Талдықорған: +1°C
$ 495.10
€ 583.72
₽ 6.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

БӘРЕКЕЛДІ: ӘБДІЖӘМІЛ НҰРПЕЙІСОВКЕ «ҚҰРМЕТТІ ПРОФЕССОР» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

22.10.2019
РУХАНИЯТ
БӘРЕКЕЛДІ: ӘБДІЖӘМІЛ НҰРПЕЙІСОВКЕ "ҚҰРМЕТТІ ПРОФЕССОР" АТАҒЫ БЕРІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

«Қан мен тер», «Соңғы парыз» – бала күнімізде жастанып жатып оқыған кітаптарымыз. Ол кезде Әбдіжәміл Нұрпейісовтің шығармашылық қабілетіне терең бойлай алмасақ та автордың ұшан-теңіз ойы мен парасат-пайымы бізді ұлы өмірге жетелеген еді. Біз де ержеттік. Бірақ жазушының бала жүрекке сіңірген әсері әлі өше қойған жоқ. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанынан құрылған «Ұлы Дала тұлғалары» орталығының ұйымдастыруымен өткен Қазақстанның Халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовпен кездесу барысында сол бір жылдардағы қаламгер шығармашылығына деген сүйіспеншілік тағы да бүр жарды.

Кездесуде аталған жоғары оқу орнының ректоры, профессор Такир Балықбаев сөз сөйлеп, алдымен жазушының шығармашылығына тоқталды.

– Есімі жалпақ әлемге «Курляндия» романы, «Қан мен тер» трилогиясы және «Соңғы парыз» диалогиясымен танылған, арамызда жүрген көзі тірі қайталанбас ірі тұлға, қоғам қайраткері Әбдіжәміл атамыз биыл 95 жаста. Өз деңгейімен, қалам қабілетімен, тұлғалық болмысымен осынша жасқа жету екінің бірінің маңдайына бұйыра бермейтін бақ. Біз сондай тұлғамен кездескенімізді бақытымыз деп санаймыз. Осы орайда, «Ұлы Дала тұлғалары» ғылыми-зерттеу орталығының Филология және көптілді білім беру институтымен бірлесе отырып, жазушының мерейтойына орай «Ұлт парызын ақтаған дара тұлға» атты кездесу ұйымдастырғанын кісілікке салынған қадам деп бағалаймын. Мұның жастарға берер өнегесі аз болмайды, – деді ол.

Кездесуге жиылғандардың қарасы көп болды. Сол қатарда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Темірхан Тебегенов, көрнекті жазушы Смағұл Елубаев, қаламгер Молдахмет Қаназ, ҚР ҰҒА академигі, әдебиеттанушы ғалым Уәлихан Қалижан, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор Бекет Тұрғараев жазушының шығармашылығы туралы мазмұнды баяндама жасап, Әбдіжәміл Кәрімұлының қаламгерлік және адамгершілік қырынан тағылымды әңгіме өрбітті.

Кеш барысында ғасырға жуық жасаса да, қажыры мен қайратын жоғалтпаған, өткен ізін күні кешегідей есіне сақтаған кеш қонағы ұстазы Мұхтар Әуезов және басқа да қаламдас достары туралы естеліктер айтып, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Абай Құнанбаевтың Гетеден аударған «Қараңғы түнде тау қалғып» атты аудармасын әнімен орындап, асыл тектілігін көрсетті.

Қашанда ақсақалын ардақтап, өткенге құрметпен қарайтын халықтың перзентіміз ғой. Соңында университет ректоры Такир Балықбаев қаламгер, қоғам қайраткері Әбдіжәміл Нұрпейісовтің қазақ халқының руханиятына, Қазақстан Республикасының өркендеп-өсуіне, жастардың патриоттық жігерін серпілтуге, қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесін ескеріп, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Құрметті профессоры атағы берілгенін жариялап, дипломын тапсырып, мантиясын кигізді.

Тұлғаға жасалған үлкен құрмет кездесуге келген барша қауымға, әсіресе, студенттердің жігерін жаныған, болашаққа ұмтылысын оятқан жақсы әсерімен есте қалды.

Әсел НАЗАРАЛЫ,

ҚазҰПУ «Ұлы Дала тұлғалары» орталығының ғылыми қызметкері

Қатысты жаңалықтар

Алты елдің парапланшылары Жетісу көгінде самғады

Алты елдің парапланшылары Жетісу көгінде самғады

05.02.2026
 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

05.02.2026
Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

05.02.2026
Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституцияда ұлттық валюта теңгені бекітуді ұсынды

Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституцияда ұлттық валюта теңгені бекітуді ұсынды

05.02.2026
Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді

Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді

05.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.