Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ӨМІРІ СЫРЛЫ, ЖОЛЫ НҰРЛЫ АНА

14 тамыз 2019
РУХАНИЯТ
ӨМІРІ СЫРЛЫ, ЖОЛЫ НҰРЛЫ АНА
WhatsAppTelegramFacebook

Қарасай ауданының Ораз Жандосов ауылында тұрған ардақты ана, ел-жұртына еңбегі сіңген ұстаз Нұрбүбі Жұмағұлқызы Медеуова жүз жылға жуық ғұмыр кешкендіктен «Ғасыр Ана» атанып кеткен еді. Бұл шыңға аз ғана уақыт жетпеді. Амал нешік? Аты аңызға айналған асыл ана өзінің 100 жылдығын көре алмады. Бірақ құдай қосқан қосағы, өзі айтқандай «қазақтың  марқасқа азаматы, ай маңдайлы, нұр сипатты» марқұм Өміржан Медеу- ұлының туғанына 100 жыл толуын 10 баласы мен ұрпақтары биыл атамекенінде ұлан-асыр ас беріп, әке туралы естелік кітап шығарып, халыққа ерлігі мен тағылымын насихаттағанына куә болды.

Оның жары Нұрбүбі әже тойдың төрінен ғана емес, өмірдің өрінен орын алғанын әуелі құдайдың, содан соң өзі пір тұтқан отағасы Өміржанның арқасы деп ойлаған екен. Сағынышқа айналған рухы жұдырықтай жүрегін сыздатты ма, арада біраз уақыт өткенде, шілде айының 12-жұлдызында өзі де сол тылсым әлемге аттанды. Ажал айқайлап келмейді десек те, Нұр ана тағы да ел-жұртын таңғалтты. Бір күн ғана  жатып, ауырмай-сыздамай, 96 жасында мәңгілік ұйқыға кетті. Алла өзінің сүйікті пендесіне аңсат өлімді бұйыртыпты.
Нұрбүбі Жұмағұлқызы – ерекше тағдырлы адам еді. Аяулы ананың өмірінде ерлікке пара-пар ғажайып оқиға көп. Соған арқау болған «Нұрлы дүние – сырлы дүние» атты кітабы 85 жасында баспадан шығып, көпшілікке үлгі-өнеге боларлық құнды дүниеге айналды.
Қазақ халқының басына түскен қиындық Медеуовтер әулетін де айналып өткен жоқ. Нұр апаның балалық, жастық шағы ұжымдастыру, аштық және репрессия, Ұлы Отан соғысымен ұштасты. Мұндай қиын кезде аман қалудың өзі бақыт саналған. Сондықтан Нұрбүбі Жұмағұлқызы тірі болып, өмір сүруді, дүниеге ұрпақ әкеліп, оларды аман өсіруді, заман талабына сай тәрбиелеуді, еңбек етуді бақыт санаған. Өмірінің соңына дейін Тәңірге сыйынып, еліне де, ұрпақтарына да, халқына да амандық-тілек жолдап отырған. Ешқашан ешкімге қиянат жасамаған. Өмірде оның бар арманы балалары арқылы жүзеге асқан. Сондықтан мен Нұр ананы Алланың мейіріне бөленген жан деп санадым. Жас кезінде бір қария Төле би бабамыздың батасын берген екен. Сол батадағы тілек түгел жүзеге асыпты. Керемет деген осы!
1924 жылы қаңтар айында таң алдында туғандықтан әкесі Жұмағұл «35 жаста туған тұңғышым нұрдан жаратылды деп далаға шығып, тәңірден оған ұзақ ғұмыр, баянды бақыт бер, үбірлі-шүбірлі ет» деп  сұраған екен. Сол тілегі қабыл болып, ол 1942 жылы Ұлы Отан соғысынан 6 айлық демалысқа келген Өміржан Медеуұлына тұрмысқа шығады. Содан кейін ол қан майданға қайта аттанып, елге ауыр жараланып, 1943 жылы көктемде біржола оралады. Міне, бақыттың бастауы! Алланың шапағаты!
