Талдықорған: -2°C
$ 495.10
€ 583.72
₽ 6.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ЖАЛАҚЫ 25 ПАЙЫЗҒА ӨСЕДІ»: ТАЛДЫҚОРҒАНДА ҰСТАЗДАР КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

10.10.2019
РУХАНИЯТ
"ЖАЛАҚЫ 25 ПАЙЫЗҒА ӨСЕДІ": ТАЛДЫҚОРҒАНДА ҰСТАЗДАР КҮНІ ТОЙЛАНДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Бикен Римова атындағы Алматы облыстық драма театрында өткен Мұғалімдер мерекесіне арналған салтанатты шара шәкірттердің ұстаздарды гүлмен қарсы алып, ілтипат көрсетуімен басталды. «Ұстаз аты – ұлы әрі мәңгілік» атты мерекелік кешке облысымызда еңбек етіп жүрген білім саласының үздік қызметкерлері қатысты. Ұлағат иелеріне облыс әкімінің атынан орынбасары Батыржан Байжұманов ізгі тілегін арнады.

– «Мұғалім – мектептің жүрегі» деп бекер айтылмаған. Мен үшін әрбір ұстаз ұлы тұлға. Баршаңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын! Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білімнің сапасын, мектептің жай-күйін, мұғалімнің жағдайын назардан тыс қалдырған жоқ. Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде елімізде жаңартылған білім жүйесі,  мықты материалдық-техникалық база, білікті кадрлар қатары қалыптасып үлгерді. Тұңғыш Президентіміз ең әуелі мұғалімнің әлеуметтік жағдайын жақсартуға басымдық беріп, «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылдау қажет деп ұйғарды. Қазір де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбекақысын екі есе арттыруды тапсырды. Яғни, келесі жылы ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі. Бұл мұғалімдер үшін үлкен қолдау. Осындай зор мүмкіндіктердің арқасында біздің педагогтар республикалық, халықаралық түрлі білім сайыстарында үздіктер қатарынан көрініп жүр. Олардың ішінде Қапшағай қаласындағы №4 орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Мадина Иржан, Балқаш ауданы, Б.Бейсекбаев атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Арман Тоғанбай, Қаратал ауданы «Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі Сымбат Айтқазина, Талдықорған қаласындағы Рақышев атындағы мектеп-интернатының мұғалімдері Айнұр Құдайберген мен Ләззат Қатубековалардың есімін мақтанышпен атаймыз, – деген Батыржан Құлаймергенұлы бірқатар ұстазды «Ы. Алтынсарин», «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен, ҚР Президентінің, Білім және ғылым министрлігінің, облыс әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен марапаттады. Сондай-ақ, облыс көлемінде өткен педагогикалық байқаулар бойынша жеңімпаздарға диплом мен сыйлықтар табыс етті.

Атап айтар болсақ, “Үздік ауыл мектебі” облыстық байқауының жеңімпазы атанған Еңбекшіқазақ ауданы №1 орта мектебінің ұжымына 250 мың теңге, “Үздік кәсіптік білім беру ұйымы” облыстық байқауының І орын жүлдегері Алматы экономикалық колледжіне және “Үздік балабақша” деп танылған Қапшағай қаласы «Искорка» балабақшасына 300 мың теңгеден, “Жылдың үздік сынып жетекшісі” болып танылған Текелі қаласы №6 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Медет Тутеев 150 мың теңге ақшалай сыйлыққа қол жеткізді. “Жылдың үздік мұғалімі” байқауында І орынды иеленген Алакөл ауданы Үшарал қаласындағы №1 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Алмас Тұрсынбаев автокөлік кілтін иеленді. Ал «Орта білім беретін үздік ұйым» байқауының грантын Текелі қаласы № 8 орта мектебі жеңіп алды. Мектеп директоры Жанар Жаакпековаға 34 млн. теңгелік сертификат табыс етілді. Республикалық «Үздік педагог» байқауының  жеңімпаздары атанып, 2 милион 525 мың теңгелік сертификат жеңіп алған Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Әсел Тойшыбекова, Талдықорған қаласындағы №16 орта мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Салтанат Жанаберлиева, Қапшағай қаласы №3 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дания Қоспаева да марапатталды.

Бұдан соң Мұғалімдер күніне арналған шара концерттік бағдарламаға ұласып, ұлағат иелеріне аудандық, қалалық білім шаңырақтарының өнерлі ұстаздары мен оқушылары ән-биін тарту етті.

Мерекелік шара облыс орталығындағы Салтанат сарайында да аталып өтіп, ардагер ұстаздар мен түрлі байқауда жүлдегер атанған мұғалімдер марапатталды. Онда облыстық білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісов ұстаздар қауымын мерекесімен құттықтады.

– Білім шырағын жағып, әрбір жасты үлкен өмірге қанаттандыратын ұлағат иесі болу бір бақыт. Сіздер еліміздің өркендеуі, кемелденуі жолында табанды тер төгіп келесіздер. Жылына бір сағындырып келер төл мереке қарсаңында бас қосып, сол еңбектеріңіз үшін аз да болса алғысымызды айтуды парыз деп санадық, – дей келе, бейнеттің зейнетін көріп отырған, шәкірт тәрбиелеп жатқан барша ұлағат иесіне ризашылығын, облыс әкімі Амандық Баталовтың ыстық ықыласын жеткізді. Сонымен қатар, жылдан жылға шәкірт саны еселеп өсіп жатқанын, облыстағы білім көрсеткішінің жоғары екенін, білім сапасын көтеруге, үш ауысымды мектептің санын азайтуға бағытталған игі шаралардың жүріп жатқанын атап өтті. 

Салтанатты жиын барысында Дәурен Хабдолданұлы ұстаздардың ұстазы болған ардагерлерге Алғыс хат пен гүл шоқтарын табыс етіп, «Үздік балабақша», «Үздік ауыл мектебі», «Үздік кәсіптік білім беру ұйымы», «Үздік сынып жетекшісі», «Жылдың үздік мұғалімі» сынды байқаулардың екінші, үшінші орын жүлдегерлері мен номинация иегерлерін марапаттады.

Салтанатты жиында бірқатар ардагер ұстаз сөз алып, құрмет көрсетіп жатқан облыстық әкімдікке, білім басқармасына деген ризашылықтарын жеткізді.

Міне, осылайша кәсіби мерекеге орай мұғалімдердің еңбегі ескеріліп, құрмет-қошаметке бөленді. Бұл — ұстаздар мәртебесінің қашанда жоғары болғанының, бола да беретінінің жарқын дәлелі.

Алма ЕСЕНБАЕВА,

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

 

Қатысты жаңалықтар

Алты елдің парапланшылары Жетісу көгінде самғады

Алты елдің парапланшылары Жетісу көгінде самғады

05.02.2026
 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

05.02.2026
Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

05.02.2026
Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституцияда ұлттық валюта теңгені бекітуді ұсынды

Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституцияда ұлттық валюта теңгені бекітуді ұсынды

05.02.2026
Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді

Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді

05.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.