Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ТАЛДЫҚОРҒАН: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ САЙЫСҚА ТҮСТІ

21 қазан 2019
АЛТЫН ТҰҒЫР
ТАЛДЫҚОРҒАН: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ САЙЫСҚА ТҮСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Жастар жылына орай Талдықорған сервис және технология колледжінде ауқымды спорттық шара өтті. Спортшы жастардың басын қосқан шараны Талдықорған қаласының Құрметті азаматы, аталған білім ордасының директоры Ләззат Базарқұлова ұйымдастырды.

Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған шараға колледжде оқып жатқан 600 студент қатысты. Олар дәстүрлі «президенттік миля» жеңіл атлетикалық кросы, арқан тарту және өзге де спорттық нормативтер бойынша сынға түсіп, өз араларында кім мықтыны анықтап көрді. Ұйымдастырушылардың сөзінше, сайыстың мақсаты – үздіктерді анықтау емес, жастарды спортқа баулу.

— Студенттердің барлығын жаппай спортқа тарту мүмкін емес. Дегенмен, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға күш салу – біздің міндетіміз. Шәкірттер де мұны жақсы түсінеді. Қазір біздің колледж студенттері барлық спорт түрінен жақсы көрсеткіштер көрсетіп жүр. Мәселен, қыздарымыз шағын футболдан Алматы облысының және Талдықорған қаласының чемпионы, волейболдан облыс чемпионатының күміс жүлдегері. Өз ісіңе жаныңды салып, жауапкершілікпен қарасаң, міндетті түрде нәтижесін көресің. Студенттерімізге әлі де береріміз, үйретеріміз көп, – дейді колледждің дене шынықтыру пәні мұғалімі Бақтияр Әбілтаев.

Колледж директоры Ләззат Базарқұлова тек спорттық шараларды ұйымдастырумен шектелмей, студенттерді оқу-білімге ынталандыру жолында да игі істердің бастамашысы болып жүр. Бүгінде колледж заманға сай және сұранысқа ие кәсіби маман даярлауда облыстағы алдыңғы қатарлы оқу орындарының сапында тұр.

Дәулет БЕЛЕЖАНОВ,

Талдықорған сервис және технология колледжі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.