Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«АУРУХАНАНЫ ҚАЛДЫРСЫН»: ЛЕПСІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ДАБЫЛ ҚАҚТЫ

8 қараша 2019
КҮНДЕРЕК
"АУРУХАНАНЫ ҚАЛДЫРСЫН": ЛЕПСІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ДАБЫЛ ҚАҚТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының Сарқан ауданына қарасты Лепсі ауылында аурухана жабылуы мүмкін. Бұл туралы «Qazaqstan» ұлттық арнасының Алматы облысындағы меншікті тілшісі Қуаныш Қанатұлы дайындаған бейнематериалда көрсетілді.

Телеарнада көрсетілген материалда егер емдеу мекемесі жұмысын тоқтатса, тұрғындар Талдықорғанға немесе Сарқан қаласына сабылатындығы айтылған. Ал Лепсі облыс орталығынан 180, Сарқан қаласынан 220 шақырым қашықтықта жатыр. Қазір мұнда кезінде ауыл халқын жұмыспен қамтыған кәсіпорындар да жоқ. Жағдай бұлай кете берсе, елді мекендегі жалғыз мектеп те жабылып қалу қаупі бар. Шалғайдағы ауылдың жай-күйін біліп қайтқан Қуаныш Қанатұлы өңірдегі өзекті мәселенің бірін көтеріп, ауыл тұрғындарынан және аурухана меңгерушісінен пікір алған.

Мәселен, Лепсі ауылының тұрғыны Жайдар Қалыбаева: «Баталовқа елдің бәрі жазылып, кіріп жатыр екен ғой. Мен де жазылып кірем де, жағдайымды айтамын. Аурухананы қалдырсын», — десе, Әнияш Иманбаева: «Талдықорғанға такси жүргізушілер арқылы мына банк картасын беріп жіберіп, жалақымызды алып отырамыз. Таңартең беріп, түстен кейін осылар аман-есен ақшамызды әкеліп берсе екен деп. Оның бәріне ақша пұлын төлейміз», — деп қордаланған шағымын жеткізді.

Бірақ аудандағы жауапты тұлғалар аурухана жабылмайтынын, ауылдық амбулатория деңгейіне қысқаруы мүмкін екендігін айтқан. Себебі, аурухана талап бойынша 10 мың тұрғыны бар елді мекендерде ғана жұмыс істейтін көрінеді.

Лепсі ауылдық аурухана меңгерушісі Жанар Мусинаның өзі болса, халық санының аздығына байланысты реорганизация болып жатқанын тілге тиек етті.

Қазіргі таңда емдеу мекемесі қалыпты жағдайда жұмысын жалғастыруда. Бейнематериалда Лепсідегі банкомат мәселесі де көтерілді. Мұның себебі жергілікті полицияның кезекші бөлімі қысқарғандықтан, банкомат та жұмысын тоқтатқандығында болып отыр. Банкомат полиция ғимаратына жапсарлас орнатылған. Қазіргі таңда аудан әкімшілігі банк басшыларымен келіссөз жүргізіп, мәселені оңтайлы шешу жолдарын қарастыруда.

Айта кетейік, Бөрлітөбе ауданы осыдан 22 жыл бұрын қысқарып, Сарқан ауданымен біріктірілген. Содан бері Лепсі тұрғындарының еңсесі түсіп, берекесі қашқан. Жыл сайын бір мекеме жабылып, тұрғындардың біраз бөлігі жақсы өмір іздеп қалаға көшкен. Бейнематериалда ауруханамыз жабылғалы жатыр деп дабыл қаққан ауыл тұрғындарының жанайқайы көрсетілген.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.