Талдықорған: +12°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ӘКІМДЕР: СЕНАТОР КЕРІ БАЙЛАНЫС ТУРАЛЫ ПІКІР БІЛДІРДІ

19.09.2019
САЯСАТ
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ӘКІМДЕР: СЕНАТОР КЕРІ БАЙЛАНЫС ТУРАЛЫ ПІКІР БІЛДІРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты тырнақалды Жолдауын көлік тізгінінде отырған жүргізуші де, егістік алқабындағы диқан да, сахна төріндегі өнер адамы да, қолына қалам ұстаған ақын да, журналист те, мұғалім де, дәрігер де, құрылысшы да, қысқасы, түрлі саланың мамандары тыңдап, қазақстандық дамудың тағы бір кемел көкжиегіне көз салды. Бұл жолғы Жолдау демократияның барлық қағидаттары негізінде сайланған Қасым-Жомарт Кемелұлының алғашқы үн қатуымен құнды болды. Жолдауда көрсетілген айқын міндет пен атқарушы органдарға жүктелген жаңа тапсырмалардың елдің әлеуметтік-экономикалық өрлеуіне бағытталғанын байқау қиын емес. Сондай-ақ, саяси құжат осыған дейінгі Елбасы Жолдауларымен сабақтасып, мемлекеттің ары қарайғы даму межесін белгіледі. Жолдауда халық пен мемлекет мүддесі толық қамтылған әрі әрбір тұрғынның алаңсыз, бейбіт және бәсекеге қабілетті жағдайда, заманға сай өмір сүруіне мол мүмкіндік берілген.

Ел Президенті Жолдаудың басқы бөлігінде Назарбаев моделін тегіннен-тегін атап отырған жоқ. Өйткені, тәуелсіз Қазақстан мен Нұрсұлтан Назарбаев есімі егіз ұғымға айналғаны бізде ғана емес, әлемде де мойындалған бұлтартпас аксиома. Бүгінде зайырлы Қазақстанның даму қарқынын Елбасы есімімен байланыстырған әлем саясаткерлері Назарбаев моделі жайлы оңды пікірлер айтып, жоғары бағалап жатады. Жолдауда Президент Елбасы ұсынған Бес бастама мен Ұлт жоспары басты әлеуметтік бағыт болып қала беретінін атап өтті. Сонымен бірге, заман талабына сай тиімді мемлекет қандай бағытта дамитынын, бұл жолда не істеу керектігін, қазақтың жалпақ тілімен жеткізгенде, жіліктеп көрсетіп берді. Әсіресе, халық үніне құлақ түретін билік, кері байланыс, тұрғындардың өтініш-тілектеріне жылдам жауап қатып, тиімді шешім ұсыну туралы бастамалар дер кезінде көтерілген, ең маңызды мәселелердің бірі дер едім.

Осы орайда Мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы туралы жаңа міндет қойды. Бұл іс – тек атқарушы органдарға ғана емес, барша қазақстандықтарға ортақ. Өйткені, бейбітшілікті басты ұстанымы еткен Қазақстан бәріміздің ортақ қара шаңырағымыз. Ал ондағы әрбір реформа ел мүддесіне, жарқын болашаққа жұмыс істейді. Өкінішке қарай, мемлекет ұстанған көпвекторлы саясатты сынайтындар, негізсіз сөйлеп, халықты арандатуға дейін апаратын, тыныштығымыз бен тұтастығымызға сызат түсіргісі келетін теріс пиғылды жандар жоқ емес. Сондықтан, елді арандатудан сақтап, ең басты құндылығымыз – тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай қорғаймыз десек, өзара диалог пен келісімнің маңызы зор.

«Кеңесті ел – кемімес» дейді халық даналығы. Мемлекет басшысы азаматтық қоғам жұмысын жандандырып, халық пен билік арасында тығыз байланыс орнату үшін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрды. Мұндағы мақсат – маңызды мемлекеттік мәселелерді талқылауға азаматтық қоғам өкілдерін тартып, ортақ шешім шығару. Нәтижесінде, мемлекетке деген сенім нығаяды, халық арандатушы түрлі топтардың ізіне ермей, тұрақтылық пен тыныштықта өмір сүреді. Біз Жолдаудың әр сөйлемінде айтылған негізгі ойды халыққа түсіндіріп, ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы пікір білдіріп, үн қосуымыз қажет. Жолдау аясында берілген тапсырманың әрқайсысы маңызды және өз шеңберінде шешімін таппаған түйткілдері де бар. Мұндайда тиімді ұсыныс пен ұтқыр идея, әралуан пікір мен ашық талқылау, мәміле мен ортақ келісім басты орынға шығады. Президентіміз сенім кеңесімен бірге кері байланыс жұмысын күшейтуді тапсырды.

Байланыс құралдары қарыштап дамыған ХХІ ғасырда жергілікті атқарушы билік те ұтқыр жұмыс істеуі керек. Технология ғасырында тұрғындардың талап-тілегіне, арыз-шағымына үн қатпау, өтініштеріне жауап бермей, ары-бері сабылтып қою дегеніміз – нағыз кертартпалықтың көрінісі. Ары-беріден кейін бүкіл мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін, еліміздің стратегиялық даму жоспарын тежейтін жауапсыздық деп есептеймін. Президент осындай түйткілдерді назарға ала отырып, тұрғындардың мұқтаждығына көңіл бөлетін арнайы бөлім құрылғанын айтты. Бұл болашақта кері байланыстың сапалы көрсеткіші болады деген ойдамын. Бөлімнің басты ескеретін дүниесі – жеделдік. Қысқасы, бөлімде азаматтардың өтініштері қаншалықты тез қаралатыны қадағаланады.

