Талдықорған: +24°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

«САЛҒЫРТТЫҚ БАЙҚАЛУДА»: ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ АУДАН ӘКІМДІКТЕРІН СЫНАДЫ

17.09.2019
ЭКОНОМИКА
"САЛҒЫРТТЫҚ БАЙҚАЛУДА": ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ АУДАН ӘКІМДІКТЕРІН СЫНАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ел Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ өзінің «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты халыққа арнаған Жолдауында экологиялық мәселелерге баса назар аударды. «Үкімет экологияны жақсарту, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейту, қоршаған ортаны сақтау ісін дәріптеу жұмыстарын жандандыруы керек. Осы орайда «Бірге – Таза Қазақстан» науқаны – қолдауға тұрарлық жоба. Бұл жұмысты жалғастыру керек. Парламент Экологиялық кодекстің жаңа редакциясын талқылап, қабылдауы қажет», – деп экологияның маңыздылығын атап өтті. Осы орайда Алматы облысы экология департаментінің басшысы Қонысбек Байеділовпен әңгіме өрбіткен едік.

– Қонысбек Ескен­дір­ұлы, әңгімені Прези­дент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауынан бас­­тасаңыз.

– Жолдаудағы экологиялық мәселелер жөнінде айтылған тапсымаларды облыс бойынша экология департаментінің қызметкерлері де толық қолдап, қуаттайды және оларды жүзеге асыруға барынша күш саламыз деген сенімдемін. Президент Парламентке Экологиялық кодекстің жаңа редакциясын талқылап, талдап, өзгерістер мен қосымшаларды Министрлікке, Комитетке жолдауды тапсырған болатын. Президент тарапынан айтылған «Бірге – Таза Қазақстан» науқанына экология департаменті көшбасшылық жасап, белсене қатысты.

Нұр-Сұлтаннан бастау алған акцияны Республикада алғашқы болып жер жаннаты Жетісу, яғни Алматы облысы қолдап-қуат­тап, 27 шілдеде  барлық аудан мен қалаларда «Birge – Taza Qazaqstan» экологиялық акция­сын өткізді. Акцияның өтуін ұйымдастыру аудан, қала әкімдеріне, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына және біздің департаментке жүктеліп, облыс әкімдігінің бақылауында болды. Акцияның қорытындысы бойынша толық ақпарат Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне жолданды.

– Сонда бұл акцияның мақсаты неде?

– Ел мен жерді әртүрлі қоқыстан тазартып, тұрғындардың экологияға деген көзқарасын өзгерту. Сондай-ақ, оларды табиғатты қастерлеп, қадірлеуге етене жақындатып, күнделікті дағдысына айналдыру. Ауамыз таза, суы­мыз кәусар, топырағымыз құнарлы болса өзіміздің де, ұрпағымыздың да дені сау, тәні мен жаны таза болады. Акцияға жергілікті тұр­ғындар мен жастар, кәсіп­керлер, мемлекеттік қызметшілер мен аға буын және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың өкілдері, еріктілер, елін, жерін сүйетін пат­риот азаматтар біркісідей атсалысып, белсенділік танытты.

Облыс бойынша акцияға 48 мыңнан аса адам қатысып, 612 тоннадан аса қоқыс жиналды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қордаланған қоқыстар сұрыпталып, тиісті мекемелердің арнайы автокөліктерімен белгіленген тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарына жеткізілді. Мұндай игі шараны алдағы уақытта да облыс көлемінде тұрақты өткізу жоспарда бар. Осылайша бұл акция абыроймен атқарылды.

– Жалпы, қазір Жетісу жерінің экологиялық ахуалы қалай болу­да? Осы бойынша қолға алынып, іске асырылып жатқан іс-шаралар бар шығар?

– Әрине. Облыстың экологиялық жағдайы тұрақты. Бүгінгі таңда бүкіл дүниежүзінің халқы табиғат пен ауаның, жалпы қоршаған ортаның тазалығына мүдделі. Оның басты себебі, өздеріңізге белгілі, климаттық және техногенді өзгеріс пен жаһандық жылыну. Біздің департамент аталған факторлардан тыс қалмай, Жетісу аймағында заңды және жеке тұлғалар, сонымен бірге, табиғатты пайдаланушылармен Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамалары нормаларының орындалуын қадағалаумен қатар экологиялық қауіпсіздіктің күзетінде тұр. Облыс аумағында биыл экстремальді және жоғары деңгейдегі атмосфералық ауаның, су нысандарының, топырақтың және жер қойнауының ластануы тіркелмеді.

Экологиялық кері әсерлі апатты төгінділер мен шығарындыларға жол берілген жоқ. Өздеріңізге белгілі, ірі өндіріс орындарынан ауаға белгілі бір мөлшерде зиянды шығарындылар болады. Осыған орай, департамент тарапынан олардың ластаушы көздеріне жүргізілген өлшем-мониторинг есептері тоқсан сайын қабылданып, талдау жүргізіледі. Егер, шектеулі нормадан асқаны байқалатын болса, экологиялық тексерулер тағайындалып, заңнама талаптарына сәйкес шара қолданылады. Облыстағы экологиялық жағдай аудан, қалаларға бектілген уәкілетті мемлекеттік экологиялық инспекторлар арқылы тұрақты бақылауға алынған және штаттан тыс экологиялық жағдай жедел тіркеліп, тиісті шара қолданылады.

