Талдықорған: +1°C
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

НАРЫНҚОЛДА «ҚЫТАЙҒА ҚОШ КЕЛІПСІЗ!» ДЕП ҚАРСЫ АЛАДЫ

30.07.2019
ҰЛТ ҰЯТЫ
НАРЫНҚОЛДА "ҚЫТАЙҒА ҚОШ КЕЛІПСІЗ!" ДЕП ҚАРСЫ АЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Он күн ауылда демалып қайттық. Құдайға шүкір, елдің еңсесі көтерілген. Әжептәуір оң өзгерістер байқалады. Жақсылықты жырлар азамат аз емес. Сондықтан да біз сол ескі әдетімізше бірді-екілі олқылықты айтсақ, айып ете қоймассыздар.

Аудан бөлінгелі жыл жарым уақыт өтті. Бөлініп шыққан Кеген ауданынан жаңа ауданның халық саны екі есеге көп. Сөйте тұра ауданымыз әлі интернетпен қамтылмай отыр. Интернетің не, жарық өшсе, «билаин» мен «активтің» өзі істен шығып, байланыссыз қалады екенсіз.

ХХІ ғасыр. Аудан орталығы Нарынқолда жарты тәулік жарық болмай, ел сабылып жүргенін көрдім. Одан бір күн бұрын бір жарым сөтке біздің ауылда да жарық болмады. Дәп бір тоқсаныншы жылдарға кіріп кеткендей болдым.

Сол жарық сөнген күні Жолан ағаға (Райымбек ауданының әкімі) жолығуға аудандық әкімшілікке соқтым. Ағамыз денсаулығына байланысты емделіп жатыр екен. Өзім танитын әкім орынбасарлары да орнында жоқ. Мемқызметкерлер жарық жоқтығынан ба, әйтеуір, босып кетіпті.

Жұмыстарым болып аудандық ауруханаға бардым. Онда да қарақұрым халық. Әр ауылдан келген жұртшылық жарықтың жанғанын зарыға күтіп жүрді. Басқаны былай қойып, аудан орталығында түнгі төрттен күндізгі бір жарымға дейін жарықтың болмауы қаншама адамның өміріне қауіп төндіретінін ешкім ойламай ма? Қапелімде бір адам соқырішек болып, онысы жарылып кетсе, оған жарық жоқ деп операция жасалмай ма? Ойлаудың өзі қорқынышты.

Хош! Енді интернетке келейік. Интернет жоқтықтан Нарынқолға кіре сала менің «теле-2-ім» «Қытайға қош келіпсіз» деп қарсы алады. Телефондағы сағатым әп-сәтте Бейжің уақытына ілгерілеп, оза қояды. Бабаларым жүрген тұмса табиғатқа суретке түскен сайын «суретке түскен жерің Қытай» деп тағы жүректі ауыртады. Ол аз болғандай Қытайдың байланысына кіріп кетіп, қалтадағы бар қаржыңнан және айрыласың. Өтірікшінің куәсі қасында. Осы жолы қазақтың «нән ақыны» Тоқтарәлі біраз тиынынан қағылды.

Мұның бәрі идеологиялық тұрғыда біздің елдің қандай әлсіз мемлекет екенінің көрінісі.

Бүкіл Алматы облысына жеткен интернет Нарынқолға келгенде неге кенжелеп қалды? Баяғы қиын заманның өзінде Ақкердің шыңына теле-мұнара орнатып, бүкіл аудан жұртшылығына теледидар көрсеткен Әшімбаевтің ерлігін қайталайтын бір ұл тумағаны ма?

Туған күн қарсаңында той тойлауға құмар Нарынқол сол тойдың шығынына бүкіл ауданды интернетпен қамтуына болмас па еді?

Әрине, осы постың астына «2020 жылғы жоспар бойынша ауданға интернет келеді» деген секілді пікірлер жазылар. Сол себепті оған бірден жауап қатайық. «Нарынқол бұрын шалғайдағы бір ауыл болатын. Ауылдың интернетпен қамтылмауы соншалық үлкен проблема емес. Ал қазір аудан орталығы. Бүкіл Үкімет электронды жүйеге көшіп жатқанда ауданның байланыс жүйесі кенжелеп жатуы, соның салдарынан митинг (ҰБТ кезі) болып кете жаздауы (мазақы) атқа мінген әкімдерді түсінен шошытып оятар кез жеткен жоқ па? Аудандық, ауылдық мекемелерде интернет бар. Бірақ, мемлекеттік мекемеде бар байланыс қара халықта неге жоқ?

Мұны бір мәрте сұрау бізге парыз. Амандық БАТАЛОВ ағамыз (Алматы облысының әкімі) осы ауданның еңсесі тік болуы үшін тер төгіп жүр. Сол төгілген терді ақтау үшін де Нарынқолға интернет тезірек жетуі керек емес пе, Ғалымұрат Жүкел (Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы) бауырым?!

Он күн бойы түскен әр рәсімдегі «сіз бұл суретке Қытайда түстіңіз» деген жүрекке шаншу болып қадалған сөз үшін бұл жерді интернет әлемінде қазақтыкі ету үшін аз сөз шығындадық.

Мен енді Нарынқолдан шыққаннан кейін «Ыстық ұяңызға оралуыңызбен» деген СМС-ті оқығым келмейді. «Айшылық алыс жерлерден, Жылдам хабар алғызған» заманның ғажайыбы менің ауылымды һәм ауданымды айналып өтпеуі тиіс. Сондықтан да игі мақсатпен айтқан бұл сөзді дабырайтып, ештеңемен хабары жоқ әкейді мазалап, «балаң өстіп жатыр» деп «өтініш» айтуды әкім-қаралар қысқартса екен.

Менің ыстық ұям — Нарынқол.

Ол — Нарынқол, Шыңжаң емес. Қазақ жерінің бір бөлшегі.

Әзірге осы. Дәл осындай он шақты проблема бар. Қажет деп білсем, алда оларды да айта жатармын.

Қанат ӘБІЛҚАЙЫР

Райымбек ауданы

«Facebook» парақшасынан алынды

Қатысты жаңалықтар

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

03.02.2026
Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

03.02.2026
АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

03.02.2026
ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

03.02.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

03.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.