Мысалды алыстан іздеудің қажеті жоқ. Көшеде, жайма базарларда, қоғамдық басқа да орындарда өзінің шағымын немесе пікірін тиісті мекемелерге жеткізе алмай жүргендер баршылық. Олардың көбі кімге шағым түсіреміз деп емес, жазылған талап-тілегіне мардымды жауап ала алмағына налып жатады. Яғни, халықпен кері байланыс жұмысы жолға қойылмағаны байқалады. Нәтижесінде, жүздеген, тіпті, мыңдаған тұрғын тиімді диалогтың жоқтығынан құлақ асар адам таппай, тауы шағылатыны шындық. Осындай келеңсіздіктен кейін эмоцияға беріліп, түрлі арандатушылардың құрбаны болып шыға келуі әбден мүмкін. Мұның бәрі, Президентіміздің өзі айтпақшы, жергілікті орган басшыларының құлықсыздығымен, бейқамдығымен байланысты. Жергілікті аймақта шешімін таппағандықтан мәселе ушығып, Мемлекет басшысына дейін жетеді. «Белгілі бір саладағы шешімдердің әділетсіздігіне қатысты жолданатын көптеген шағымдар нақты мемлекеттік органда немесе аймақта күрделі түйткілдер бар екенін көрсетеді. Енді бұл мәселеге дәл осы тұрғыдан қарап, тиісті шешімдер қабылдаған жөн», – дейді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Президент қоғамдық диалогты, ашықтықты, адамдардың мұқтаждығына жедел назар аударуды негізгі басымдық ретінде көрсетті. Қазіргі таңда кері байланыстың тағы бір үлкен және ауқымды құралы ретінде ғаламтор мүмкіншілігін айтар едім. Халық бұрынғыдай емес, бүгінде байланысы сын көтермейді дейтін ауылдық аймақтардың өзінде әлеуметтік желіде өте белсенді. Бейнеүзіктерге, пост жазбаларына шалғай жерлерден пікір жазып, қызу талқылап отырады. Сондықтан, Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен жүзеге асқан әлеуметтік желілерге тіркелу жұмысы бірден-бір құптарлық іс. Сондай-ақ, бұл аз уақытта өз нәтижесін беріп үлгерді де. Әлеуметтік желіде парақша ашқан облыс, қала, аудан және ауылдық округ әкімдері, түрлі мекеме басшылары тұрғындармен үнемі байланыста болып, жұмыла жұмыс жүргізуге бейімделді. Бүгінде әр әкімнің күнделікті жұмысымен кез келген тұрғын танысып, біліп отырады. Ол аз десеңіз, пікір жазып, әкімге ұсыныс-кеңес айта алады, өзінің өңірі жайлы бастамалар көтеруге мүмкіндігі бар. Меніңше, Жолдауда көтерілген кері байланыстың жарқын мысалы әлеуметтік желідегі белсенділік деп айтуға болады.

Мемлекет басшысы Жолдауда азаматтық қоғамның белсенділігін арттыру туралы айтады. Бұл ретте үкіметтік емес ұйымдардың беделін күшейту қажет. Әрине, үкіметтік емес деген сөз кеңестік санамен ойлайтын кейбір адамдарға түсініксіздеу естіледі. Бірақ мұндай ұйым дамыған демократиялы елдерде маңызды рөлге ие. Тіпті, ауқымды мәселелердің тез шешімін табуына осындай ұйымдар түрткі болады. Ел Президенті Жолдауда Азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі Тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды. Тұжырымдама әрбір Қазақстан азаматының қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттырып, жас ұрпақтың өзіндік ой-пікірін қалыптастыруына, заманауи мемлекетті мақтаныш ететін отаншылдық рухта тәрбиеленуіне үлкен септігін тигізері сөзсіз.

Нұрлан ҚЫЛЫШБАЕВ,

ҚР Парламенті Сенатының депутаты

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандық блогер «Ильярчикке» мемлекетаралық іздеу жарияланды

Қазақстандық блогер «Ильярчикке» мемлекетаралық іздеу жарияланды

24.03.2026
Егіздер көбейді: елде демографиялық өсім қарқыны қалай?

Егіздер көбейді: елде демографиялық өсім қарқыны қалай?

24.03.2026
Әл-Фараби даңғылындағы апат: Zeekr жүргізушісі туралы деректер белгілі болды

Әл-Фараби даңғылындағы апат: Zeekr жүргізушісі туралы деректер белгілі болды

24.03.2026
Үкімет көмір генерациясын дамытуға арналған ұлттық жобаны бекітті

Үкімет көмір генерациясын дамытуға арналған ұлттық жобаны бекітті

24.03.2026
25 градус жылы: 24 наурызға арналған ауа райы болжамы

25 градус жылы: 24 наурызға арналған ауа райы болжамы

24.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.