– Осы сала бойынша жыл басынан бері департамент тарапынан қандай жұмыстар атқарылды?

– Сегіз ай ішінде 70 табиғат пайдаланушыларға экологиялық тұрғыдан тексерулер тағайындалып, нәтижесінде 87 айыппұл 8 962,3 мың теңгеге салынды, соның 78 айыппұлы 7 725,1 мың теңгеге өндіріп алынды. Табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға келтірген залалын өндіру мақсатында 46 талап-арыз 353 752,0 мың теңгеге беріліп, соның 31 талап-арызы 17 907,0 мың теңгесі өндірілді. Мемлекет қазынасына барлығы 52 924,5 мың теңге құйылды. Бұдан өзге экологиялық заң бұзушылықтарды жоюға 127 жазбаша нұсқама берілді және орындалуы бақылауға алынды.

Департаменттің зертхана-талдамалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасы 12 табиғат пайдаланушы мен 49 су көздеріне, яғни, көлдерге, өзендерге және су қоймаларына 79 тексеру жүргізіп, 1314 сынама алып, 3466 талдау анықтамаларын орындады. Зертханамен анықталған заң бұзушылықтарға 4 айыппұл 3037,5 мың теңгеге салынды және қоршаған ортаға келтірілген залалды өндіруге 5 талап-арыз 3689,1 мың теңгеге берілді. Департаментте бірінші санаттағы табиғат пайдаланушыларға қоршаған ортаға эмиссияға экологиялық рұқсатты және мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беруге электронды үкімет порталы арқылы қызмет көрсетіледі. Осы күнге дейін 148 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

– Ендігі әңгімені облыстың экологиялық проблемаларына және оның оң шешімін табу жолдарына қарай ойыстырсаңыз?

– Қазіргі кезде облыста шешуді талап ететін 6 экологиялық проблема бар. Оның үшеуі республикалық деңгейде, қалғаны жергілікті деңгейдегі мәселелер. Республикалық деңгейдегі Панфилов ауданындағы уран кен орындарының үйінділерінің адам денсаулығы мен қоршаған ортаға кері әсерін жою, Текелі қаласындағы бұрынғы қорғасын-мырыш комбинатының қалдық сақтауышын қалпына келтіру және Сорбұлақ ағынды кәріз су жинағышының проблемалары. Жергілікті деңгейдегі Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылының, Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылының, Қапшағай қаласы Заречное ауылының кәріз жүйелерінің апатты жағдайы, Еңбекшіқазақ және Панфилов аудандарындағы гидрогеологиялық өздігінен ағып жатқан су ұңғымаларын консервациялау, жабу және аймақтағы экологиялық проблемалар ішіндегі ең өзектісі – тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту.

Аталған экологиялық проблемалар 2015 жылдың қазан айында біздің департаменттің бастамасымен ұйымдастырылып, облыс әкімі Амандық Баталовтың басшылығымен өткен «Алматы облысының экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары» атты кеңейтілген жиында қаралды. Осы отырыстың шешімімен «Алматы облысының экологиялық проблемаларын шешудің 2016 – 2020 жылдарға іс-шара жоспары» әзірленіп, бекітілді. Іс-шараны орындау мерзімдері көрсетіліп тиісті аудан, қала әкімдері, салаға жауапты облыстық басқармалар мен департаменттеріне тапсырмалар жүктелді.

– Аталған мәселелердің түйінін тарқатуда салғырттық танытып, кемшіліктерге жол беретіндер бар ма?

– Атқарылған жұмыстармен қатар экологиялық проблемаларды шешуде кемшіліктерге жол берілетіні рас. Шешімін таппай тұрған негізгі мәселелердің ең ірісі — облыстың тұрмыстық қатты қалдықтар проблемасы. Бұл мәселе бойынша «Алматы облысының қалдықтарын басқарудың аймақтық жүйесі» жобасына жергілікті бюджет есебінен техникалық-экономикалық негіздеме жасалғанына қарамастан бүгінге дейін қалдықтарды басқару мәселесі бір жүйеге келтірілмегенін айта кеткен жөн. Осы мәселеде облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының, «Алатау Тазалық Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан салғырттық пен жайбасарлық байқалуда. Сондай-ақ, Еңбекшіқазақ және Панфилов аудандарындағы гидрогеологиялық өздігінен ағып жатқан су ұңғымаларын консервациялау және жабу мәселесінде меншік иесін анықтауда аудан басшылары салдыр-салақтыққа жол беруде. Ескелді ауданы әкімдігі мен салаға жауапты мамандардың салғырттығынан кәріз-тазалау стансысы құрылысына жер учаскесін белгіленген жер әрекеттегі нормативтерге сәйкес бөлінбей, құрылысы кейінге шегерілген.

Аталған экологиялық проблемалар енгізілген «Алматы облысының экологиялық проблемасын шешудің 2016-2020 жылдаға арналған іс-шара жоспары» тиісті мемлекеттік мекемелер және қала, аудан әкімдері тарапынан толық шешімін таппайтын болса, аймақтағы экологиялық жағдайдың тұрақтанып, жақсаруына кері әсер ететінін білген абзал.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан — Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026
Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

25.04.2026
Ақынның қаршығасы

Ақынның қаршығасы

25.04.2026
Жетісу тарихын сөйлеткен

Жетісу тарихын сөйлеткен

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.