Талдықорған: +13°C
$ 470.46
€ 543.10
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

БҮГІН — БАРЛЫБЕК ЗАҢ ЖАЗҒАН КҮН

13.06.2019
ТҮПСАНА
БҮГІН - БАРЛЫБЕК ЗАҢ ЖАЗҒАН КҮН
WhatsAppTelegramFacebook

Барлыбек СЫРТТАНҰЛЫ! Алаштың алдаспан азаматы. Қазан төңкерісіне дейін есім-сойы мұқым қазаққа кеңінен танылған, аты шыққан демократ, реформатор. Қазақ елінің хал-ахуалы мен прогресі жайында құнды ой білдірген публицист еді. Қантөгіспен билікке жеткен қызылдар заманында Барлыбектей қайраткердің аты да, мұрасы да, ерен еңбегі де тарих жылнамасынан сызылып, өткен уақыттың қойнауында қалып кетті.

Барлыбек Сырттанұлы туралы жазу мүлде ойымда болмаған. Рас, мен сол асыл туған топырақтың перзентімін һәм қайраткер есімін иеленген Арасан ауылындағы мектептің түлегімін. Бұлай бола тұра жазуға ұмтылмадым. Барлыбектану саласына келуімнің өзі қызық бір хикая екен. Басынан бастайын.

2016 жылы Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтті. Мерейтой аясында Қазақ география қоғамы халықаралық экспедиция ұйымдастырды. Профессор Айгүл Ісімақова бастаған ғалымдар тобымен бірге мен де Ақтоғай – Тоқырауын – Қарқаралы – Семей – Омбы – Петербор – Минск – Самара – Орынбор – Мәскеу – Алматы бағытында жүріп өттім.

Экспедиция барысында тарихи жерлерді көріп, Алаш тарихына қатысты мұралармен таныстық. Небір құнды дүниелерді таптық. Петерборға табаным тигенде, есіме Барлыбектің бұл қалада оқығаны, замандасы әрі құрдасы Әлиханмен бірге отырып, «Қазақ елінің уставы» конституциялық еңбегін жазғаны есіме түсті. Экспедиция құрамындағы сапарластарымнан Барлыбек хақында сұрасам, бірде-бірі тұщымды мәлімет айтпады. Петербордағы орыстың зиялылары да білмейді екен. Міне, осы кезде азаматтық намысым оянып, әрі-сәрі күй кешкендей болдым. Дәл сол жылы Барлыбектің де 150 жылдық мерейтойы еді. Бірақ ғылыми орта Алаш заңгерін еске алмақ түгілі, есімін де атамады. Қазақ баспасөзі де үн-түнсіз қалды.

Елге келген соң, қазақ баласы арасынан алғаш болып «шығыстану» мамандығын үздік бітірген Барлыбек туралы білетіндерімді және атамнан естіген әңгімелерді қағазға түсіріп, белгілі жазушы-журналист Дәурен Қуатқа жолдадым. Дәукең 30 тамыз күні «Барлыбекті тағы ұмыттық!» деген тақырыппен «www.abai.kz» порталына жариялады. Арада бірнеше күн өткен соң, телефон соғып: «Елдосжан! Сен Алаш тұлғаларының әдеби мұрасын қарастырып, зерттеп жүрсің. Неге Барлыбек атаңды тереңірек жазбайсың? Бұл атаң үлкен қайраткер болған деседі. Жаз!» — деп тапсырма беріп, бағыт көрсеткен-ді. Міне, осылай ағекемнің алқауымен іске кірісіп, барлыбектану, зерттеу саласына қадам бастым. 2017 жылдың 28 қаңтарынан бастап қайсар азаматтың өмір жолына, қоғамдық-саяси қызметіне, шығармашылығына ден қойып, өзіме жоспар құрып, жүйелі іске кірістім.

Енді ойлап қарасам, сол экспедиция сапарынан бері қаншама түннің кіндігін ұйқысыз кесіппіз. Барлыбектің үстінен жазылған доностарды, жандармерияның тергеу хаттамасын оқып жылап та алдық. Жетісудан шығып, Еуропа білімін иегеріп, «қараңғы қазақ көгіне» жарық сыйлауға ұмтылған боздақтың трагедиялық жағдайда өлім құшқаны, ұрпақтарының кеңес заманында «халық жауы» болып қуғын-сүргінге ұшырағаны бәрі-бәрі ауыр естелік екен. Осылай ұлы рухпен табысып, қауышып едім.

Ізденіс қамымен архивке бағыт алғанымда, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, білім меценаты Бекзат Алтынбеков, профессор Есбол Өміржанов және Барлыбек атаның ағайын-туыс, ұрпақтары қаржылай қолдап, Ташкент, Мәскеу, Петербор, Омбы қалаларына іссапарға жіберді. Нәтижесінде жеке архивіміз молайып, тұлға туралы бұрын-соңды жарияланбаған беймәлім көптеген деректерді жинастырдық. Енді осы табылған тың деректерді жүйелеп, мазмұны мен тақырыбына сай бөліп, ғылыми айналымға енгізсек, барлыбектану саласының екінші тынысы ашылып, көкжиегі кеңейе түседі.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен «Жетісу кітапханасы» сериясы негізінде, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқырман қауым назарына «Барлыбек туралы бірер сөз…» деген кітабым жол тартты. Арыстың өмірі мен қызметі туралы еңбек «Барлыбек ғұмырнамасы», «Барлыбек әлемі», «Барлыбек мұрасы», «Барлыбек әулеті», «Барлыбек тұлғасы» бөлімдерінен бас құрады.

Бұл кітапты 2017 жылғы шығармашылық ізденісімнің көрсеткіші деп түсінемін. 28 қаңтарда басталып, 13 маусымда нүктесі қойылған бұл ізденісімнің біраз бөлігі мерзімді басылымға шығып, оқырманның жылы пікіріне бөленгені бар. Бір қызығы, 13 маусым Барлыбек Сырттанұлының «Қазақ елінің уставы» еңбегін жазған тарихи күн еді.

Барлыбектің ғұмырнамасына арналған кітап сізге жол тартты. Қане, қабыл алыңыз, қадірлі жерлес, оқырман қауым!

Елдос ТОҚТАРБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Аманатқа адал ұл

Аманатқа адал ұл

03.04.2026
Кітаппен кемелденген сана

Кітаппен кемелденген сана

03.04.2026
Месси мен Роналду бір кадрда: LEGO жарнамасы желіні жарды

Месси мен Роналду бір кадрда: LEGO жарнамасы желіні жарды

03.04.2026
Министр. Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады

Министр. Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады

03.04.2026
Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумына қатысты

Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумына қатысты

03.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.