Талдықорған: -2°C
$ 495.10
€ 583.72
₽ 6.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: МӘДЕНИЕТ МАУСЫМЫ ҚОНЫСТОЙМЕН АШЫЛДЫ

18.09.2019
РУХАНИЯТ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ: МӘДЕНИЕТ МАУСЫМЫ ҚОНЫСТОЙМЕН АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Бикен Римова атындағы Алматы облыстық драма театрында мәдениет маусымының ашылу салтанаты өтті. Шара басталмас бұрын брифинг ұйымдастырылып, онда тұңғыш рет өтіп отырған театр, филармония, аудандық, қалалық мәдениет ошақтарының бірлескен маусымының ашылуы туралы журналистерге жан-жақты ақпарат берілді.

Мәдениет маусымының шымылдығын бас дирижер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Әли Алпысбаевтың жетекшілігімен Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі және «Сазген», «Адырна» фольклорлы-этнографиялық ансамбльдері ашты. Бұдан соң театр ұжымы «Біржан-Сара» операсынан, «Керей-Жәнібек» спектаклінен үзінді сахналады.

Шараға арнайы қатысқан облыс әкімі Амандық Баталов мәдениет саласы қызметкерлеріне ізгі тілегін арнады.

— Мәдениет — ұлттың қуаты, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан рухани болмысы, ақыл-ой, парасаты. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Мәдениет пен өнер – қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мәдениеті мен өнері өркендеген қоғам әруақытта ілгерілеп, дамиды», – деп атап өткен болатын. Ағымдағы жылдың мәдениет қызметкерлері үшін айтулы жаңалығының бірі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында 2020 жылдан бастап, мәдениет саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің айлық жалақысын көтеріп, әлеуметтік шаралар қарастыру жөніндегі тапсырмасы болды, — деді А.Баталов.

— Біздің өңірімізде де мәдениет пен ағартудың дамуы үшін көптеген шара жүзеге асырылуда, мұның өзі болашаққа салынған сенімді инвестиция болып табылады. Бүгінгі күні облысымызда 566 мәдениет және өнер мекемесі бар, оларда үш мыңнан астам қызметкер еңбек етуде. Саланың 2019 жылғы бюджеті 6,6 млрд.теңгені құрады. Облыста жергілікті ақын-жазушыларды көтермелеу мақсатында облыс әкімінің арнайы стипендиясы жыл сайын беріліп келеді, — деді облыс басшысы сөзін ары қарай жалғап. — Сонымен қатар, өнер саласы қызметкерлерін ынталандыру үшін облыс бюджетінен әртістерге арнайы стипендия тағайындалуда. Халыққа сапалы мәдени қызмет көрсету үшін саланың материалдық-техникалық базасын нығайту — басты назарда. Шығармашылық ізденістеріңіз алдағы уақытта да еліміздің ең үздік мәдени дәстүрлерін сақтау мен дамытуға бағытталатынына сенімдімін. Баршаңызды облыстық өнер ұжымдарының бірлескен мәдениет маусымының салтанатты ашылуымен құттықтаймын!

Мәдениет маусымының ашылуында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, көпбалалы аналарға төрт үйдің кілті табыс етілді. Оған облысымыздағы мәдениет саласының қызметкерлері, ақын-жазушылар мен облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, асабалар және 7kun.kz сайты мен аудандық, қалалық газеттердің бас редакторлары демеушілік жасады.

Кербұлақ ауданынан келген 5 баланың анасы Жұлдыз Сұлтанбаеваға Қазақстанның Халық әртісі Алмахан Кенжебекова мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әли Алпысбаев үй кілтін табыс етсе, Қаратал ауданынан келген 4 баланың анасы Айнұр Исаеваны қуанту бақыты «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін мен жас жазушы Есболат Айдабосынға бұйырды.

Ақсу ауданынан келген көпбалалы ана Толқын Жатқанбаеваны облыстағы асабалар атынан Ердәулет Кенжеқұлов және Қайрат Қазкенұлы үй кілтін тапсырып қуантса, Текелі қаласынан келген 6 баланың анасы Мақай Қалиманға аудандық, қалалық газеттердің бас редакторлары мен қызметкерлері атынан «Талдықорған» газетінің бас редакторы Данияр Сейсенбаев пен «Жетісу шұғыласы» газетінің бас редакторы Жанахмет Исабеков пәтер кілтін салтанатты түрде табыстады.

Облыс әкімі Амандық Баталов та баспана бақытына ие болған отбасыларға сый-сияпаттарын тарту етті.

Шара жалғасында мәдениет ұжымдарының қойған концертін тамашалаған көпшілік нағыз мерекені сезініп, өнердің сан түрімен сусындап қайтты.

Алма ЕСЕНБАЕВА

Фото — Аслан ҚАЖЕКЕ

Қатысты жаңалықтар

Алты елдің парапланшылары Жетісу көгінде самғады

Алты елдің парапланшылары Жетісу көгінде самғады

05.02.2026
 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

05.02.2026
Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

05.02.2026
Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституцияда ұлттық валюта теңгені бекітуді ұсынды

Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституцияда ұлттық валюта теңгені бекітуді ұсынды

05.02.2026
Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді

Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді

05.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.