
АЛТЫН ТҰҒЫР
"ЕСІГІМІЗ АШЫҚ": НАЗАРБАЕВ ӘУЛЕТІ САЛҒАН КЕШЕНДЕ 1800 БАЛАҒА ОРЫН БАР
WhatsAppTelegramFacebook

Шамалған ауылында пайдалануға берілген «Úshqońyr» дене шынықтыру-сауықтыру кешені Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастауымен және сол әулеттің демеушілігімен бой көтергені белгілі. Ат шаптырым аумақты алып жатқан спорт кешені бір мезгілде 1800 баланы қамти алады. Мұнда 450 адам жанкүйерлік ете алатын футбол алаңы, 11 олимпиадалық спорт түрімен айналысуға мүмкіндік беретін тоғыз жаттығу залы орналасқан.

Дәурен Төлеген жетекшілік ететін кешенде бүгіндері 115 адам ынтымақты еңбек етуде. Бұл жерде еркін күрес, бокс, жекпе-жек өнерінің бірнеше түрі, сонымен қатар, суда жүзу, жеңіл атлетика, футбол, волейбол, баскетбол, үлкен теннис, бадминтон, армрестлинг, шахмат ойындары да жолға қойылған.

Кешендегі халықаралық дәрежедегі жарыстарды өткізуге лайықты екі жүзу бассейні келушілерді ерекше қызықтырады. Балаларға және ересектерге арналған бассейннің бірінің ұзындығы 25, ал ені 11 метр болса, балалар бассейні тиісінше ұзындығы 10, ені 6 метрді құрайды. Бұл жерде коммерциялық және спорттық топтар жұмыс жасайтынын айта кеткен орынды. Яғни, ақылы жаттығуларға келіп жүрген балалардың ішінен жүзу спортына қабілеттілігін көрсеткендері спорттық секцияға ауыса алады. Бұл балалардың өздерін шыңдай түсуге деген ынтасын арттыратыны сөзсіз.

Ересек балаларды спорт шеберлері Сейіл Сатыбалдинов пен Вероника Ермошкина жаттықтырса, кішілері Динара Алдабергенованың қамқорлығына берілген. Алдын-ала суда жүзу қауіпсіздігі жайлы мағлұмат алған балалар спорт мектебінің дәрігері Назымкүл Сағымбекованың тексеруінен өткеннен кейін ғана жаттығуға жіберіледі. Бассейнге түспес бұрын себезгіде мұқият жуынып алу бұлжымайтын дәстүрге айналған.

– Біз бес және он екі жас аралығындағы балаларды қабылдаймыз, – дейді суда жүзуден спорт шебері Сейіл Сатыбалдинов. – Пайдалануға берілгеніне көп уақыт өте қоймаса да тәрбиеленушілеріміз қазірдің өзінде облыстық, республикалық жарыстарда жүлделі орындардан көрініп жүр.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өзінің чемпиондары да қалыптасып үлгерген. Мысалы, Жандосов ауылдық округіне қарасты Шалқар елді мекенінде тұратын егіздер – Әмірхан мен Әлихан Ердосұлы жаттықтырушылардың үкілеген үміттеріне айналған. Кезінде стол теннисінен спорт шебері дәрежесін қорғаған Зәуре Қожамқұлова бүгіндері қос немересін спортқа баулып жүр. Осылайша, үлкендердің сенімін ақтаған Әмірхан облыс чемпионы атанса, Әлихан Алматы қаласында өткен жарыста жеңімпаз атанды.

Кешендегі жаттығу залы да спортсүйер қауымның көңілінен шыққан. Ернұр Суфан және Диана Амангелдиева жаттықтыратын бұл секцияға келушілердің қатары күн санап көбейіп келеді. Сондықтан, жуырда бұл залға адам ағзасының түрлі бұлшық еттерін шыңдайтын жаңа құрылғылар қосымша қойылды.

– Спорт кешені жексенбіден басқа күндері таңғы сағат 8-ден кешкі 19.30-ға дейін жұмыс істейді, – дейді директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Әйгерім Құсбекқызы. – Бұл жерде балалар ғана емес, өз денсаулықтары мен сымбаттарына бейжай қарамайтын ересектердің спортпен айналысуына мол мүмкіндіктер жасалған. Келушілердің уақыт ыңғайына қарай спортпен шұғылданатын мерзімін қалауынша белгілеп бере аламыз. Сол сияқты ұжымдық өтініштерді қабылдау жолға қойылған. Демек, салауатты өмір салтын ұстанып, мәнді де қызықты ғұмыр кешкісі келетіндерге есігіміз әрқашан ашық!

Жуырда пайдалануға берілген дене шынықтыру-сауықтыру кешені болашақта ел намысын қорғайтын талай сайыпқыранды тәрбиелеп шығарады деп сенеміз.

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

Қарасай ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Үйқамаққа алу кезіндегі шектеулер

Үйқамаққа алу кезіндегі шектеулер

14.03.2026
Интеллектіге салынған инвестициялар: Қазақстанда 2022-2025 жылдары ғылыми гранттарды іске асыру қорытындылары

Интеллектіге салынған инвестициялар: Қазақстанда 2022-2025 жылдары ғылыми гранттарды іске асыру қорытындылары

14.03.2026
Сандық – ұлт жадының қазынасы

Сандық – ұлт жадының қазынасы

14.03.2026
Жетісу облысында боччадан республикалық турнир басталды

Жетісу облысында боччадан республикалық турнир басталды

14.03.2026
Жетісуда Көрісу күні – Амал мерекесі кеңінен аталып өтті

Жетісуда Көрісу күні – Амал мерекесі кеңінен аталып өтті

14.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.