Талдықорған: +17°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ КҮШІ: КАЛИНИН ҚҰЛАТЫЛДЫ

28 маусым 2019
РУХАНИЯТ
ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ КҮШІ: КАЛИНИН ҚҰЛАТЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талай жылдан бері талғарлық тұрғындар мен ұлт жанашырларының жанына шымбайдай батып келген Калинин ескерткіші «тұғырдан» тайдырылды.

Кеңестік дәуірде қанқұйлы саясат серкелерінің бірі болған М.Калининнің Тұздыбастау ауылындағы бір емес, екі ескерткішінің тәуелсіздік алғанымызға отыз жылға таяса да орнынан міз бақпай тұрғандығы туралы газетіміздің сәуір айындағы санында «Есепте жоқ ескерткіштер» (сайтымызда «Бір ауылда екі Калинин: кімге үлгі?» деген атпен шықты) деген тақырыпта мәселе етіп көтергенбіз. Осы уақыт аралығында қос ескерткішті алып тастауға бірнеше қадам жасалғанмен, оң шешім таппағандығы туралы да ашық жазғанбыз. Осыдан кейін тәуелсіздігімізге көлеңке түсіріп тұрған келеңсіздік жайлы жазған сыннан ақыры қорытынды шыққанына қуандық.

Көзге шыққан сүйелдей болған екі ескерткіш ауыл әкімдігі мен республикалық «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық ұйымының бұрынғы төрағасы Бейсенғазы Нүкенов бастаған қоғам белсенділерінің қатысуымен орнынан құлатылды.

– Осы күнге жету үшін қаншама жиын өткіздік? Соның бірі, 500 адамның қатысуымен өткен 2017 жылғы келелі кеңесте Калининді алып тастап, орнына Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай ұлтымыздың жарқын  болашағы жолында құрбан болған арыстар рухына арнаған еңселі ескерткіш орнатуды ұйғарған едік. Енді сол мақсатты істің орындалуының алғашқы қадамы жүзеге асты, – дейді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Фарида Бегенбаева.

Олай болса, ұлтымыздың өскелең ұрпағы үшін тарихтан тағылым боларлық еңселі ескерткіштің бой көтерер күні де алыс емес деген үміттеміз.

Ұлбосын ИСАБЕК

Талғар ауданы

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

7 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.