Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

БІРЕУІ ЭКС-ҚЫЛМЫСКЕР: АЛМАТЫДА МАЛ ҰРЛАҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ

28 қараша 2019
САЯСАТ
БІРЕУІ ЭКС-ҚЫЛМЫСКЕР: АЛМАТЫДА МАЛ ҰРЛАҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының полицейлері ұрланған сиырлардың етін сатқан қылмыстық топ мүшелерін құрықтады. Қылмысты ашуға бағытталған шара барысында жедел-іздестіру тобы күдіктілерді анықтап, ұстады.

19 қараша күні Жамбыл аудандық полиция бөліміне Жайсаң ауылының 48 жастағы тұрғыны қорасындағы жақында бұзаулайтын екі сиырының түнде ұрланғаны туралы хабарлаған. Бірнеше сағат ішінде аудандық жедел уәкілдер алматылық базарлардың бірінде ұрланған сиыр етін сатқан 4 күдіктіні қолға түсірді.

«Топ мүшелерінің барлығы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары болып шықты. Олардың бірі — Балтабай ауылының бұған дейін кісі тонау және ұрлық, оның ішінде, мал ұрлығы үшін бірнеше рет сотталған 27 жастағы тұрғыны. Тергеу барысында күдіктілердің малды сойған жерінен жетілген екі бұзаудың өлігі мен сиырлардың басы, терісі және ішек-қарындары табылды. Аталған айғақзаттар тергеу материалдарына тіркелді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта облыста мал және ет өнімдерін саудалауға тексеру жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұсталған азаматтардың тағы да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Күдіктілер қамаққа алынып, дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жыл басынан бері облыста мал ұрлығына қатысы бар 60-тан астам барымташылар тобы құрықталып, олардың 140-қа жуығының мал ұрлығын жасағаны дәлелденді. Полиция қызметкерлері зардап шеккен ауыл тұрғындарының малын іздестіріп, 700-ден астам малды заңды иелеріне қайтарған.

2019 жылы ветеринарлық қызметпен бірлескен өзара іс-қимыл барысында мал тасымалдау тәртібін бұзудың 656 дерегі анықталып, 277 материал тіркелген. Заң талабын бұзушыларға 8 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынған.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.