Талдықорған: +13°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

«АЙЫПТАУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ»: ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ ЖОЛДАУ ТУРАЛЫ ПІКІР БІЛДІРДІ

23.10.2019
САЯСАТ
"АЙЫПТАУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ": ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ ЖОЛДАУ ТУРАЛЫ ПІКІР БІЛДІРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауын зор ынтамен қабыл алдым. Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауында көтерілген мәселелер қоғамдық өмірдің түрлі саласын қамтиды.

Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың барлығы бес институционалдық реформа жəне Ұлт жоспарын жүзеге асыруға негізделеді. Жолдау қағидаларын іске асыру үшін бес іргелі міндет айқындалды: қазіргі заман талабына сай тиімді мемлекет, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарқынды дамыған жəне инклюзивті экономика, əлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі, қуатты өңірлер – қуатты ел.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы шынында да еліміздегі түйінді мәселелерді шешудің бағытын көрсеткен тың бағдарламалық құжат болды. Президент айқындап берген негізгі басымдықтар, міндеттер мен тапсырмалардың мемлекетіміз үшін маңызы үлкен.

Басымдықтарды жүзеге асыруда әр салаға айрықша тоқталды. Соның ішінде, кәсіпкерлікті дамытуды алайық. Мемлекет басшысы Үкіметке  шағын жəне орта бизнес компанияларын табыс салығынан үш жылға босатуды  тапсырды. Мұнда бір ескеретін жайт, темекі, ішімдік сынды акциздік тауармен айналысатындар, жер қойнауын пайдаланатын кейбір санаттар жеңілдікке ілінбейді. Бұл өте орынды дер едім. Ал енді, қызметкер мен жұмысшы жалдап отырған кəсіпкерлер де салықтан босатылады. Бұл да өз кезегінде елге үлкен көмек болады. Аяққа енді тұрып келе жатқан бизнесмендер үшін осы жеңілдіктер айтарлықтай оңтайлы болмақ. Олар салықтан босатылған уақыт аралығында кəсібін жолға қойып, ел экономикасының дамуына ықпал ететін болады. Сондай-ақ, мемлекеттің экономикаға араласуын тоқтату жолында бірқатар өзгеріс енгізілмек. Бұл бастамалар бизнеспен айналысушы кез келген компанияға немесе нарықтағы бəсекелестікке кәсіпкердің төтеп беруіне жол ашады. Бұрынғыдай мемлекеттің ақшасына алақан жайып отыратын компаниялар азайып, таза бəсекелестік пайда болады. Бұл өз кезегінде экономиканың өркендеуіне ықпал етеді.

Жолдауда жұртшылықты толғандырып жүрген жер мəселесі де көпшіліктің ықыласын аударды. Жеріміздің ұлтарақтай бөлігі де шетелдіктерге сатылмайтынын жəне жерді мақсатты түрде игермей, оны босқа ұстап отырғандардан ен байлығымызды қайтарып алатын уақыттың келгенін нақты əрі нығарлап айтуы қазақстандықтардың көңілін тоғайтты. Оның жүзеге асуы елімізде азық-түлік өнімі бойынша басты проблемаға айналып отырған ет өндірісінің дамуына жол ашады деп есептеймін. Себебі, Жолдауда айтылғандай, қазіргі таңда құны күн санап қымбаттап жатқан ет өнімі өндірісінің кең құлаш жаюына қолбайлау болып отырған жайт – аналық мал басының проблемасында ғана емес, шаруа қожалықтарына жемшөп дайындайтын жерлердің жетіспеушілігіне де байланысты. Соның салдарынан төрт түлікті жемшөппен қамтамасыз ету деңгейі төмен. Бұл жемшөп бағасының артуына да әсер етеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дəрежеге жету үшін бəріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек. Сондай-ақ, тіл үлкен саясаттың құралы екенін де ұмытпаған жөн», – деген ұстанымын біз жаңаша ұғып, пайымдауға тиістіміз. Енді мемлекеттік тілдің өркендемей жатқан жайы болса, бұл үшін мемлекетті де, Қазақстанды мекендеп отырған өзге ұлт өкілдерін де айыптаудың қажеті жоқ. Бəрі де өзімізден. Тіліміз үшін əрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз бар екендігін ұғынатын кез келді.

Жақсылық ҮШКЕМПІРОВ,

Қазақстанның Еңбек Ері, Алматы облыстық мәслихат депутаты,

«Жақсылық» шаруа қожалығының төрағасы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан әлемдегі бензин бағасы ең арзан елдердің қатарына енді

Қазақстан әлемдегі бензин бағасы ең арзан елдердің қатарына енді

24.03.2026
Президент Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Президент Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

24.03.2026
Қазақстандық блогер «Ильярчикке» мемлекетаралық іздеу жарияланды

Қазақстандық блогер «Ильярчикке» мемлекетаралық іздеу жарияланды

24.03.2026
Егіздер көбейді: елде демографиялық өсім қарқыны қалай?

Егіздер көбейді: елде демографиялық өсім қарқыны қалай?

24.03.2026
Әл-Фараби даңғылындағы апат: Zeekr жүргізушісі туралы деректер белгілі болды

Әл-Фараби даңғылындағы апат: Zeekr жүргізушісі туралы деректер белгілі болды

24.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.