 Қайсар ана 19 бен 34 жас арасында он перзент өмірге әкеліп, атасы Медеу мен енесі Ділданың арқасында бірде-бір рет декреттік демалыс алмапты. Отағасы Өміржан жалғыз болғандықтан ата-енесі «Құдайдың берген баласын туа бер. Біз көмектесеміз» деген тілектерін орындаған. Тіпті тоғызыншы перзентіне  Қыдыркелдіге  аяғы ауырлағанда дәрігер тума, өміріңе қатер төнеді деп қорқытады. Сонда өз өмірін құрбандыққа шалмақ болған Нұр ана кенже ұлын, одан соң тағы оныншы баласын Мейрамгүлді туады. Міне, жанкештілік! Сәбиге өмір сыйлауды ұлы мақсатқа айналдырған  ол  «Батыр ана» атағын алған. 
Сонымен қатар ұстаздық міндетті 34 жыл атқарып, мыңдаған шәкірт тәрбиелегені үшін «Қазақстан білім беру саласының үздігі», «Еңбек ардагері» атанды. Ол өз балаларымен мақтана алатын өнегелі ана болды. Алты ұлы – Аманкелді, Есенкелді, Үсенкелді, Ырыскелді, Дәулеткелді, Қыдыркелді, төрт қызы – Гауһар, Ханымбүбі, Гүлнар, Мейрамгүлдер жоғары білімді, өз заманында армандарына жеткен, көбі лауазымды қызметтер атқарған танымал тұлғалар. Сондықтан тумысынан жалғыз Өміржан әке үміті ақталды да, әже өмірі бақыт құшағында өтті. Еліміздің Тәуелсіздік алғанын көзімен көрді. Қасиетті батагөй ана атанды. Қара шаңырақ иесі Қыдыркелді мен Раяның ерекше күтіміне бөленді. Балаларының, немерелерінің, шөберелерінің зор сүйіспеншілігін көрді.  Медеуовтер әулетінің ұрпағы бір қауым ел болып, адамзат көшімен бірге болашаққа беттеп барады. 
Таңертең де, кешке де Алласына сыйынып, елі мен ұрпағына баянды бақыт тілеген Нұрбүбі Медеуова тәрбиелі, тәртіпті балалар тәрбиелеп, олардың жетістігінен қуат алды. Кеңес тұсында Өміржан отағасы жауапты қызмет атқарып жүргенде он балалы отбасы қос қарияларымен 14 адам шағын ғана үш-төрт бөлмелі үйде тұрған.  Аспаған да таспаған. Елмен бірге қиындықты жеңіп, көппен бірге қуанып, аналық мейірім-шуағын молынан шаша білді. Адам деген атқа шаң жұқтырмай, періште пейілді болып, ұлттық салт-дәстүрді берік ұстанды. Атамекенін де,  қара шаңырағын да кие тұтты. Кенже ұлы сәулетті үй салса да, он баласы туған сол қарапайым үйі шағын саялы бақ ортасында мұражайға айналып әлі тұр. Ғасыр ана қазақ халқының демографиялық өсіміне өз үлесін қосып, адами борышын өтеп, аңыз адамға айналып, артына жарқын із қалдырды. 
Өмірі сырлы, жолы нұрлы қайсар ана Нұрбүбі Медеуованың есімі ұрпағымен мәңгі жасай бермек. «Атадан – өсиет, анадан – қасиет» көріп өскен үрім-бұтағы өнегелі жолды жалғастыруда. Бүгінде Медеуовтер отбасынан тараған әрбір ұл-қыздың еліне елеулі болып, халқына қызмет етіп жатуы осы қасиеттің арқасы. Біз Өміржан атаның өміршең қағидасын, Нұрбүбі ананың нұрлы жолын жалғаған ұрпағының осы биіктен көріне береріне кәміл сенеміз.

Мәкен ӨСЕРБАЕВА, 
Қазақстанның Құрметті журналисі

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.